- •1.Бөлім. Идеал кристалдардың геометриясы
- •Монокристалдар. Поликристалдар
- •1.2. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Негізгі векторлар
- •1.3. Нүктелік симметрияның элементтері және түрленуі
- •1.4.Бөлім. Топтар теориясы. Топтарды анықтау
- •1.5. Симметрия топтарына мысалдар
- •1.6. Кристалдың кеңістікті симметриясы
- •1.7. Кристалографиялық индицирлеу әдісі. Бүтін сандар заңы.
- •1.8. Қарапайым кристалдық құрылымдар
- •1.9. Кері тор. Кері тордың қасиеттері. Бриллюэн зонасы. Вигнер-Зейтц ұяшығы. Кері тор.
- •1.10. Бриллюэн зонасы
- •2. Бөлім. Толқындардың конденсирленген ортамен әсерлесуі
- •2.1. Кристалдардың құрылымын зерттеу үшін қолданылатын электромагнитті толқындар
- •2.2. Кристалдық торға түсетін рентгендік сәулелердің дифракциясы
- •2.3. Лауэ теңдеуі. Эвальдо түзілімі
- •2.4. Шашыраған (дифракцияланған) толқын амплитудасы үшін Лауэ теңдеуі
- •3.Бөлім. Кристалдардағы ақаулар
- •3.1. Нүктелік ақаулар
- •3.2. Сызықтық ақаулар
- •3.3. Беттік және көлемдік ақаулар
- •4. Бөлім. Байланыс типі бойынша қатты денелердің классификациясы
- •4.1. Конденсирленген күйдегі молекулалар және атомдар арасындағы әсерлесу күштерінің типтері. Байланыс энергиясы.
- •4.2. Инертті газ кристалдары
- •4.3. Ионды кристалдар
- •5. Бөлім. Қатты денелердің жылулық қасиеттері. Кристалдық тордың тербелісі.
- •5.1. Дюлонг-Пти заңы. Фонон.
- •5.2. Фонондарды тәжірибелік зерттеудің әдістері
- •5.3. Кристалдық тордағы атомдардың тербелісі
- •5.4. Кристалдардың жылусыйымдылығы
- •6. Бөлім. Қатты денелердің электрлік қасиеттері
- •6.1. Қатты денелердегі электрондық күйлер
- •6.2. Диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және өткізгіштер
- •6.3. Өткізгіштің электр өтімділігі
- •6.4. Жартылай өткізгіштің электр өтімділігі
- •7. Бөлім. Қатты денелердің механикалық, оптикалық және магниттік қасиеттері
- •7.1. Физикалық тензорлар
- •7.2. Гук заңы. Серпімді модульдердің тензоры
- •7.3. Кубты кристалдар үшін серпімді тұрақтыларды есептеу
- •7.4. Кубты кристалдардағы серпімді толқындар
- •8.Бөлім. Кристалл емес қатты денелер. Сұйық кристаллдар
- •8.2. Аморф заттардың қасиеттері
- •8.3. Аморф жартылай өткізгіштер
- •8.4.Заттың сұйық күйі. Сұйықтардың қасиеттері. Сұйық кристаллдар
- •8.2 Сурет - Сұйықтың аз көлемінің тамшыға айналу (а) және жұғатын (б) және жұқпайтын (в) беттермен мениск жасау қасиеті.
- •8.3 Сурет - Смектикалық типті сұйық кристаллдың
- •8.4 Сурет - Нематикалық типті сұйық кристаллдың құрылысы
- •8.5 Сурет - Холестерикалық типті сұйық кристаллдың құрылысы
- •9. Наноматериалдар
- •9.1 Наноматериалдарды жіктеу негіздері және құрылымдарының типтері
- •9.1 Сурет - Наноматериалдар ұғымының терминологиялық тәсілдері
- •9.2. Наноматериалдар қасиеттерінің ерекшеліктері
- •9.3 Фуллерендер, фуллериттер, нанотүтіктер
- •9.4 Сурет - Фуллерен молекулалар: а) c60, б) c70,
- •9.4. Кванттық шұңқырлар, кванттық өткізгіштер, кванттық нүктелер
- •Қазіргі уақытта наноматериалдар мен нанотехнологияларды қолданатын негізгі салалар
- •9.8 Сурет - Наноматериалдарды қолдану мысалдары
- •9.9 Сурет - Fe0,3Co0,7 құймасынан диаметрі 50 нм наноөткізгіштер: а) наноөткізгішті төсеніштің жоғарыдан көрінісі, б) өткізгіштердің түрі.
- •Атомдық жазықтықтардың дұрыс кезектесуінің бұзылуын сипаттайтын кристалдық тордың сызықтық ақауы.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
3.Бөлім. Кристалдардағы ақаулар
Атомдары қатаң тәртіппен периодты түрде орналасқан кристалдар идеал кристаллдар деп аталады. Барлық нақты кристаллдардың құрамында идеал құрылымнан ауытқулар кездеседі, мұндай ауытқуларды құрылымның ақаулары деп атайды. Құрылымның ақауларын динамикалық және статистикалық деп бөлуге болады. Динамикалық ақауларға жылулық тербелістерден немесе электромагнитті өрістің кристалл арқылы өткенде атомдардың тербелістерінен туындайтын, кристалдық тордың бұрмалануын жатқызуға болады. Бұл ақаулар жақсы қарастырылған, олар атомдардың тепе-теңдік қалпына қатысты ығысуымен байланысты, олар идеал кристаллдарда да кездеседі. Осы бөлімде қарастырылатын статикалық ақаулар, кристалды тордағы атомдардың орындарының бұзылуымен байланысты, мысалы, тор түйініндегі бір атом жоқ немесе басқа түйінге орналасады немесе атомдар жинақталып кристалл ішінде үлкен ақау түзеді.
Статистикалық ақауларды пішініне қарай төрт топқа бөлу қалыптасқан: 1) нүктелік ақаулар, сызықтық ақаулар - дислокациялар; 3) беттік ақаулар; 4) көлемдік ақаулар.
Кристалдардың көптеген физикалық қасиетері ақауларға қатты байланысты. Мысалы материалдың мықтылығы мен созылмалылығы оның сызықтық, беттік және көлемдік ақауларына байланысты. Электр кедергісі негізінен нүктелік ақауға байланысты. Кристалдардың боялуы, диффузия коэффициенті, жылуөтімділігі де ақаулардың болуына қатты байланысты.
3.1. Нүктелік ақаулар
Нүктелік ақаулар – ең кіші ақаулар, әдетте бір атомның болмауымен, немесе бір атомның артық болуымен байланысты. Түрлі нүктелік ақауларды қарастырайық, олардың сызбасы 28-суретте көрсетілген.
Вакансия. Кристалдық тордың қандай да бір түйінінде атом болмауы мүмкін (3.1-сур.(1) қара). Мұндай бос орын вакансия деп аталады. Вакансияны жиі - Шотки ақауы деп те атайды.
Түйінаралық атом. Атом кристаллды тордың түйінінде емес түйіндер арасында орналасуы мүмкін (3.1-сур. (2) қара), мұндай ақау түйінаралық ақау деп аталады.
Френкель ақауы. Вакансия мен түйінаралық атомдар жиі жұп болып кездеседі (3.1-сур. (3) қара), бұл жағдайда атомдардың бірі түйіндегі орнынан көрші түйінаралық орынға секіріп өтіп кетеді. Мұндай секірістің себебі салыстырмалы түрде жоғары температурада, мысалы, балқу температурасындағы жылулық қозғалысы немесе жылдам бөлшек пен атомның соқтығысуы кезінде өз орнынан ығыстыруы (радиациялық ақау) бола алады. Ақаулардың мұндай жұптары Френкель бойынша ақаулар деп аталады.
Қоспа атомы. Атомдардың бірі қоспа атомы болуы мүмкін (3.1-сур. (4) қара), мұндай жағдайда да ақау түзіледі және ол орнын басатын қоспа атомы деп аталынады. Қоспалы атом қалай да еніп түйінарасына орналаса алады (3.1-сур. (5) қара), мұндай ақау енгізілген қоспа атомы деп аталады.
|
3.1-сурет - Нүктелік ақаулардың түрлері: 1 - вакансия; 2 – түйінаралық атом; 3 - Френкель бойынша ақау; 4 – қоспалы орнын басу атомы; 5 – енгізілген қоспалы атом; 6 – жоғары валентті орнын басу атомы |
Кристалл атомдарынан валенттілігімен ерекшеленетін қоспа атомдары вакансиялардың пайда болуын негіздейді, мысалы KCl кристаллы жалпы жағдайда нейтральді болатындай етіп оған Ca қоссақ. Бұл жағдайда екі валентті кальцидің атомы калийдің бір атомының орнын алады, ал калий атомы болу керек орын бос болады (3.1-сур. (6) қара).
Нүктелік ақаудың энергиясы және оның пайда болу ықтималдығы.
Нүктелік ақау мен ақаулардың түзілу энергиясы EV тығыз байланысты. Вакансия кезінде бұл энергия атомды кристаллдың бетіне шығарып тастау үшін қажет, ал енгізген атом кезінде бұл энергия атомның кристалл бетінен түйінаралық орынға жылжуы үшін қажет. Тәртіп бойынша, оның мәні шамамен 1 эВ құрады. Нүктелік ақаудың түзілуінің ықтималдығы Больцман теңдеуі арқылы шығарылады:
(3.1)
Осы
теңдеумен шығарылатын P
ықтималдығы EV=1эВ
және Т=10000К,
болғанда мынаған тең
Френкель бойынша ақау кезінде, ақаулар жұбын түзу үшін (вакансия мен түйінаралық атом), саны жағынан атомды кристалл бетіне шығарып тастауға, сосын атомды кристалл бетінен түйінаралық орынға жылжытуға қажет энергияға тең энергия EFr керек. Осындай ақаулар санының мына теңдеу арқылы есептелетіндігін көрсетуге болады:
(3.2)
мұнда ;NA және NM сәйкесінше кристалдағы түйіндер мен түйінаралықтардың саны.
