Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.

4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.

5-тапсырма. Мәтіннен үстеуді табыңыз.

6-тапсырма. Мақсат үстеулеріне көркем шығармадан мысал жазып келіңіз.

7-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін көшіріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

Сөз өнері, ұлттық әдебиет, жыраулар поэзиясы, қазақ әдебиетінің өкілдері, өзекті мәселелер, азаттық идеяларын көтеру, көркем әдебиет, әдебиетінің жаңа дәстүрі, әдебиеті жаңашыл ізденістер.

8-тапсырма. Сөйлемдерді болымсыздық есімдігі мен үстеулерді пайдалана отырып, аяқтаңыз, жақша ішіндегі етістіктерді болымсыздық мағынада пайдаланыңыз.

Кеше мен күні бойы демалдым, ... (істеу). Маған бәрі түсінікті болды ... (күмәндану). Ол бүгін бәрін істеуге тырысады ... (қалдыру). Жаз айларын мен Алматыда өткіздім ... (кету).

Бөж тапсырмасы Қазақстан және Ұлыбритания арасындағы мәдени байланыс

Бұл елді басқаша Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі деп атайды. Оның құрамына Англия, сондай – ақ Шотландия, Уэльс, солтүстік Ирландия кіреді.

Әлемде негізгі заң – Конституциясыз өмір сүретін екі ел болса – соның бірі осы Англия. Оның орнын қос палатадан тұратын ел Парламенті қабылдайтын заңдар мен актілері толтырып келеді. Ұлыбритания – көлемі жағынан шағын аралдағы мемлекет. Астанасы Лондон қаласы.Лондон – Корольдік Құраманың астанасы. Ол Ұлыбританияның мәдени, өндіріс және қаржы орталығы. Лондонда 76 мың студент оқитын төрт колледж бар. Британиялық Кітапханада дүние жүзіндегі ең құнды, бағалы деген кітаптар қоры бар. Лондонда көптеген галерея мен мынандай атақты концертік залдар бар: Корнеги – Холл және Жаңа Корольдік фестиваль залы. Лондон – ежелгі дәстүрлер қаласы. Лондонда әлемге әйгілі Биг Бен сағаты бар. Ұлыбританияны көбіне жасыл шалғындар елі деп атайды Қыста да, жазда да қалың тұман басып тұрады. Суы мол өзендерде кеме қатынайды. Елдегі негізгі тіл – ағылшын тілі.

Ішкі және сыртқы саясатты Үкімет басшысы- Премьер – министр жүргідеді. Заңды Парламент қабылдайды. Патшайым – тәж иесі. Ұлыбритания тағындағы тұлға, Ұлыбритания державасының иесі. Ол билеу сатысының ең төрінде тұратын лауазым иесі, елдің символы. Бүкіл елде бірінші болып Елизавета Екінші деген есімі аталады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 1991жылы 28 қазан – 1 қараша аралығындағы Ұлыбританияға ресми сапармен барды.

(Ә.Ахметов).

1-тапсырма. Қазақстан Республикасындағы Білім беру жүйесі мен Ұлыбританияның Білім беру жүйесін салыстырыңыз.

2-тапсырма. Қазақстан мен Ұлыбританияның астаналары туралы мәлімет беріңіз.

3-тапсырма. Қазақстан мен Ұлыбританияның мәдени байланыстары жөнінде газет бетінен мақала алып, мазмұндаңыз.

ОНЫНШЫ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Халықаралық сыйлықтар.

Грамматикалық тақырып: Себеп- салдар үстеуі

Мақсаты: Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Оқыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]