Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Объектілік қатынастар

Іс-әрекеттің адресат объектіге бағытталғанының берілуі

(Выражение объекта-адресата действия)

2-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз. Адресат-объектінің барыс септігі арқылы жасалуына назар аударыңыз. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.

1. Жазушыға осы кітаптары әлемдік даңқ әкелді.

2. Даттық физик Нильс Борға атом және кванттық механика теориясын ашқаны үшін 1922 жылы Нобельдік сыйлық берілді.

3. Менің көршім туыстарына, достарына жиі хат жазады.

4. Оқытушы студенттерге жаңа сабақты түсіндірді

5. Нобель сыйлығы мемлекеттік қайраткерлерге де беріледі.

ҮШІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қ.Жұбанов жасаған қазақ тіл білімі теориялары.

Грамматикалық тақырып: Септеулік шылаулар

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге қазақ тіл білімінің негізін салушы Қ.Жұбанов туралы мәлімет беру.Ғалымның ғылыми еңбектері туралы айту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қ.Жұбанов жасаған қазақ тіл білімі теориялары

Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауд. – 25.2. 1938) – тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог. Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді.

Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана бастады. Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды. Сондай-ақ, оның “Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары” (1-том), “Фонетика” (орыс тілінде), “Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе”, “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар”, “Буын жігін қалай табуға болады”, “Қазақ тілінде біріккен сөздің жазылуы”, “Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі”, “Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан”, т.б. іргелі ғылыми жұмыстары қазақ тіл білімін қалыптастыруға қосылған елеулі үлес болды. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдарында Жұбанов қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде саяси-әлеуметтік, халықтық мәні зор проблемалардың бірі – жазу, емле, термин мәселелерімен де шұғылданды.

1929 жылы Қызылордада өткізілген тұңғыш ғылыми-терминологиялық конференцияда Жұбанов қазақ тілінің емлесі жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасады. 1935 жылы қазақ әліпбиі мен емлесін жақсартудың жобасын ұсынды. Онда халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді орысша жазылуына жақындатып таңбалау, кейбір қосар дыбыстарды жалаң әріппен беру, біріккен сөзді қосып жазу туралы пікір айтты. Жұбанов 1933 жылдан саяси қуғын-сүргінге ұшырағанға дейін Қазақстанның Мемлекеттік терминологиялық комиссиясының төрағасы болды. Бұл салада ол термин жасау ісіне мамандарды жұмылдырып, олардың дайындаған материалдарын ғылыми тұрғыдан реттеп, жұртшылық талқысына салып, тәжірибеге енгізуді қадағалады. Жұбанов – 1935 жылы Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің съезіне Мемлекеттік терминкомның атынан ұсынылған жобаның негізгі авторы. Ол ұсынған принциптер қазақ терминологиясын жасаудың үлгісі ретінде әлі күнге дейін қолданылып келеді.

1936 жылы ғалымның “Қазақ сөйлем мүшелерінің орны тарихынан” деген кітабы баспадан шықты. Бұл кітабында ол қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің тарихын басқа түркі тілдерінен бөліп қарамай, өзі еркін игерген түркі халықтары тілдерін бір-бірімен байланыстыра зерттеп, тарихи салыстырмалы әдісті шебер қолданды. Бұл еңбегімен Жұбанов қазақстандық түркітану ғылымының қалыптасуына зор үлес қосты. “Ауыл мұғалімі” (қазіргі “Қазақстан мектебі”) журналында мұғалімдерге арнап қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы, кітапты қалай пайдалану, оқулықтағы материалдарды оқушыларға қалай нәтижелі игерту мәселелерін көтеріп отырды. Осы журналда “Жаңа грамматиканың жақсылықтары”, “Шылаулар”, “Қос сөздер”, “Біріккен сөздер”, “Әдіс, бағдарлама мәселелері”, т.б. мақалаларын жариялады. Жұбанов қазақ әдеби тілі мен музыкалық өнері туралы да келелі пікірлер айтты.

Жұбанов тек ғылыммен ғана шұғылданып қоймай, Қазақстанның Оқу-ағарту халық комиссариаты жанындағы әдістеме, бағдарлама, оқулықтар секторының меңгерушісі міндетін атқара жүріп, бар ынта-жігерін аз уақыттың ішінде қазақ мектептерін ғылыми негізде жазылған оқулықтармен қамтамасыз етуге жұмсады. Мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарында, семинарларында дәріс оқып, ақыл-кеңес беріп отырды. Ол қазақ тіл білімі мамандарын баулып, тәрбиелеуде де мол еңбек сіңірді. Республикадағы көрнекті тіл мамандары М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Ә.Шәріпов, Т.Қордабаев, т.б. өздерін Жұбановтың шәкіртіміз деп санады. Жұбанов республикамыздың саяси-әлеуметтік өміріне де белсене қатысты.

1935 жылғы Қазақстанның мәдениет қызметкерлері съезін ұйымдастыру комитетінің төрағасы, 1935 жылдан Қазақстан КСР ОАК-нің мүшесі болды. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы 3 қазанда КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының шешімімен ақталды. Ақтөбе мемлекеттік университетіне, осы қаладағы бір көшеге Жұбанов есімі берілген.

Еске түсірейік:

Шылау сөздер

1. Септеулік шылаулар

Меңгерілетін септіктер Септеуліктер

1. Атау арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы.

2. Барыс дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, тарта, жуық, таяу.

3. Шығыс бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек, өзге.

4. Көмектес қатар, бірге, қабат, қоса.

2. Демеулік шылаулар

1. Сұраулық демеуліктер -ма (ме, ба, бе, па, пе), ше.

2. Күшейткіш демеуліктер -ақ, -ау, -ай, -да (де, та, те).

3. Шектік демеуліктер -ғана (қана), - ақ, тек.

4. Болжалдық демеуліктер -мыс, (міс), - ау.

5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері түгел, тұрсын, тұрмақ.

6. Нақтылау мәнді демеуліктер қой (ғой), ды (ді, ты, ті)

3. Жалғаулық шылаулар

1. Ыңғайластық мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі.

2. Қарсылықты бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, өйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлық себебі, өйткені, сондықтан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]