
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
12. Иммунологиялық толеранттылық
Толеранттылық немесе иммундық ареактивтілік - иммундық жауаптың болмауында. Мұндай жағдай алдын ала кірген антигеннің әсерінен болады.
Иммунологиялық толеранттылық - организм кейбір антигенге жауап бермейді, ал басқалары үшін иммундық жауап сақталған.
Толеранттылықтың мынандай ерекшеліктері бар:
1. Бір антигенге ғана жауап бермеуі, бір эпитопқа жауап жоқ, басқа антигендерге жауап беру сақталған.
2. Толеранттылық - “еті үйренгендік” емес, тек не антигенге, не токсинге жауап бермеу. Ал токсиннің улану әсерінен қорғамайды.
3. Толеранттылықтың пайда болу (даму) уақыты бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Ол антиген түскеннен толеранттылық пайда болғанға дейінгі уақыт.
4. Иммунологиялық толеранттылық антиген дозасына байланысты “шеткілік бейтараптау” феноменін береді. Қалыпты функциялы лимфоциттер антигендерді антиденелермен байланыстырса, шеткі қанда антигендер болмайды.
5. Толеранттылық пассивті түрде беріледі.
Толеранттылықтың түрлері:
1. Табиғи толеранттылық - эмбриогенезден бастап организм өз жасушаларын “өзімдікі” деп таниды және төзімді болады.
2. Жүре пайда болған толеранттылық бөтен антигенге қарсы спецификалық реакция болмауы. Бұл иммунитет жүйесі әлі жетілмеген организмде кездеседі:
радиоактивті сәулеленген жағдайда;
антигенмен бірге иммунды депрессант берілсе;
иммундық толеранттылықтың қайтымсыз (толық, біржола) болуы, жасаушалық клондар организмнен түгел шығып кеткенде немесе түгелдей әсерсізденуге ұшырағанда;
қайтымды түрі (уақытша) - орнына келетін толеранттылық. Лимфоциттердің барлық рецепторлары антигендермен толық “блокадаға” ұшырағанда, не антиген - антидене комплексімен жабылғанда,
толеранттылықтың толық дамыған түрінде антиденелер түзілмейді, қанда табылмайды.
толеранттылықтық толық емес, жартылай түрде болса, иммундық жауап нашар болады, бірақ кейбір антигенге лимфоциттердің иммундық жауап беруі мүмкін.
ыдыранды толеранттылық болғанда, кейбір антигенге иммундық жауап бар, ал кейбіріне жоқ (антиденелер жоқ немесе баяу жүретін аллергия дамымайды немесе цитотоксикалық әсері болмайды).
Мысалы, Т- жасушалардың ареактивтілігі болып, В- жасушалардың функциясы сақталса, аутоиммундық процесс дамиды.
Толеранттылықтың пайда болу жағдайлары:
1. Антигендердің организмде көп уақыт сақталуы және олардың организмнен шығуы баяу болғанда (кедергі болса).
2. Антигендердің саны көп болса, соғұрлым толеранттылық жоғары және көпке созылады.
3. Антигендердің организмге кіру жолдары толеранттылыққа әсер етеді. Антигеннің асқазан арқылы кіруі толеранттылыққа жақсы, өйткені антигендер бауырда сүзіліп, фагоцитозға ұшырап, организмнен шығып қалады да, иммундық жауап дамымайды.
4. Антигеннің молекулалық салмағы аз болса, оның спецификалық қасиеті төмендеп, толеранттылық көтеріледі.
5. Организмнің физиологиялық жағдайлары. Нәрестелер организмінде иммундық қорғаныс функциялары жетіспегендіктен толеранттық тез пайда болады; хелпер мен макрофагтардың, тіпті В- жасушалардың жұмыстары әлі жетілмейді. Иммунизацияланған организмде толеранттылық болмайды; себебі, Т- хелперлердің популяциясы көбейеді, В- лимфоциттерде есте сақтаулық бар, аффинділігі күшті болады.
6. Бейспецификалық иммунитет тежеушілері толеранттылық дамытады:
антилимфоцитарлық сарысу құйғанда;
цитотоксикалық препараттармен емдеуде;
рентген сәулесінің әсерінен шеткі қанда, лимфа органдарында жетілмеген иммунды қабілетті жасушалар болады.
7. Табиғи супрессорлар - толеранттық дамуға итермелейді. Бұлар фенотиптігімен, шығуымен NK - жасушаларына жақын, туыстай. Оларда жетілмеген немесе регенерацияда жүрген лимфоидты тін де көп.
Толеранттылықтың қайтымдылығы. Толеранттылық тұрақты емес. Тек аллотрансплантациялы түрі тұрақты. Қайталап кірген антиген оны ұзартады. Толеранттылықтың ұзаруына әсер ететіндер: табиғи антигендер (полисахаридті антигендер) нашар метаболизм береді де толеранттылықты ұзартады.
ІІ тарау. КЛИНИКАЛЫК ИММУНОЛОГИЯ