Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедия. Алматы 1974. 22 – 29 б.

2. Ш.Бектұров. А.Бектұрова. Қазақ тілі, А., Рауан, 1994. 398 – б. З.Ш.Ерназарова, Н.Қ. 3. Мұхамедиева...Қазақ тілі (елтану) орта және жалғастырушы топтар үшін. Оқу құралы. Алматы ,Ол-жас, 2005.60,80 беттер

4. Мұратова Г.Ә Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: «Арда», 2005. – 8 – 13 бб.

5. Электрондық нұсқа. Мұратова Г.Ә 38 – 43 бб.

6. Электрондық нұсқа. Тойбекова С.Р., Кәрібаева С.Е. Оқу кұралы. – Алматы «ҚазАқпарат» 2008. - 48 – 54 бб.

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақ тілінің салаларлық термин сөздері, 2000 ж,

2. Бектаев К. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы. «Алтын қазына», 1999.

7) Білімді бағалау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; бланкілік тестілеу формасында екі аралық бақылау; қорытынды бақылау аралас емтихан түрінде өтеді.

Ағымдық бақылау - 20%

БӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Аралық бақылау:

Тестілеу - 20%

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

% мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

үздік

үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

жақсы

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

8. Оқу тәртібінің саясаты. Кәсіби қазақ тілі пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде семинар (практикалық) сабақ – 30 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмалары, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК

Академиялық бейімделгіштік – бұл белгіленген академиялық кезеңде оқу немесе зерттеу жүргізу үшін білім алушының немесе оқытушы-зерттеушінің тез бейімделуі: өзге жоғары оқу орнындағы (мемлекет ішінде немесе шетелдегі) семестрді немесе оқу жылын міндетті түрде кредит есебінде меңгерілген білім бағдарламасын өз жоғары оқу орнында есептету немесе оқуын өзге жоғары оқу орнында жалғастыру;

Академиялық дәреже (Degree) – білім алушыға білім беру ұйымы тарапынан қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша меңгерген білім берудің оқу бағдарламасына сәйкес берілетін дәреже;

Академиялық еркіндік – оқу үдерісі субъектілеріне таңдау компоненттерінің пәндері бойынша, білім алушылардың шығармашылық дамуы үшін жағдай тудыру мақсатында білім беру ұйымдары мен оқытудың қосымша түрлерін, оқытушыларды және оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін қолдану бойынша білім мазмұнын дербес анықтауындағы өкілеттіліктер жиынтығы;

Академиялық кезең (Term) – білім беру ұйымының өзі белгілейтін үш форманың – семестр, триместр, тоқсан – біріндегі теориялық білім беру кезеңі;

Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы бойында өткізілетін оқу және бақылау шаралары, кәсіби практикалар мен демалыс күндері (каникулдар мен мерекелер) көрсетілген күнтізбе;

Академиялық сағат – білім алушының оқытушымен бірге бекітілген кесте бойынша оқу сабақтарының барлық түрінде (аудиториялық жұмыс) немесе жекелей өткізетін жұмыс уақыты;

Белсенді үлестірмелі материал (БҮМ) (Hand-outs) – оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);

Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық бақылау нәтижелері бойынша белгіленетін білім алушының пәннің оқу бағдарламасын меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

Білім алушының аралық аттестациясы – емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында

қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының оқудағы жетістіктері – оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;

Білім алушының оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – БОӨЖ) – білім алушының бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен өткізілетін аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына байланысты ол мынадай түрлерге бөлінеді: студенттің оқытушының жетекшілігімен өткізетін өздік жұмысы (ары қарай – СОӨЖ), магистранттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – МОӨЖ) және докторанттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – ДОӨЖ);

Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;

Білім алушының үлгерімін ағымдық бақылау – академиялық кезең үрдісінде оқу бағдарламасына сәйкес оқытушының өткізген аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білім алушының білімін жүйелі тексеру;

Дәріс (лат. Lectuo - оқу) – белгілі бір тақырып бойынша материалды баяндау. Жоғарғы оқу орындарында жаңа білімді хакбарлаудың алдыңғы қатарлы әдісі.

Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Екідипломды білімекі тең дәрежелі (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major-Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім бағдарламасы) бойынша параллель оқу мүмкіндігі;

Жеке оқу жоспары – типтік оқу жоспары мен таңдау пәндері каталогының негізінде әр оқу жылына эдвайзердің көмегімен білі алушының өзі құрастыратын оқу жоспары;

Жұмыс оқу жоспары – білім беру ұйымдары мамандықтың типтік оқу жоспары мен білім алушының жеке оқу жоспары негізінде жасайтын құжат;

Кезеңдік бақылау – оқу пәнінің бөлігін (модульді) аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқу жетістігін бақылау;

Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі;

Қорытынды бақылау – аралық аттестаттау кезеңінде емтихан түрінде өткізілген оқу пәнінің бағдарламасын меңгеруін бағалау сапасы мақсатында білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық кезеңде оқытылса, онда қорытынды бақылау белгілі академиялық кезеңде оқытылған бөлімі бойынша өткізіледі;

Оқудағы жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибедегі әріптік жүйеге сәйкес қабылданған және білім алушының рейтингісін анықтайтын оқудағы жетістіктері деңгейін баллмен бағалау жүйесі;

Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне алдын-ала жазылу амалдары;

Оқу пәнәнің саясаты (грек. Politike – мемлекетті басқару өнері) – оқытушының пәнді оқыту барысында студентке қоятын талап деңгейінің жүйесі.

Пәннің бағдарламасы (Syllabus) – пәннің қысқаша бағдарламасы, оның құрамында оқытылатын пәннің сипаттамасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, оның қысқаша мазмұны, тақырыптар мен оларды оқу мерзімі, өздік жұмыс тапсырмалары, кеңес беру уақыты, білім алушының білімін тексеру кестесі, оқытушы талаптары, білім алушының білімін бағалау ұстанымдары және әдебиет тізімі беріледі;

Пәннің сипаттамасы (Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады), онда пәннің мақсаты, міндеттері және мазмұны сипатталады;

Постреквизиттер (Postrequisite) – берілген пәнді оқып болғаннан кейінгі білім, шеберлік және дағдыны қажет ететін пәндер;

Пререквизиттер (Prerequisite) – оқытылатын пәнді меңгеруі үшін қажетті білім, шеберлік, дағдыларды қалыптастыратын пәндер;

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Силлабус (лат. Syllabus – қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.

СОӨЖ – оқытушының жетекшілігімен жасалған студенттердің өздік жұмысы.

СӨЖ – оқытушының қатысуынсыз орындалатын студенттің жоспарланған жұмысы.

Семинар – (лат. Seminarum - орда) – жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты – оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Таңдау пәндері – білім беру ұйымдары енгізетін және белгіленген кредиттер аясында таңдау компоненті құрамына кіретін оқу пәндері, олар нақты аймақтың қажеттілігін және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін, жоғары оқу орнында қалыптасқан ғылыми мектептерді есепке ала отырып, білім алушының жеке дайындығын сипаттайды;

Типтік оқу жоспары – білім берудің кәсіби оқу бағдарламасының оқу пәндерінің көлемі мен тізбесін, олардың оқытылу тәртібі мен бақылау формасын белгілеп беретін құжат;

Транскрипт (Transcript) – кредиттері мен әріптік және сандық мәндегі бағалары берілген оқу кезеңінде меңгерілген пәндер тізімі көрсетілген құжат;

Тьютор – нақты пәнді меңгеруде білім алушының академиялық кеңесшісі рөліндегі оқытушы;

Тренинг – студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.

Үлгерімнің орташа баллы (Grade Point Average - GPA) – таңдалған бағдарлама бойынша білім алушының бір оқу жылындағы оқудағы жетістіктер деңгейінің орташа есептелген бағасы (барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау бағаларының сандық эквивалентінің кредиттерін ағымдық оқу кезеңіндегі кредиттердің жалпы санына шаққандағы есебі);

Эдвайзер (Advisor) – оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын игеруде және оқу траекториясын (жеке оқу жоспарын құрастыруда) таңдауда ықпал ететін, мамандыққа сәйкес білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын оқытушы;

Элективті курстар – (ағылш. Elect - таңдаулы) – студент өз еркімен таңдап алатын курстар

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедия. Алматы 1974. 22 – 29 б.

2.Ш.Бектұров. А.Бектұрова. Қазақ тілі, А., Рауан, 1994. 398 – б. З.Ш.Ерназарова, Н.Қ. 3.Мұхамедиева...Қазақ тілі (елтану) орта және жалғастырушы топтар үшін. Оқу құралы. Алматы ,Ол-жас, 2005.60,80 беттер

4.Мұратова Г.Ә Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: «Арда», 2005. – 8 – 13 бб.

5.Электрондық нұсқа. Мұратова Г.Ә 38 – 43 бб.

6.Электрондық нұсқа. Тойбекова С.Р., Кәрібаева С.Е. Оқу кұралы. – Алматы «ҚазАқпарат» 2008. - 48 – 54 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1.Қазақ тілінің салаларлық термин сөздері, 2000 ж,

2.Бектаев К. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы. «Алтын қазына», 1999.

БІРІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихы.

Грамматикалық тақырып: Мезгіл, мекен үстеулері.

Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның басқа елдермен байланысы туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]