- •1.Бөлім. Идеал кристалдардың геометриясы
- •Монокристалдар. Поликристалдар
- •1.2. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Негізгі векторлар
- •1.3. Нүктелік симметрияның элементтері және түрленуі
- •1.4.Бөлім. Топтар теориясы. Топтарды анықтау
- •1.5. Симметрия топтарына мысалдар
- •1.6. Кристалдың кеңістікті симметриясы
- •1.7. Кристалографиялық индицирлеу әдісі. Бүтін сандар заңы.
- •1.8. Қарапайым кристалдық құрылымдар
- •1.9. Кері тор. Кері тордың қасиеттері. Бриллюэн зонасы. Вигнер-Зейтц ұяшығы. Кері тор.
- •1.10. Бриллюэн зонасы
- •2. Бөлім. Толқындардың конденсирленген ортамен әсерлесуі
- •2.1. Кристалдардың құрылымын зерттеу үшін қолданылатын электромагнитті толқындар
- •2.2. Кристалдық торға түсетін рентгендік сәулелердің дифракциясы
- •2.3. Лауэ теңдеуі. Эвальдо түзілімі
- •2.4. Шашыраған (дифракцияланған) толқын амплитудасы үшін Лауэ теңдеуі
- •3.Бөлім. Кристалдардағы ақаулар
- •3.1. Нүктелік ақаулар
- •3.2. Сызықтық ақаулар
- •3.3. Беттік және көлемдік ақаулар
- •4. Бөлім. Байланыс типі бойынша қатты денелердің классификациясы
- •4.1. Конденсирленген күйдегі молекулалар және атомдар арасындағы әсерлесу күштерінің типтері. Байланыс энергиясы.
- •4.2. Инертті газ кристалдары
- •4.3. Ионды кристалдар
- •5. Бөлім. Қатты денелердің жылулық қасиеттері. Кристалдық тордың тербелісі.
- •5.1. Дюлонг-Пти заңы. Фонон.
- •5.2. Фонондарды тәжірибелік зерттеудің әдістері
- •5.3. Кристалдық тордағы атомдардың тербелісі
- •5.4. Кристалдардың жылусыйымдылығы
- •6. Бөлім. Қатты денелердің электрлік қасиеттері
- •6.1. Қатты денелердегі электрондық күйлер
- •6.2. Диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және өткізгіштер
- •6.3. Өткізгіштің электр өтімділігі
- •6.4. Жартылай өткізгіштің электр өтімділігі
- •7. Бөлім. Қатты денелердің механикалық, оптикалық және магниттік қасиеттері
- •7.1. Физикалық тензорлар
- •7.2. Гук заңы. Серпімді модульдердің тензоры
- •7.3. Кубты кристалдар үшін серпімді тұрақтыларды есептеу
- •7.4. Кубты кристалдардағы серпімді толқындар
- •8.Бөлім. Кристалл емес қатты денелер. Сұйық кристаллдар
- •8.2. Аморф заттардың қасиеттері
- •8.3. Аморф жартылай өткізгіштер
- •8.4.Заттың сұйық күйі. Сұйықтардың қасиеттері. Сұйық кристаллдар
- •8.2 Сурет - Сұйықтың аз көлемінің тамшыға айналу (а) және жұғатын (б) және жұқпайтын (в) беттермен мениск жасау қасиеті.
- •8.3 Сурет - Смектикалық типті сұйық кристаллдың
- •8.4 Сурет - Нематикалық типті сұйық кристаллдың құрылысы
- •8.5 Сурет - Холестерикалық типті сұйық кристаллдың құрылысы
- •9. Наноматериалдар
- •9.1 Наноматериалдарды жіктеу негіздері және құрылымдарының типтері
- •9.1 Сурет - Наноматериалдар ұғымының терминологиялық тәсілдері
- •9.2. Наноматериалдар қасиеттерінің ерекшеліктері
- •9.3 Фуллерендер, фуллериттер, нанотүтіктер
- •9.4 Сурет - Фуллерен молекулалар: а) c60, б) c70,
- •9.4. Кванттық шұңқырлар, кванттық өткізгіштер, кванттық нүктелер
- •Қазіргі уақытта наноматериалдар мен нанотехнологияларды қолданатын негізгі салалар
- •9.8 Сурет - Наноматериалдарды қолдану мысалдары
- •9.9 Сурет - Fe0,3Co0,7 құймасынан диаметрі 50 нм наноөткізгіштер: а) наноөткізгішті төсеніштің жоғарыдан көрінісі, б) өткізгіштердің түрі.
- •Атомдық жазықтықтардың дұрыс кезектесуінің бұзылуын сипаттайтын кристалдық тордың сызықтық ақауы.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
8.4.Заттың сұйық күйі. Сұйықтардың қасиеттері. Сұйық кристаллдар
Сұйық бөлшектердің жинақы орналасуымен сипатталады, бұл газбен салыстырғанда аз сығылғыштықты береді. Сұйықтарда бөлшектер бөлшектердің реттсіз орналасқан облыстарымен бөлінген лабилді реттелген агрегаттар түзеді («жақын реттілік»). Бөлшектер агрегаттары (және олар салыстырмалы әлсіз ван-дер-вальстік немесе жеткілікті мықты сутектік байланыстармен кішігірім топтарға біріктірілгендіктен оларды тағы кластерлер деп атайды) күрт шекаралары жоқ: сұйықтарда қозғала отырып олар бір бөлшектерін жоғалтады және басқаларын алады, толығымен жойылып және қайтадан пайда болуы мүмкін.
Температура төмендегенде бөлшектер агрегаттарының өлшемдері ұлғаяды, үлкен орнықтылыққа және орналасудағы реттілікке ие болады. Кристалдану температурасының маңында агрегаттар қатты фазаның кристалдануының дәнектеріне айналады.
Сұйық күйдің молекула-кинетикалық теориясына сай сұйық фазаның реттілік дәрежесі молекулалардың полярлығының артумен бірге артады.
Сұйықтар қатты фазадан бөлшектер қозғалғыштығымен және изотроптылықпен - жарық сәулесінің (сұйық арқылы өткенде) сыну коэффициентінің оптикалық остердің барлық бағытында бірдей болуымен ерекшеленеді.
Сұйықтардың қасиеттері:
1. Ван-дер-ваальс күштерінің мықты болмауының салдарынан сұйық молекулалары хаосты сипаттағы үздіксіз флуктуация, яғни жекелеген молекулалардың орын ауыстыру жылдамдығы мен кинетикалық энергиясы ерекшеленетін және үздіксіз өзгеретін броундық қозғалыс жасайды. Әйткенмен газдар секілді сұйықтар Масвел-Больцманның таралу заңына бағынады.
2. Салыстырмалы жоғары энергияға ие жекелеген молекулалар, сұйық фазадан шығып және газ тәріздес күйге өте алады. Бұл процесс сұйықтың булануы деп аталады. Сұйықтың булануға қабілеттілігі ұшқыштық деп аталады. Молекуларалық әсерлесу күштері неғұрлым аз болса ( яғни сұйық молекулалары неғұрлым аз полярлы болады) сұйықтың ұшқыштығы солғұрлым жоғары болады.
3. Булану нәтижесінде қарастырылған сұйықтың молекулаларының сұйықтың үстіндегі газ фазасындағы парциаль қысымы артады. Бұл өз кезегінде булануға қарама-қарсы сұйық бетінің газды фазадан өз молекулаларын қармау процесін туғызып- бу конденсациясы іске асады. Парциал қысымның қандай да бір мәнінде булану жылдамдығы мен бу конденсациясының жылдамдығы теңеседі. Мұндай қысым сұйықтың қаныққан бу қысымы деп аталады. Молекулалар арасындағы әсерлесу энергиясы артуымен бірге (берілген температурада) сұйықтың қаныққан бу қысымы азаяды (8.1 суретті қара).
8.1 сурет - Кейбір сұйықтардың қаныққан буының қысымы: ацетон (1), этанол (2), су (3), сірке қышқылы (4), этиленгликол (5). Қалыпты қысымдағы судың қайнау температурасы (6).
4. Қаныққан бу қысымы температураның артуымен бірге күрт аратады.
Сұйық буының қаныққан буларының атмосфералық қысымға тең парциаль қысымында сұйықтың өзінің ішінде сұйық буының көпіршіктері пайда болады, және қайнау басталады. Бұл күйге қол жеткізілетін температура сұйықтың қайнау температурасы Ткип. деп аталады. Сұйық молекулаларының арасында әсерлесу күштері неғұрлым үлкен болса, оның қайнау температурасы солғұрлым жоғары болады. Қайнау температурасы сыртқы қысымға да тәуелді: ол неғұрлым жоғары болса сұйық солғұрлым жоғары температурада қайнайды. Міне осыған байланысты жабық ыдыстарда асты дайындау жылдамдығы жоғары (процесс негғрлым жаоғары температураларда өтеді), және керісінше тауда жазықтағыға қарағанда бұған көп уақыт жұмсау керек.
5. Молекулалардың қозғалғыштық қасиетін сақтауы салдарынан сұйықтар аққыштыққа
( олардың өздері тұрған ыдыстың пішінін алу қабілеті) ие. Аққыштыққа сұйықтың кедргі келтіруі тұтқырлық деп аталады. Сұйықтың тұтқырлығы бөлшектердің әсерлесу энергиясының артуымен бірге жоғарылайды және молекулалардың кеңістіктік құрылысына қатты тәуелді. Сұйық температураның артуымен бірге тұтқырлығы кемиді.
6. Беттегі молекулалар арасындағы әсерлесу күштері (газ фазасымен бөліну шекарасында) теңеспеген, себебі газ тарапынан осы сұйықтың молекулалары өте аз. Сондықтан беттік молекулалардың қорытқы әсерлесу күші сұйықтың ішіне қарай бағытталған. Оның әсерінен сұйық бет ауданын кішірейтуге тырысады. Міне сондықтан сұйықтар тамшы пішініне ие, ал жіңішке капиллярларда мениск пайда болады
Сұйық бетінде пайда болатын молекулааралық әсерлесу күштері немесе жаңа бетті түзуге қажетті күштерді беттік керілу деп атайды (грек әрпі σ-мен белгіленеді, өлшем бірлігі Дж/м2).
