Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Шетелдік білім негізі

Шетелде тегін бала оқытудың тағы бір жолын бүгін Алматыда осымен алтыншы мәрте шетелдің халықаралық білім беру мекемелері ұсынып отыр. Екі күн жұмыс істейтін «шетелде білім алу» деп аталатын халықаралық білім жәрмеңкесіне қатысушылар, жастар үшін грант негізінде, яғни тегін жолмен шетелде білім алу әдістерінің жай-жапсарын насихаттауда.

Шетелдің жоғарғы оқу орындарында білім алуға бел буған талапты жастарға қойылар шарттар әртүрлі:

  1. Талапкерлердің қаперіне сала кетейік, алдымен Қазақстан азаматы болуыңыз керек

  2. Баратын елдің тілінде емін-еркін сөйлегеніңіз абзал. Шетелде білім алуға үгіттейтіндердің айтуынша, көбіне-көп ағылшын тіліне жетік болғаныңыз ескеріледі.

3. Техника саласына көңілі ауған білікті жастар халықаралық магистратураны меңгеру үшін: еңбек кітапшасы, тіл меңгеру дәрежесін айғақтайтын «TOEFL» «IELTS»-тің анықтама хатын, жоғарғы оқу орнын тәмәдәу туралы куәлігін, төлқұжаттың көшірмесін, резюменің 2 данасын әзірлеуі керек;

4. Құжат әзірлеуден тыс тағы бір шарт бар. Ол - жұмыс істеу қабілетіңізді айқындайтын кәсіби біліктілік. Яғни, кемі үш жылға жуық мамандығыңыз бойынша жұмыс істеуіңіз керек.

Құжаттар толық жиналған соң, қазақ-британ техникалық университетіне Ұлыбританияға жіберіледі. Осы талапқа сай талапкерлер, мұнай-газ саласына қажетті мамандар Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарына түседі.

Италиядан үйренері көп, себебі Италияда ядролық физика соңғы жылдары жылдам дамып кетті.

Қазір қазақ жастары төрткүл дүниенің жер-жерінде білім алып жатыр. Озық технологияларды меңгергісі келетіндер АҚШ, Батыс Еуропа, Қытай, Жапон елдерінде білімін жетілдіруде. АҚШ – тың білім беру жүйесі нашар деп ешкім айта алмайды. Экономикасы мықты елде оқыған жақсы. Оның сыртында Америкада оқығанның көмегі келешекте бәрі бір болады.

Еске түсірейік:

1.Ырықсыз етіс: түбір + -ын, -ін,-н

(страдательный) -ыл, -іл, -л

2. Ортақ етіс: түбір + -с, - ыс, -іс

(совместный)

3.Өзгелік етіс: түбір + - қыз, -кіз, -гіз, -ғыз, -дыр, -дір,

-тыр, -тір, -т

4.Өздік етіс: түбір + -н, -ын, -ін

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2 тапсырма. Мәтіннен етіс категорияларының түрін анықтаңыз, құрамына қарай талдаңыз.

3 тапсырма. Мәтінді оқып, өз ойынызды білдіріңіз.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.

Біз ұзақ әңгімеле...тік. Қошта...арда көзімізге жас ал...тық.Бұрын хат жаз...ып тұрғанбыз. Көр...пегелі көп болған.

Іс-әрекеттің ұзақтығының, созылыңқылығының берілуі

(Обозначение продолжительности действия)

Қанша уақыт?

анықтауышсыз сәйкес анықтауышымен

минут, сағат бір сағат бойы

күн, түн, кеш, таң күні бойы, түні бойы, кеш бойы, сәскеге дейін (целое утро), күнімен, түнімен

сейсенбі, сәрсенбі бүкіл сейсенбі, бүкіл сәрсенбі

апта апта бойы, бүкіл апта, екінші апта бойы

ай, сәуір ай бойы, бүкіл апта бойы, бүкіл сәуір бойы

қыс, көктем, жаз, күз қыс бойы, көктем бойы, жаз бойы, күз бойы, бүкіл күз бойы

жыл жыл бойы, бүкіл жыл бойы, бірінші жыл, ұзақ жыл

сағат төрт сағат бойы

ай, жыл, ғасыр бүкіл айлар, ұзақ жылдар бойы, ғасыр бойы

екі, үш, төрт жыл соңғы үш жылда, бүкіл жыл бойы, өмір бойы, бүкіл жол бойы, барлық каникул бойы, бүкіл сабақ бойы

5-тапсырма. Мағынасына сәйкес мезгілдік конструкцияны таңдап алып, сөйлемді толықтырыңыз: соғыс бойы, бір жарым сағат, ұзақ жылдар, түні бойы, жол бойы, күні бойы, бүкіл қыс, қыс бойы, кеш бойы, өмір бойы.

Спектакль ... болды. ... театрдан үйге дейін үнсіз келдік. ... мен кітапханада отырдым. ... олар бір-бірін жақсы көрді. Ол оның хаттарын майданнан ... күтті. Хат тоқтап қалған соң, олар ... бір-бірі туралы ештеңе білмеді. Ол оны ... сүйіп өтемін деп уәде берген. ... ол жылап отырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]