Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.95 Mб
Скачать

Медицина университеті мен академиялар студенттеріне және иммунолог, аллерголог, инфекционист мамандарына арналған оқулық құрал

Қ.А. Жұманбаев, Ғ.Қ. Жұманбаева, Ә.Ө. Байдүйсенова

КЛИНИКАЛЫҚ ИММУНОЛОГИЯ

ЖӘНЕ АЛЛЕРГОЛОГИЯ

Қарағанды 2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚазММА ЖАНЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯСЫ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Қ.А. Жұманбаев, Ғ.Қ. Жұманбаева, Ә.Ө. Байдүйсенова

КЛИНИКАЛЫҚ ИММУНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АЛЛЕРГОЛОГИЯ

Оқулық құрал

Қарағанды 2008

У ДК 612.083:612.017.1

БКК 28.073 Я 7

ISBN 9965-406-33-2

Ж 88

Авторлар: Жұманбаев К.А., Жұманбаева Ғ.К., Байдүйсенова Ә.Ө.

Клиникалық иммунология және аллергология: Оқу құралы –

Қарағанды, 2008 - 259 бет.

Пікір жазғандар:

медицина ғылымдарының докторы, профессор К.Б.Садықов

медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Оспанова

медицина ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ.Асқарова

Оқулық құралда иммунитет, табиғи иммунитет, иммунитет жүйесі, иммунитетке қатысы бар жасушалардың маркерлері және функциялары, иммундық реакциялар туралы түсінік берілген, иммундық статустың қалыпты көрсеткіштері келтірілген. Цитокиндер, комплемент жүйесі, иммунологиялық толеранттылық, гистосәйкестік, сілемейлі қабық қорғанысы жөнінде мағлұмат берілген. Иммунитет тапшылығы ілкі және салдарлық деп жіктеліп, иммунитеті өзгерген инфекциялар, иммундық статусты бағалау, иммундық тәсілмен емдеу, иммундық профилактиканың қағидалары жазылған. Соңғы бөлімінде аллергияға түсінік берілген және гиперсезімталдық пен аллергоздар және олардың диагностикасы туралы, емдеу қағидалары бар. Оқулық құрал соңында тұжырым және иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі берілген.

Оқулық құрал медициналық оқу орындарының студенттеріне, иммунологтарға, инфекционистерге, терапевтерге арналған.

4310020000 ББК28.073 Я7

Ж 00(05)-03

КазММА МедЖОО ОӘС жұмыс комиссиясы баспадан шығаруға руқсат берген және бекіткен № ___ хаттама _____«___»______2008 ж.

Жұманбаев К.А.

Жұманбаева Ғ.К.

Байдүйсенова Ә.Ө. ©

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ...............................................................................................................6

Қысқартылған сөздердің тізімі ..........................................................................9

І тарау. Жалпы иммунология 11

1. Иммунология пәні, оның мақсаты мен міндеттері ....................................11

1.1. Иммунологияның даму тарихы ............................................................11

1.2. Иммунитет туралы ұғым .......................................................................14

1.3. Табиғи иммунитет жүйесі .....................................................................15

1.4. Адаптивтік арнайы иммунитет ............................................................19

2. Иммунитет жүйесі..........................................................................................21

2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі .............................................................24

3. Антигендер мен антиденелер .......................................................................30

3.1. Антигендердің түрлері, сипаттамалары ..............................................30

3.2. Антиденелер – иммуноглобулиндер ...................................................33

4. Иммунды қабілетті жасушалар ..................................................................36

5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуіштері ....................................45

6. Иммундық жауап және иммундық жасушалардың өзара

байланыстары ................................................................................................48

6.1. Иммундық жауап ....................................................................................48

6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары .................................50

6.3. Апоптоз ....................................................................................................55

6.4. В-лимфоциттер және иммундық жауап ................................................57

7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап ....................................................60

8. Комплемент жүйесі .......................................................................................61

9. Сілемейлі қабық қорғанысы .........................................................................65

10. Иммундық комплекстер .............................................................................67

11. Гистосәйкестік жүйесі ................................................................................68

12. Иммунологиялық толеранттылық .............................................................70

П тарау. Клиникалық иммунология 73

13. Иммундық тапшылықтар............................................................................73

13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар жіктемесі ..............73

13.2. Иммундық тапшылықтар ..................................................................74

13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары ................................................77

13.4. Х – хромосомамен тіркескен лимфопролиферациялық синдром .79

13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар .......................................79

13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар ...................81

13.7. Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары .....................84

14. Салдарлық иммундық тапшылықтар ........................................................87

14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтардың даму жағдайлары .........87

14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтардың жіктелуі ....................... 88

15. Иммундық тапшылықтар түрлері ..............................................................93

16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар ....................................96

16.1.АИТВ – инфекциясы ...........................................................................96

16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер ...........103

17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар .......................108

17.1. Ісіктің иммунологиясы ......................................................................... 110

18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық талшылықтар ........112

19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар .......................................113

20. Хирургиялық операциядан және жарақаттан кейінгі иммундық

бұзылыстар ...............................................................................................114

21. Фертильділіктің иммунологиясы ........................................................... 114

21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы................................................... 117

21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі...... 120

22. Аутоиммунды бұзылыстар .......................................................................126

23. Иммундық статусты бағалау ....................................................................129

23.1. Ілкі иммундық тапшылықты бағалау ...................................................136

23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау ..................................136

23.3. Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау ....................................137

23.4. Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің

тапшылығы .............................................................................................138

23.5. Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы ............................................................. 139

24. Иммундық статусты тексеру картасы .................................................... 139

25. Иммунитет бұзылыстарың емдеу............................................................ 142

25.1. Иммунитетті ширату ...................................................................... 143

25.2. Иммунитетті белсендіретін препараттардың жіктемесі .................... 145

25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары ....................................... 146

26. Цитокиндердің емдік әсерлері ................................................................ 153

27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер........................ 157

28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика162

28.1. Спецификалық (телімді) иммунодық профилактиканы жүргізудің

қағидалары ................................................................................................ 163

III тарау. Аллергология 167

29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі...........................167

29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі .............. 168

29.2. Гиперсезімталдық реакциялары .......................................................... 171

29.3. Гистамин және антигистаминдік препараттар.....................................177

30. Аллергоздардың диагностикасы ............................................................. 182

31. Аллергиялық ауруларды емдеу .............................................................. 186

ІҮ тарау. Аллергоздар 195

32. Поллиноздар ............................................................................................. 195

33. Тағамдық аллергия ................................................................................... 198

34. Микоздық аллергия .................................................................................. 202

35. Дәрілік аллергия ....................................................................................... 207

36. Жәндіктік аллергия .................................................................................. 216

37. Гельминттік аллергия .............................................................................. 218

38. Вакциналық және сарысулық аллергия...................................................219

39. Аллергиялық риниттер ............................................................................ 220

40. Құлақтың аллергиялық аурулары .......................................................... 226

41. Бронх демікпесі ........................................................................................ 227

42. Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар............................. 235

43. Тұжырым ................................................................................................... 246

44. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі.............. 251

Әдебиеттер.......................................................................................................257

Жаңа ғасырға аллергиялық аурулардың және

иммундық тапшылықты жағдайлардың

ел арасында кең таралуымен келдік.

Жасушалық иммунитеттің тапшылығымен

созылмалы және вирустық баяу инфекциялар

оппортунистік ауруларды көбейтуде.

АЛҒЫ СӨЗ

Иммунология казір өте тез дамып, көптеген жаңалықтар ашылып, биология мен медицинаның проблемаларына жаңа тұрғыдан қарауға, дұрыс түсінуге жол ашты. Иммунологияның осы жетістіктерін клиникалық медицинада қолдана білу аурулардың патогенезін теренірек зерттеп, диагностикасын және емделуін жақсартуға мүмкіндік береді. Барлық аурулардың патогенезінде иммундық бұзылыстар бар. Көптеген аурулардың патогенезінде осы бұзылыстар негізгі себебі болса, кейбіреуінде қосымша рөл атқарады. Сондықтан, клиникалық иммунология мен аллергологияның базистік оқу бағдарламасын игеру дәрігердің міндеті. Жаңа ғасырда медицинаның көптеген проблемалары иммунологияның жаңа жетістіктерін пайдалану арқылы шешілуі керек.

Жаңа ғасырда адамға сыртқы орта мен микробтар әлемі де көп өзгерістер әкеледі. Сыртқы ортаның кері әсерінен адамдардың иммунитеті кеміп, микробтар әлеміне қолайлы жағдайлар қалыптасуда. Бұрын ауру қоздыра алмайтын микробтар (стафилококк, саңырауқұлақтар, вирустар, қарапайымдар т.б.) патогендік қасиетке ие болуда. Вирустық инфекциялардың жаңа түрлері (ЖИТС, атипиялы пневмония, геморрагиялы қызбалар) аса қауіпті аурулардың қатарын көбейтуде. Вирустық-бактериялық инфекциялар дамып, оппортунистік аурулар пайда болды. Микроорганизмдер бұрынғы антибиотиктерге төзімді болып өзгерді. Шет елден келетін антибиотиктерді бірімен бірін қосып қолданатын болдық. Енді оларға да микробтардың төзімділігі дамығанда ие істейміз? Дәрілерді көптеп, ұзақ емге қолданудың нәтижесінде «дәрі аурулары» (кандидоз, дисбактериоз, агранулоцитоз, аллергоз, сепсис, иммунитеттің кемуі) кездесіп жүр. Антибиотикпен емдеу нәтижелі болу үшін, дәрі ауруларының алдын алу үшін, қандай ауру болмасын, иммунитетті реттейтін препараттарды бірге тағайындаған жөн. Жалпы емге қолданылатын дәрілердің иммунитетке қалай және қандай әсер ететінін білуіміз керек.

Ресейде академик Р.В. Петров Мәскеу 2-медицина институтында 1978 ж. алғаш иммунология кафедрасын және 1980 ж. иммунология ғылыми зерттеу институтын ашты.

Р.В. Петров пен оның шәкірттері ілкі иммунитет тапшылығы жіктелуін негіздеп, иммундық тапшылықты емдеуге айырша без препараттарын қолдануды ұсынды.

Қазақстанда, Семей медицина институтында клиникалық иммунология кафедрасын Е.С. Белозеров 1985 ж. ашты. Кеңес одағы кезінде бірінші болып «Клиническая иммунология и аллергология» оқулық құралын Е.С. Белозеров, В.С. Мошкевич, А.А. Шортанбаев (Алматы, 1992) шығарды. Ал қазақ тілінде осы күнге дейін бұл саладан оқулық жоқ. Сондықтан осы оқулық құралды негіз етіп, иммунология мен аллергология пәнін оқыту бағдарламасы бойынша студенттерге білім беруге болады. Осы оқу құралының авторлары – клиникалық иммунология мен аллергологиядан ғылыми зерттеулер жүргізген мамандар. Профессор Қ.А.Жұманбаев Қарағанды медициналық академиясында 30 жыл жұқпалы аурулар кафедрасында (16 жыл кафедра меңгерушісі), одан кейін 5 жыл клиникалық иммунология және аллергология кафедрасында қазақша дәріс оқып, сабақ берді. Медицина ғылымының докторы Ғ.Қ.Жұманбаева – жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі. Авторлардың ғылыми жұмыстары (бруцеллез, ку-риккетсиоз, тілме, токсоплазмоз, цитомегалия, хламидиоз т.б.) иммунологиялық, аллергологиялық зерттеулермен байланысты. Клиникалық медицинаға енгізген 10 ғылыми жаналық, 5 патенті бар. Бұл еңбектері созылмалы инфекцияларды емдеуге арналып, иммунитетті күшейтетін, реттейтін әдістерді, дәрілерді (вакцинотерапия, пирогенал, зимозан, спленин, левамизол, циклоферон, Т-активин, магнит, лазер т.б.) қолданумен жүргізілген.

Кітап төрт тараудан тұрады. Бірінші тарау – жалпы иммунология, екінші тарауы – клиникалық иммунология, үшінші – төртінші тараулары – аллергология және аллергоздар.

Бірінші тарау: 1) иммунология мен иммунитет туралы ұғымдарға түсініктеме беруден басталып, табиғи иммунитет және жасушалық иммунитет жүйесі сипаттамаларымен жалғасады; 2) антигендер мен антиденелер; 3) иммунды қабілетті жасушалар, олардың иммундық жауабындағы өзара байланыстары; 4) цитокиндер, хемокиндер, адгезиялық молекулалар; 5) комплемент жүйесі; 6) кілегей қабаттың қорғанысы; 7) иммундық комплекстер; 8) гистосәйкестік жүйесі; 9) иммунологиялық толеранттылық.

Клиникалық иммунология тарауына: 1) ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар, олардың жіктелуі, клиникалық түрлері кірген; 2) инфекциялық аурулардағы иммунитет тапшылығы (АИТВ және басқа инфекциялар); 3) қатерлі ісік және иммунитет тапшылықты жағдайлар; 4) заттек алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммунитет тапшылықтары; 5) көз аурулары және хирургиялық операциядан, жарақаттан кейінгі иммундық бұзылыстар; 6) аутоиммундық бұзылыстар; 7) фертильділіктің және жүктіліктің иммунологиясы; 8) иммундық статусты бағалау, тексеру картасы; 9) иммунитетті қалыптау, иммундық терапия, иммундық ширату. Иммунитет белсендіретін, тежейтін препараттар, цитостатиктер. Иммундық супрессиялық емнің жалпы қағидалары; 10) арнайы иммундық терапия және профилактика.

Аллергология тарауына: 1) аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі; 2) гиперсезімталдық; 3) аллергоздардың диагностикасы; 4) аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары; 5) поллиноздар; 6) тағамдық аллергия; 7) микоздық аллергия; 8) дәрілік аллергия; 9) жәндіктік аллергия; 10) вакциналық және сарысулық реакциялар; 11) аллергиялық риниттер; 12) бронх демікпесі; 12) тұжырым. Оқулықта 21 кесте, 15 сурет, 3 сызба бар.

Студенттерге (оқырмандарға) арнайы иммунологиялық атауларды түсіндіру үшін иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі берілген.

Оқулық медицина академияларының, институттарының студенттеріне, клиникалық ординаторларға, аспиранттарға, жалпы дәрігерлерге арналған.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ.Аскарова.

Қысқартылған сөздер тізімі

АР – агглютинация реакциясы.

АИВ, АИТВ – адам иммундық тапшылық вирусы.

АХ – ацетилхолин.

ББЗ – биологиялық белсенді заттар.

БДҰ – бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы.

ВГА – вирусты гепатит А.

ВГЕ – вирусты гепатит Е.

ВГВ – вирусты гепатит В.

ВГД – вирусты гепатит Д.

ВГG – вирусты гепатит G.

ДНҚ – дезоксирибонуклеин қышқылы.

ҚГВ – қарапайым герпес вирусы.

ЖІА – жіті ішек аурулары.

ЖИТС – жүре пайда болған иммунитет тапшылық синдромы.

ЖСБТ – жоғарғы сезімталдықтың баяу типі.

ЖСЖТ – жоғарғы сезімталдықтың жедел типі.

ЖРА – жіті респираторлы аурулар.

ЖРВИ – жіті респираторлы вирусты инфекциялар.

ИЛ – интерлейкин.

ИНФ – интерферон

ИТШ – инфекциялы-токсикалық шок.

ИФА – иммунды ферментті талдау.

HLA – Human Leukocyte antigens – генетический комплекс главной системы гистосовместимости человека – адам гистосәйкестінің басты жүйесінің генетикалық кешені.

КБР – комплементті байланыстыратын реакция.

ЛПС – липополисахарид.

МНС – Major Histocompatibility compleх – гистосәйкестіктің басты кешені.

МФ – макрофаг.

ПГАР – пассивті гемагглютинация реакциясы.

ПТР – полимеразалық тізбек реакциясы.

ЛБТР – лимфоциттердің бласттрансформация реакциясы

РИА – радиоиммундық анализ.

ИФР – иммунды флюоресценция реакциясы

РНҚ – рибонуклеиновая қышқылы.

РСВ – респираторлық-синцитиалдық вирус.

ГАТР – гемагглютинацияны тежейтін реакция.

ЛМТР – лейкоциттердің миграциясын тежейтін реакция.

ТК – табиғи киллер.

ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достығы.

ТТИ – тағам токсикоинфекциясы.

Sig – сөлініс иммуноглобулин.

Fab – fragmtnt antigen binding – антигенмен байланысатын иммундыглобуннің белсенді орталығы.

Fc – fragment crystalline – клетка мембранасына бекитін иммундыглобулиннің бөлшегі.

ІНФ – ісіктің некроздану факторы.

ХӨ – халықаралық өлшем.

АИК – айналымдағы иммундық комплекстер.

ЦМВ – цитомегаловирус.

ЦМВИ – цитомегаловирусты инфекция.

С – комплемент.

СД – иммунды жасушалар мембранасындағы жіктелу антигені.

СД4 – Т-лимфоцит-хелпер.

СД8 – Т-лимфоцит-супрессор.

СД16 – табиғи киллерлер.

HSV – қарапайым герпес вирусы.

HTLV – адамның Т-лимфоциттік вирусы.

HZV – герпес зостер вирусы.

Ig – иммуноглобулин.

I тарау. Жалпы иммунология

1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері

Иммунология (лат. immunis - еркін, еш нәрсеге ұшырамаған, logos –ілім) организмнің әртүрлі антигендерге қарсы пайда болатын спецификалы және бейспецификалы молекулалық, клеткалық және жалпы физиология-лық реакцияларын зерттейтін медициналық-биологиялық ғылым. Иммуно-логия антигендерді, антиденелерді, иммунитетке қатысы бар клеткаларды зерттейді; иммундық реакциялардың қалыпты және патологиялық жағдай-лар дамуына әсері бар генетикалық және физиологиялық факторларды тексереді. Иммундық реакциялардың ағымына сыртқы қоршаған ортаның да әсері бар.

Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан және организмнің ішкі тұрақтылығын сақтауға бейімделген иммундық реакциялар бөгде антигендерден қорғануға бағытталады.

Антигендер дегеніміз – микробтар мен әр түрлі өсімдіктерден, жануарлардан шыққан заттар.

Организмнің өзінде өзгеріске ұшыраған, кейде өзгермеген клеткалар мен тін антигендеріне иммундық реакция туындаса, аутоиммундық аурулар дамиды.

Аллергендерге қарсы сезімталдықтың күшеюі аллергия туындатса, иммундық реакция клеткаларды, тіндерді зақымдайды. Аллергиялық даму - иммуниттетің бұзылуымен немесе әлсіреуімен қабатталады.