Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.

2 Тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4 Тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз

5-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Құрылық

Қоғамдастық

Елшілік

Кеңес

Бедел

Өркениет

Бөж тапсырмасы

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары

арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1991 ж. 25 желтоқсан – Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.

1991 ж. 26 желтоқсан – дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 ж. 15 қыркүйек – АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ашылды.

1992 ж. 30 қазан - ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі ашылды.

2009 ж. 14 желтоқсан – Алматыда АҚШ Бас консулдығы ашылды.

2007 ж. 4 шілдеден бастап – Е.Ыдырысов ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2011 ж. 25 қазаннан бастап – К.Фэйрфакс АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. Мемлекеттер арасында шартты-құқықты берік негіз құрылды.

2006 ж. 26-29 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Вашингтонға сапары барысында елдеріміздің жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын расталды. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда, инвестиция және демократизация салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта АҚШ-тың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу мәселесі қаралған.

2008 ж. 14 қарашасында АҚШ Президенті лауазымына сайланысымен Б.Обама тек қана бірнеше елдер басшыларына, оның ішінде Елбасына, телефон соқты. Әңгіме кезінде мемлекеттердің басшылары екі жақты стратегиялық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақ көкжиектерін талқылады. Б.Обама Қазақстанға жақын арада сапармен келуге ниетті екендігін білдірді.

2010 ж. 30 қараша - 2 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон Астанаға ЕҚЫҰ Саммитіне американ делегациясының басшысы ретінде келді. Бұл оның Қазақстанға екінші іссапары болды: 1997 ж. ол Қазақстанға АҚШ-тың Бірінші ханымы ретінде келген болатын. Аталған шара шеңберінде американдық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевпен және ЕҚЫҰ Төрағасы – Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевпен кездесті. АҚШ делегациясының басшысы мемлекет басшылығына және Қазақстан халқына қонақжайлылық көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Саммит қарсаңында Х.Клинтон Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде сөз сөйлеп, ҚР азаматтық қоғамымен, оның ішінде әйелдік ҮЕҰ-мен, «Болашақ» бағдарламасының студенттері және түлектерімен кездесті. АҚШ сыртқысаяси ведомствосының басшысы: «Қазақстандықтар тәуелсіздіктің қысқа мерзімі ішінде Республиканың жеткен жетістіктерін бағалап, оларды мақтаныш ету керек», - деп атап өтті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастық кешенін талқылады. Атап айтқанда, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің экономикасын әртараптандыру және ғылыми-техникалық сұхбатты мәселелеріне зор назар аударылды. АҚШ Қазақстанның аса ірі инвесторы мен сауда әріптесі ретінде қала бермек.

1- тапсырма. Осы мәтінге байланысты өз пікіріңізді айтыныз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]