Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Сегізінші сабақ

Лексикалық тақырып: Тіл мәдениеті, қазақтың фольклоры, шежіресі.

Грамматикалық тақырып: -нікі, -дік, -тікі. жұрнақтары.

Мақсаты: Тіл мәдениеті, қазақтың фольклоры, шежіресі туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқыңыз.

Тіл мәдениеті, қазақтың фольклоры, шежіресі.

Мәдениет – дегеніміз адамның ойлау, өзіне де, айналасындағыларға да талдау жасай білу қабілеті. Адамдарды ізгілікті, ақылды, моральдық міндеттемелерді мойнына алатын сыншыл жанға айналдыратын да мәдениет.

Мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралық сақталуы тиіс. Әсіресе тіл мәдениетін сақтау, ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі.

Халқымыздың қазіргі мәдени, рухани жағдайы, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді дамытуға байланысты баспасөз бетінде неше түрлі мәселелер көтеріліп жатады.

Сондай мәселенің бірі – халқымыздың мәдени өмірінің тұтқасы болып келе жатқан мол мұрасы, ел байлығы – тілін байытқан үстіне байыта, толықтыра, көркейте түсу ішкі мүмкіншіліктерін аша түскенде ғана төл мәдениетіміздің өркен жаяры даусыз.

«Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп, дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал-әрекеттерді қамтиды.

Тіл мәдениеті дегеніміз – ғылым сөзімен айтсақ, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларды ұстану, ол заңдылықтарды бұзбай, жетілдіре, орнықтыра түсу» - дейді ҚР ҰҒА корреспондент – мүшесі, профессор Р. Сыздықова. Тіл мәдениеті – тілдік норманың, тіл тәсілдерінің жетіліп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен «сөз мәдениеті», сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады. Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән берілген, қай халық болса да қатты бағалаған. Сөйлеу мәдениеті сөз өнеріне де қатысты. Сөзге шешен адам мәдениетті, әрі шебер сөйлейді.

Тіл мәдениеті ғылымын ауызша сөйлеу мәдениеті және сөз қолдану – жазу мәдениеті деп бөлуге болады.

Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына

Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлттық дәстүр

Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді.

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді.

Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады

Еске түсірейік:

нікі,

дікі,

тікі

тәуелдік форманың екінші түрі. Сұрақтары кімдікі? Ненікі?

нікі

дауысты дыбыстардан соң +, ата+нікі, көше+нікі, бөлме+нікі т.б..

дікі

ұяң және үнді й,л,м,н,ң,р,у дыбыстардан соң +, күз+дікі, қой+дікі,аң+дікіт.б..

тікі

қатаң дауыссыз қатаң және ұян дыбыстардан соң +,университет+тікі, клуб+тікі т.б..Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарғандықтан сөйлемнің соңында тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]