
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
Т- лимфоциттері айырша безде жетіліп шыққанда үстерінде Т-жасушалық антиген танитын рецепторымен, (ТАГРР) антигенмен кездесуге дайын болып, шеткі лимфа органдарына орналасады. Бұл рецептор екі полипептидтік тізбек рецептордан тұратын – гетеродимер, жасуша сыртына вариабельды және тұрақты екі домен түрінде жыйырылып орналасқан. Т-лимфоциттерінің көбінің рецепторлары альфа- және бета-тізбектерінен тұрады. Сондықтан оларды кейде альфа-бета-Т-лимфоциттері дейді.
Вариабельді домен организмге түскен қандай антиген болса да, тануды өзінің сансыз көп рецепторларымен қамтамасыз етеді. Т-лимфоциттің әрбір рецепторы тек қана бір антигенді таниды. Т-лимфоцит антигенді танығаннан кейін иммундық жауап толық жүруі үшін көбейіп (бөлінумен), өзінің алғашқы арнайылығын сақтаған бір топ Т-лимфоциттері құрылады. Барлық Т-лимфоциттерде ТАГРР нековаленті бес трансмембраналық белоктармен (гамма, дельта, эпсилон, дзета, эта) байланысып, бір комплекс құрады. Осы белоктарды жетілген бір молекуланы – СДЗ дейді. СДЗ молекуласының негізгі функциясы антигентанитын альфа-бета тізбегінен жасуша ішіне сигнал беріп, жасушаны белсендіріп, көбейтеді. Сөйтіп, ТАГРР-альфа-бета тізбегі және СДЗ молекуласынан тұратын комплекс жасалынады. Бұл – комплекс функциясымен біріккен, бір тұтас құрылыс.
Т-лимфоциттердің антиген тануы ерекше. Антигендер (бактериялар, вирус, басқа клеткалар) немесе аутологиялық құрылыстар (аутоантиген) әуелі макрофагда және басқа жасушаларда ферментпен қортылып (процессинг), олардың (белок, пептид) антиген бөлшегі, амин қышқылдарының қалдығы, бөтен антигеннің эпитобы гистосәйкестіктің басты комплексінің антигенімен бірге макрофаг үстіне шығарылады да, Т-лимфоциттеріне ұсынылады.
Т-лимфоциттер – ұзақ (15-20 жыл) өмір сүретін, қанайналымында жай қозғалатын, жаңа түрлерінің өнімі баяу жүретін лимфоциттер. Сондықтан Т-жасушалық иммунды тапшылықтың қалпына келуі де тез болмайды. Шеткі қандағы барлық лимфоциттердің 55-75 пайызы Т-лимофциттер, көк бауырда – 60 пайыз, лимфа түйіндерінде – 70 пайыз. Т-лимофциттердің үстінде ТАГРР-дан басқа:
1) қойдың эритроциттеріне рецептор бар, оны СД2 дейді;
2) Өсімдіктік митогендерге рецептор: фитогемагглютин (бұршақтан алынған белок) және конканавалин А;
3) интерлейкиндерге рецептор (ИЛ-1, ИЛ-2);
4) гистосәйкестіктің басты комплексінің 1 класс антиген (трансплантация антигені) рецепторы.
Т-лимфоциттері үстіндегі гликопротеинннің айырмашылығымен СД4+ және СД8+ бөлінеді. Тимуста жүргенде бұл жасушалар бір-бірінен айырылмайды, өйткені бір жасушада екі бірдей белок болады.
СД4+лимфоциттерінің аты – Т-лимфоциттер – хелперлер, ынталандырушылар, олардың шеткі қандағы саны жалпы лимфоциттердің 55-60 пайызын құрайды.
СД8+лимфоциттерінің аты – Т-лимфоциттер – супрессорлар, олардың шеткі қандағы саны 20-30 пайыз.
Т-лимфоциттердің осы екі субпопуляциясы иммуниет реттеуші жасушаларға жатады. Олардың организмдегі өзара қатынасына байланысты иммундық жауап жүреді. Осы қарым-қатынас әр адамда әртүрлі, генетикалық ерекшелікке байланысты деген ұғым бар. Орта есеппен осы қатынас қалыпты жағдайда 1,5 – 3,5.
СД4 + лимфоциттері хелперлік функциясын атқарады.
В – лимфоциттердің антидене өндіретін плазмалық жасушаларға айналуына көмектеседі.
СД8 + лимфоциттерге жетілген цитотоксикалық жасушаларға айналуына индукция (көмек) береді.
Хелпердің сигналымен макрофаг гиперсезімталдығы баяу жүретін реакциясын жүргізеді.
Т – лимфоциттер – хелперлер осы функцияларын екі субпопуляцияға (хелпер – 1 және хелпер - 2) бөлініп, әртүрлі цитокиндерді (интерлейкиндерді) өндірумен атқарады.
Т – лимфоциттер – хелперлер 1 – түрі (Тх1) – гамма - интерферон, ИЛ – 2 және альфа –ісік некроз факторын (ОНФ) өндіреді. Бұл цитокиндер макрофагтарды, ЕК – жасушаларды, Т – лимфоцит-киллерлердің цитотоксикалық жетілуін белсендіріп, жасушалық иммундық жауаптың дамуын (жасушаішіндегі жұқпаға да) қамтамасыз етеді.
Т-лимфоциттер – хелперлер – 2-түрі (Тх2), гуморальдық иммундық жауабының дамуына міндетті, оның ішінде IgE өндіретін ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-10, ИЛ-13 интерлейкиндерді шығарады. Интерлейкин – 10 – хелпер – 1-дің функциясын тежейді, яғни жасушалық иммунитетті басады.
Белсенген Тх2-нің мембранасында – иммуноглобулиндер әулетінің тежегіш молекуласы (LAG-3) пайда болады.
Т-хелпер – 1 және 2-түрінің арасында байланысты сақтауға ИЛ – 12 қатысады. Макрофагтар ИЛ-12 өндіреді. ИЛ-12 Т-хелпер-1-ді көбейтіп, жасушалық иммунитетті көтереді. Басқа өте маңызды цитокин – гамма-интерферон Т-хелпер-2-нің функциясын басады.
Сөйтіп, хелпер-1 мен хелпер-2 өздерінің цитокин өнімдерімен бірін-бірі тежеп иммун жүйесінің тепе-теңдігін сақтайды.
Мысалы: ТХО антиген ұсынатын макрофагтан ИЛ-12 сигналын алып, Тх1 шығарады. ТХО екінші сигналды базаофильден ИЛ-4 арқылы алып, Тх2 шығарады. Әрі қарай Тх1 шығаратын цитокиндері:
а) альфа ОНФ (ісік некроз факторы), гамма – ИФН (интерферонды) макрофагтар мен ЕК–ді (табиғи киллер) белсендіреді және гамма ИФН – хелпер-2-нің функциясын басады.
б) ИЛ-2 (интерлейкин -2) Т-лимфоцитті (СД8+) цитотоксикалық (арнайы киллер) жасушаға айналдырады.
Т-лимфоцит-хелпер-2 интерлейкин-4-5-13 өндіріп В-лимфоцитті белсендіріп, плазмалық жасушаларға айналдырады. ИЛ-10 хелпер-2-ден шығып Тх1-дің жұмысын басады, ал гамма-интерферондікі – керісінше.