Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.95 Mб
Скачать

Макрофаг

АПК

1–сызба, Т-лимфоцит-хелпердің 1-2 түрге (Тх1-Тх2) жетілуі.

Интерлейкин-12 хелпер-1-дің жетілуін, одан кейін оның көбеюін белсендіреді. Интерлейкин-4 хелпер-2-ге сондай әсер етеді.

Тх1 және Тх2 адам организмінің көптеген патологиясына жауапты. Мысалы: Тх1 функциясы көп тармақты бытыраңқы склерозда, инсулинтәуелді қант диабетінде, аутоиммунды тиреоидитте, Крон ауруында, аллотрансплантаттың бөлінуінде, ұрықтың үйреншікті түсіп қалуында және басқадай дамуында басым жүреді. Тх2 қалыпты жүктілікте, трансплантат толеранттылығында, идиопатикалық өкпе фиброзында, дамымалы жүйелі склерозда тез дамыған. Ол АИВ ауруында және аллергиялы патологияларда басым жүреді.

Т-хелперлерді иммундық жауабының «дирижері» дейді. Қалыпты жағдайда және иммунопатологияда иммундық жауаптың бағыты-ағымы Т-хелперлердің 1-және 2-түрінің функциясына байланысты.

4 - кесте. Хелперлердің 1– және 2-түрінің салыстырмалы сипаттары

Қасиеттері

Th1

Th2

ИЛ-2, гамма- ИНФ, альфа – ОНФ өндіреді

+

-

ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-6, ИЛ-10, ИЛ-13 өндіреді

-

+

Клеткалық иммунитет және гиперсезімталдықтың баяу түрі күшейеді

+

-

Антиденелер өнімін күшейтеді

IgG2a

IgE

ИЛ-12 әсерімен белсенеді

+

-

ИЛ-4 әсерімен белсенеді

-

+

Фагоцитоздың күшеюі

+

-

Табиғи клеткалық цитотоксикалықтың күшеюі

+

-

Аутоиммунопатологияның дамуы

+

-

CCR-рецепторының экспрессиясы

+

-

Эозинофилдердің және мес жасушаларының белсенуі

-

+

Атопиялық аурулардың дамуы: астма, ринит, дерматит

-

+

Т-хелпер-2 супрессорлық әсері бар ИЛ-10–ды өндіріп иммундық жауапты реттеуге қатысады.

Т-лимфоцит, СД8+киллер – супрессор деп аталады. Егерде үстіңгі фенотипі СД+СД28+ болса, олар киллерлер, ал фенотипі СД+СД28 болса, олар - супрессорлар (М.Е. North және, 1998) болып табылады.

СД8+ негізгі функциясы – цитотоксикалық. Олар арнайы жасушалық иммунитет реакциясына, аллотрансплантатты алшақтауға, аутоиммунитет реакциясына қатысады, ісік және ішінде вирусы бар жасушаларды жояды.

Сөйтіп, Т-киллерлер нысана заттарды (клеткаларды) жойып, организмнің ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Тыныштық жағдайда жетілген СД8+ жасушалары қанда және екіншілік лимфатикалық органдарда тыныш, ешнәрсеге қатысы жоқ «өмір» өткізеді. Жетілген Т-киллерге айналу үшін бірнеше жағдай керек. Біріншіден, бөгде антигенді тану; екіншіден, оларға қарсы әсер ететін арнайы Т-киллерлердің клонын құру үшін уақыт керек; СД8+жасушаларының үстінде антиген танитын рецепторлары бар. СД8+ (киллер) бүтін антигенді танымайды, антиген ұсынатын жасушаның ұсынған ГКГ (гистосәйкестіктің басты комплексі) молекуласымен қосылған антигеннің пептидін таниды.

Бұрын айтқандай, СД4+жасушалары (Т-лимфоциттер-хелперлер) пептидті антиген ұсынатын жасушалардың үстінде гистосәйкестіктің ІІ-антиген молекуласымен қосылған болса ғана таныйды. Қалыпты жағдайда антиген ұсынатын жасушалар көп емес: антигенді жұтып, ферменттер мен белоктарға бөлшектеп, кесілген-пептидтерге гистосәйкестіктің ІІ-антиген молекуласын қосып, жасуша үстіне шығарады. Осындай антиген ұсынатын жасушалар – моноциттер – макрофагтар, В-лимфоциттер және дендриттік жасушалар. Тек осы жағдайда ғана СД4+жасушасы (хелпер) экзогендік антигенді (пептидті) танып, белсеніп, көбейіп, хелпер – 1 және хелпер – 2 жасушаларына айналады.

Т-лимфоцит – киллер (СД8+) пептиді гистосәйкестік молекуласының 1-класының құрамында белсенділік танытады. Гистосәйкестіктің 1-кластық молекуласы организмнің барлық ядролы жасушаларында бар. Осыған байланысты организмдегі гемостаздық жасуша ішінде болатын өзгерістері, гистосәйкестіктің 1-кластық молекуласымен қосылған эндогендік пептид жасуша мембранасында көрінеді. Жасушаның гомеостазының өзгеруі, жасушаны организмге бөтен етеді (мысалы, мутация немесе ішінде вирусы бар жасушалар). СД8+киллерлер оларды пептид арқылы танып, белсеніп, өзгерген жасушаларды ыдыратады. Сондықтан, СД8+киллер жасушалары гистосәйкестіктің 1-кластық молекуласымен қосып, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын бақылайды. Жасуша ішінде орналасқан паразиттер мен вирустардың антигендері гистосәйкестіктің 1 - молекуласы қосылған экзогенді пептидтермен ұсынылады.

Цитотоксикалық СД8+жасушаларының жетілуіне керекті жағдай: бөтен пептидті танығаннан кейін СД8+жасушаларының бөлініп, көбеюі үшін, СД4+(хелперден) қосымша хабар алады. Хелпер сигналды ИЛ-2 өндіруі арқылы береді. Осының нәтижесінде клеткалық иммундық жауап беретін, жетімді потенциалы бар, бір топ клеткалар пайда болады. СД8+жасушаларында осы хабарды қабылдау үшін ИЛ-2 рецепторы бар.

Мысалы, ішінде вирусы бар жасушаның цитотоксикалық реакциямен қирап, бүлінуін көрсетейік. Вирустар зақымданған мүшенің жасушаларына кіреді, сонымен бірге оларды макрофагтар ұстап жұтады да, кейін оны бөлшектеп, гистосәйкестіктің ІІ-класты молекуласымен пептидті СД4+хелперге ұсынады. Макрофаг сол мезгілде ИЛ-1–ді өндіріп және иммундық жауабына интерлейкин жүйесі қосылады. Интерлейкин-1 арқылы хабар алған, антигенді таныған (пептид+ГКГІІ-класс молекуласы) СД4+хелпер ИЛ-2 өндіріп, СД8+ге хабар береді. Бұған дейін СД8+вирусы бар жасуша пептидпен гистосәйкестіктің І-класс молекуласымен қосылған (антигенді) пептидті таниды. ИЛ-2 хабары СД8+цитотоксикалық жасушаларын көбейтіп, вирусқа қарсы арнайы цитотоксикалық киллер жасушаларын да көбейтеді. Ол осы цитотоксикалық киллерлер вирусы бар жасушаларды ыдыратады. Жасушалық иммундық жауаппен бірге, гуморальдық иммундық жауапты дамып, вирусқа арнайы антиденелер пайда болады.

Цитолиздік процестің этаптары:

  1. әсерленген (киллер) және нысана (вирусы бар клетка) жасушамен арнайы жанасулық орнығады;

  2. екінші этапта киллер (өлтіретін соққы) нысана жасушаға ыдырататын (лизис-еритін) әсер етеді;

  3. нысана жасушасы ыдырайды;

  4. киллер бұдан кейін нысанадан бөлініп шығып, тағы да бірнеше цитолизистік реакция жүргізеді.

Бұл процесті «бағдарламалы лизис» деп те атайды. Өлі вирустық вакциналар СД8+лимфоциттерді белсендірмейді. Өйткені, олар жасуша ішіне кіре алмайды да, СД8+жасушалары танылмайды.

Белсенген Т-жасушалар кейде цитотоксикалық әсер бермеуі мүмкін. Эпитоптық (пептидтің) Т-лимфоциттердің антиген танитын рецептормен байланысы, Т-жасушаларды түгел немесе жарым-жартылай белсендіреді, не белсендірмейді.

Трансдукция хабары жасушаға кірді ме, болмаса жолда тоқтап қалды ма, бұл пептидтің ынталандыру қабілетіне байланысты.

Т-лимфоциттердің және антиген ұсынатын жасушалардың иммундық жауабындағы қарым-қатынасы тұрақты болу үшін, қосалқы сигналдардың (Ко-стимулирующие сигналы) маңызы зор. Ол – Т-лимфоциттеріндегі LFA-1 белогының антиген ұсынатын жасушаның сондай (ICAM-1) белогымен байланысуы. Т-лимфоциттердің үстіндегі СД28 белогы антиген ұсынатын жасушалардың СД80 белогымен байланысады. Т-лимфоциттердің толық белсенуіне СД28 бен СД80-нің байланысы өте қажет. Егерде бұл байланыс болмаса, Т-лимфоциттер анергияға немесе апоптозға шалдығады. Жасушалар деңгейіндегі иммундық жауабын реттеуге қатысатын басқа да молекулалардың Ко-белсендіруі белгілі. (Мысалы, СД40-СД40 лиганд, СД86-СД154 және басқалар).