Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.

4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.

5-тапсырма. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа қойыңыз.

Болу, тұру, жазу, оқу, бару, келу, ашу, жабу, сөйлесу, сөйлеу, сәлемдесу, танысу, жұмыс істеу, түсіну, үйлену, тұрмысқа шығу.

Бөж тапсырмасы Аударма тақырыбына арналған мақал-мәтел жаттаңыз.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

1. Ғылым таппай мақтанба. 2. Ойнауға, босқа күлуге құмарланба. 3. Адам болам десең, ғылымға, өнерге, талаптан, ұмтыл. 4. Білімді, талантты ғалымдарға ұқсауға тырыс. 5. Өтіріктен, өсектен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен аулақ бол. 6. Талапты, терең ойлы, қанағатшыл, кешірімшіл адам әр уақытта ең жақсы адам болып есептеледі.

2-тапсырма. Берілген сөздерді аударыңыз.

Сөз өнері, көркем әдебиет, әңгіме, өлең, ағартушылық әдебиет, әдеби тіл, көптеген жанрлар, әдеби дәстүр, шығарма мазмұны.

ОН ҮШІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Дыбыстардың тіркесімділік ерекшеліктері, әдеби нормалар.

Грамматикалық тақырып: Сөздікке байланысты жаттығу жұмыстары.

Мақсаты: : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Тіл нормалары белгілі бір лингвистік ұғымның тіл дербестігін айқындаушы барлық сөйленіс тәжірибелері мен дағдыларының, ерекшелік белгілерінің жиынтығы. Табиғи болмысы тұрақтылыққа, бір қалыпты орнықтылыққа негізделе тұрып, ол әр түрлі себептіліктерге сай ішкі өзгерістерді дебатынан кешіреді. Өйткені, бұның өзі әлеуметтік құбылыс болып табылатын тілдің әрі жасаушысы, әрі тұтынушысы - адамзат қоғамының үздіксіз өзгеріп, өсіп дамып отыру заңдылығымен тікелей байланысты.

Тіл нормаларының осы біршама икемшілдігі нәтижесінде сөйленіс машықтарының қайсыбір тәсілдері белгілі бір замана сәттерінде ез біреге илігінен айрылып, жарыспалы жаңа мүмкіндіктермен молығады. Басқаша айтқанда, ежелгі норма әлі өз күшін жоймай тұрып-ақ, жаңа норманың нышандары «сөз жұмсау» қажеттілігіне айнала бастайды. Сөйтіп, тілде жарыстас сөздер, мәндес тіркестер, әртүрлі нұсқадағы қолданыстар пайда болады. Олардың өміршең, ұтымды түрлері уақыт талабына ілесіп, тіл ағымын бойлап кете береді, ал белсенділік таныта алмағандары бірте-бірте бәсеңсіп, тіл қазынасының бұйығы қорын жасаушы тарихаят дүниеліктерге айналады. Бірақ, кезеңі келгенде олардың қайта серпіліп, қарым-қатынастың өткір де өтімді кұрамына айналып кетуі әбден ықтимал.

Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.

Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Әдеби тілге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Әдеби тілдің арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Әдеби тілдің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады.

Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мысалы ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз.

Сонымен бірге Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл — Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетикалық қызметі болып табылады. Әдеби тілдің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]