Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Бөж тапсырмасы Полиглот деп кімді айтады?

Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды полиглоттар дейді. Мұндай адамдар бұрын көп болған, қазір де бар. Біздегі деректерге арқа сүйесек, кардинал Меццофанти (1774-1849 ж.ж.) жүзден астам тілдер ді біліпті. Ал, 1961 жылы Германияда қайтыс болған профессор Геестерман 132 тілді білетінді. Итальяндық профессор Тальявани де шама мен соншалықты тілдерді үйренген, мәскеулік И.Дворецкий де олардан қалыспай, өз заманында жойылып кет кен де көптеген тілдерді біліп, сондай қолжазбаларды оқығаны тарихтан бізге белгілі деректер.Атақты неміс археологы Генрих Шлиман шетелдік тілдерді тез үйреніп алған.Шлиман барлығы 14 тіл білген.

Эстондық Пауль Аристэ қырық тілді білген. Ол бұл тілдерді қалай үйренген? Өзінің ғылыми еңбектерін он бес тілде жазажы, ал жиырма тілде еркін сөйлейді. Қалған тілдерді ораташа біледі.

Оның ана тілі эстон тілі, бірақ орысша және немісше бала кезінен бастап сөйледі. Үйлерінің жанында орыс отбасылары тұрды, сондықтан бала олармен орысша сөйлеп үйренді. Неміс тіліне ата анасы арнайы оқытты. Бұл оның алғашқы шет тілдері болды.

Гимназияда П.Аристэ латын мен ағылшынды меңгерді. 14 жасында эсперантоны оқып үйренді. Шет тілін меңгертудегі оның басты принципі бірден сол тілде сөйлеу.

«Мен 100 сөз білгенде ғана сөйлей бастаймын. Көптеген адамдар тілді біле тұра, сөйлеуге қорқады. Егер адам қателесуден қорықса, ешқашан еркін сөйлеп үйренбейді» - дейді Аристэ. «Сіздің ойыңызша, қай тіл ең әдемі тіл?» - деп одан сұрағанда, ол «Әрине, ана тілі»,- деп жауап берді.

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.

2-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, ойыңызды жазбаша өрбітіңіз.

а. «Полиглот» сөзін қалай түсінесіз?

ә. Бір шет тілін меңгерсең, екінші тілді үйрену оңай дейді. Шынымен солай ма?

б. Тілді оқығанда еркін сөйлеу үшін психологиялық кедергіні жою керек деп санайды біреулер, сіз осыған келісесіз бе?

Жетінші сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақ әдебиетінің алыптары және ағылшынның атақты жазушысы Чарльз Диккенс.

Грамматикалық тақырып:Өткен шақ,түрлері

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің алыптары А.Құнанбаев және М.Әуезов туралы мәлімет бере отырып, екі жазушының шығармаларын талдау.Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

А.Құнанбаев 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында туған. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Абай өлең жазуды 10 жасында бастаған. Оның шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ақыңның «Масғұт» және «Ескендір» поэмасы бар.

Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Абай – аудармашы. Ол "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған. Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың бірқатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда,Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.Абай И.А. Крыловтың мысалдарын казақ тіліне аударумен де айналысты.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған.

1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі.1924 – 1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды.

1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. Ол «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.

«Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

Лексика - грамматикалық тапсырмалар:

1-тапсырма.Мәтінді оқып, түсініңіздер

2-тапсырма.Мәтінге жоспар құрыңыздар

3-тапсырма. Сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыздар.

4- тапсырма.Мәтіннен өткен шақта айтылып тұрған етістіктерді тауып жазыңыз

5-тапсырма. Жедел өткен шақты еске түсіріңіз.Жазу, тұру, болу және көру етістігін жедел өткен шақта жіктеңіз.

БӨЖ тапсырмасы

Чарльз Диккенс

(1812-1870)

Чарльз Диккенс- ағылшын жазушысы. Ағылшын әдебиетіндегі реалистік романның негізін салушы Чарльз Диккенс (1812-1870)– Ұлыбританияның ұлттық мақтанышы. Ол Портсмут маңындағы Лендпортта дүниеге келген. Лондонда тұрып,шығармаларына қала өмірін өзек етіп алған.

Алғашқы "Поплар - Уақыттағы түскі тамақ"(1833) әңгімесі мен "Боз очерктері"(1836) арқылы Диккенс қалалық қаламгер ретінде танымал болып,шыншыл сатира мен өміршең юморға бейімділігін көрсетті.

Жазушы өз романдарында аңқау,қорғансыз кейіпкерлерін өзімшіл және есеппен өмір сүретін ортаға қарсы қою арқылы өз заманының адамгершілік,имандылық мәселелерін көтере білді.Диккенстің "Бастилия тұтқыны" атты шығармасы 1923ж.қазақ тіліне аударылған. Сонымен ағылшын жазушысы Чарльз Диккенс (1812-1870) жиырма төрт жасында «Пиквик клубының жазбалары», 25 жасында «Оливер Твист», 26 жасында «Николас Никльби», 27 жасында «Ескіліктің жаймасы» романдарын жазып, Англиямен қатар шетелдерде де кеңінен белгілі болған. Диккенс өзінен кейінгі әдебиетке зор ықпалын тигізген жазушы. Бұл туралы орыс әдебиетінде Достоевский, Лесков, неміс әдебиетінде Кафка, АҚШ-та Фолкнер, т.б. айтып өткен.

1-тапсырма.Мәтінді оқып, түсініңіздер

2-тапсырма.Мәтінге жоспар құрыңыздар

3-тапсырма. Сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]