Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1 -тапсырма. Мәтіннен келер шақтағы етістікті табыңыз.

2 тапсырма. Сөз тіркестерінен келер шақтағы сөйлемдерді құрастырыңыз.

Сауда айналымы, өтпелі кезең, инвестиция тарту, жаңа серпін, банқротқа ұшырау, әлемдік деңгей, нақты шаралар, мүше болу, емшілік қызметі, тиімді әріптестік.

3 тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Поддержание общественной безопасности и порядка – центральная задача государства. В Германии ее выполнение возложено на органы земель и федерации.

ФРГ поддерживает дипломатические отношения почти со всеми странами мира. 3 октября 1990 года были реформированы вооруженные силы бывшей ГДР. Бундесвер подчиняется политическому руководству. Верховный федеральный суд находится в г. Карлсруэ.

Бөж тапсырмасы

Германияда оқу үшін орынды негіздер

Германия өзінің тарихи қалаларымен және әр алуан ландшафтымен ғана әйгілі емес, ол сондай-ақ бүкіл әлемге танылған мәдениет және өнер орталығы болып табылады. Германия әлемнің жетекші жоғары дамыған индустриалды мемлекеттердің қатарына жатады, бұл жоғары дәрежелі университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтардың елі.

Mercedes автокөліктері және «Siemens» фирмасының телефондары, MP3-формат, аспирин таблеткалары – осының бәрі Германияны бүкіл әлемге әйгілі еткен аз ғана жетістіктер. Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ, 2010 жылы Германиядан бір миллиард АҚШ долларынан астам сомаға өнім импортталды.

Экономикалық табыс неміс жоғары оқу орындарының және зерттеу зертханаларының жетістіктерімен тығыз байланысты. Соңғы 19 жылда 20 неміс ғалымы Нобель сыйлығын алды. Көп ғасырлық дәстүрі бар университеттер, мәселен, Хайдельберг қаласының университеті, жас әрі инновациялық жоғары оқу орындарымен және жоғары санатты алдыңғы қатарлы зерттеу орталықтарымен қатар бүкіл әлемнің студенттері мен ғалымдарына оқу және ғылыми қызмет үшін мүмкіндіктердің кең аясын ұсынады.

Германияда оқудың төмендегідей жақсы жақтары бар:

Ең алғашқы неміс университеті 1386 жылы Хайдлбергте құрылды. Ал бүгінгі таңда 300-ден астам неміс жоғары оқу орындары жоғарғы дәрежелі білім береді.

100 млн-дай адамның ана тілі боп табылатын неміс тілі –Еуропадағы ең көп қолданылатын тіл. Үздіксіз өсіп отырған неміс экономикасы мен оның бүкіл әлемдік қатысы неміс тілінің әлем нарығындағы құнын уақыт озған сайын жоғарылатып отыр.

Студенттердің тіршілік шығындары алуан түрлі жәрдем көрсету қорлары мен қолдаулар арқылы қысқаруда.Жоғары оқу орындарының бос уақытты көңілді өткізуге арналған әр түрлі спорттық, мәдени және басқалай ұсыныстары университет территориясынан тыс жерлерде де орын алады.

1-тапсырма. Мәтін бойынша өз ойыңызды білдіріңіз.

2-тапсырма. Мәтіннен келер шақтағы етістікті табыңыз.

3-тапсырма. Қазақстан және Германия жоғары оқу орындары тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]