Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Бөж тапсырмасы

Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хаты

Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хатында мынадай мәселеге тоқталған:

Әр дұшпанға қарсы бір достың да болатынын үйрет, еңбекпен тапқан бір доллардың оңай тауып алған бес доллардан әлдеқайда қымбат екенін білдіргенінді қалаймын. Табыс тапқанға қуанып қана қоймай, жоғалтуға әдеттендір. Қызғаныштан аулақ болып, ұрда жық, зорлықшының жеңісі тек сырт көзге ғана екенін үйренсін. Кітаптардың керемет тылсымын да білсін.Мектепке қателік жасағанның, құлық жасағанның жақсы екенін де үйрет. Оның өз көзқарасына деген сенімін қалыптастыр, тіпті барша жұрт оның жаңсақ сөйлегенін бетіне айтқан шақта да.

Нәзік адамдармен нәзік, қаталдармен қатал болуды да үйреткейсіз. Жұрт үнсіз бір-бірінің ізін басып, бір ғана бағытқа бет алған. Өзі өзгелердің соңынан еріп кете бермейтіндей батылдыққа шақыр ұлымды. Адамдардың бәрін тыңдай білуге, бірақ тыңдағандарының бәрін ақиқаттың сүзгісінен өткізген соң ғана тек жақсылықты алуын үйрет. Егер қолыңнан келсе, ренжіп өкпелеген шақта да күлімсірей білуге үйретсең, риза болар едім. Көз жасынан ұялмау керектігін, ерекше қарым-қатынас, ілтипаттың астарына үңіле білуді үйрет.

1-тапсырма. Мәтіннен өзіңізге ұнаған сөйлемдерді оқып шығыңыз.

2-тапсырма.

а) Авраам Линкольннің хатынан үзінізді жазыңыз.

ә) Осы хат туралы пікіріңізді жазбаша жазыңыз.

3-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

. Ең бірінші ұстазыңыз есіңізді ме?

. Сүйікті ұстаздарыңыз көп болды ма?

. Мектепте сізге қай пән ұнады? Неге?

. Ұстаздарыңызды есіңізге аласыз ба?

. Кім ұстаз болғысы келеді? (мектепте, университетте)

. Сіздің алғашқы бестігіңіз (бағаңыз) есіңізді ме?

. Класс жетекшіңіз туралы айта аласыз ба?

. Қай мұғаліміңізге еліктедіңіз, қай мұғаліміңізге ұқсағыңыз келді?

. Қай пәннен сіз өте қабілетті болдыңыз? Мұғалім еңбегі бар деп ойлайсыз ба?

. Қай ұстазыңызды жиі есіңізге аласыз ба?

ОН ЕКІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Сөз сыры, қазақ сөзінің уәжділігі.

Грамматикалық тақырып: Жедел өткен шақты қайталау.

Мақсаты: : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің қолданыс аясы мен болашағы зиялы қауымды едәуір алаңдатып отырғаны белгілі. Осы тұста Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды десек, қателеспейміз.

Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі болуы керек. Тіл – ұлттың өзіндік бейнесін анықтайтын, рухани келбетін көрсететін төлқұжаты сынды. Ол – ұлттың өзгеден ерек табиғи даралығын анықтайтын жалқы белгі.

Қазақ тілінің ғажайып феномендік берік заңдылықтарға негізделген ішкі құрылымы бар.

Тілдің ең басты қасиеті – қарым-қатынас құралы болуы.Күнделікті сөйлеуде қазақ тіліндегі сөздерге өзге тілдің қосымшаларын қосып, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін орысша құрап сөйлеу – тілге басты қатер. Сөйлеуде жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымшаларын жалғап қолдану, тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзсақ – тілдегі бұзылу басталғаны. Сондықтан қазіргі таңдағы басты мәселе – қазақ тілінде дұрыс сөйлесу. Таза сөйлеу. Мен ойлаймын, мен айтамын, мен деймін деп алып, ойын жалғастыру, керекпін, керексіз деп ойын аяқтау – тіл алдында күнә. Дұрысы – “Мен осылай ойлаймын”, “Осылай оқуыңыз, білуіңіз керек” қой.

ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ баласы орысша қара танымайтын әженің ерлік пен батырлық жайлы сұлу сөзбен көмкерілген ертегісін естіп, мектепке дейін ауызекі тілді меңгеріп өсті. Жеті жасында мектепке барып, жазба тілдің ерекшелігімен танысқанда, айту мен жазу арасындағы ерекшелікті түсінді. Ал қазіргі әже орысша сауатты, оқыған; ол немереге ертегіні айтып емес, оқып береді. Сондықтан бала айтумен емес, жазумен тәрбиеленуде. Жазу-таңба жазылған қалпында оқылып, айтылып, бірте-бірте нормаға айнала бастағаны осыдан. Тілдің сөйлеу (айтылу) жүйесі мен жазу жүйесі қай кезде де, қай тілде болса да бірдей болған емес. Жазу – таңба, ол адамдардың өз қолымен келісіп жасалатын, ақылдасып шешетін дүниесі. Сөйлеу одан ерекше болмаққа керек. Әлемдегі өркениеті дамыған елдердің барлығы жазуда морфологиялық негізді қалаған. Бұл, ең алдымен, сөздің тектілігін, тарихи даму қалпын сақтаумен байланысты.

Әсіресе, орыс бөлімдерінде оқитын балалар (студенттер) үшін қазақ сөзінің айтылуы мен жазылуының нормаларын түсіндірудің маңызы ерекше. Қазір мүлде қазақша сөйлемейтін, білмейтін жастар жоққа тән. Мектеп табалдырығын тәуелсіздік заманы келгелі аттаған кез келген баланың қазір қазақ тілінен хабары бар.

Ендігі мәселе сөйлеу тілінің тазалығы болуы керек. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің дамуында екі түрлі үлкен бағыт бар: дәстүрлі қалыпта оқыту және инновациялық стратегиялық жүйемен, уақыт талабына сай болып жатқан өзгерістермен байланысты мамандарға деген қоғамдық сұранысты анықтай отырып, жаңа деңгейде оқыту. Біздің алдымыздағы ендігі күрделі мәселе – мектепте және жоғары оқу орындарындағы орыс топтарында оқитын қазақ баласына оқытылатын қазақ тілі сабағында берілетін ақпаратқа терең мән беру. Қысқасы, қазақ тілі оқулықтарының сапалық деңгейіне ерекше мән беру арқылы ұлттық дүниетанымымыз бен дәстүрімізді жастар бойына сіңіруге жол саламыз. Ендігі мәселе қалай үйрету ғана емес, нені үйрету, жастардың бойына нені сіңіру дегенге келіп тіреледі.

Сөйлеу тілі – халық тілі. Тілдің негізгі қайнар бұлағы, тілдік бірліктерді жасаушы, қолданушы қара қазаны – халық тілінің тазалығын сақтау парыз. Сондықтан қазіргі кездегі басты талап – сөйлеу тілінің дұрыстығын сақтау, тілдің тарихи қалыптасқан жүйесін сақтау.

Анар Салқынбай,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]