Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НСУ-Лекция конспектілері.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
2.13 Mб
Скачать

14.2.1 Сынақ жоспарлары.

Сынақ жоспарлары деп таңдау көлемі, сынақ жүргізудің тәртібі және олардың тоқтау критериі тәртібін айтамыз. Анықтайтын сынақтың кеңінен таралған жоспарларын қарастырайық. Жоспар аталуын үш әріппен (санмен) белгілеу қабылданған: олардың біріншісі сыналатын жүйелер санын білдірсе, екіншісі кедергінің бар болуы немесе кернеудің жоқ болуын білдіреді, үшінші сынақтың тоқтау критериін білдіреді.

[ NUT ] жоспары N жүйелерінің бірдей сыналғанына сәйкес келеді. мұндай жүйелер істен шыққаннан кейін қалыпқа келмейді. Сынақты әр істен шыққан жүйе жұмыс істегеннен

Басқару жүйелерінің сенімділігі пәні бойынша лекция материалдарына қосымша деректер

1 Дәріс. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Сенімділік ғылымы – істен шығу себептерін, олардың таралу заңдылықтарын, сенімділікті бағалау және есептеу тәсілдерін, сонымен қатар сенімділік сынағынан өткізу және сенімділікті жоғарылату жолдарын қарастыратын ғылым.

Төменде сенімділік теориясында қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар келтірілген

Жүйе және бөлшек.

Жүйе деп белгілі бір жұмысты атқару кезінде бір-бірімен әсерлесетін бөлшектердің жиынтығын айтады.

Жүйе бөлшектері деп жүйенің дербес, одан ары жіктелмейтін құрамын айтады. Бұл жағдайда бөлшектің ішкі құрылысы зерттеу мәселесіне жатпайды. Жалпы жағдайда жүйе және бөлшек ұғымдары шартты түрдегі ұғымдар: зерттеу мақсатына қарай, бір жағдайда жүйе деп қарастырылған ұғым, басқа жағдайда жүйе бөлшегі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Техникалық жүйелердің негізгі күйлері мен оларда орын алатын оқиғалар. Жүйенің жұмыс істей алу қабілеттілігі деп (работоспособность), жүйе өзінің негізгі көрсеткіштерін (параметрлерін) нормативтік-техникалық құжаттардың талабына сәйкес ұстай отырып, өзіне тиесілі функцияны атқара алатындай жүйенің күйін айтады.

Сәйкесінше, жүйенің жұмыс істей алмау қабілеттілігі деп (неработоспособность), жүйе параметрлерінің ең болмағанда біреуі нормативтік-техникалық құжаттардың талабына сәйкес келмейтіндей жүйе күйін айтады. Мысалға, егер термометрдің өлшеу қателігі оның тағайындалған қателігінен артып кетсе, онда ол термометрдің жұмыс істей алу қабілеттілігі жоқ деп есептеледі.

Жүйенің ақаусыздық күйі деп (исправное состояние), жүйенің барлық параметрлерінің нормативтік-техникалық құжаттардың талабына сай келетіндей жүйе күйін айтады. Сәйкесінше жүйенің ақаулы күйі деп (неисправное состояние), жүйе күйінің нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының ең құрығанда біреуін қанағаттандыра алмайтын күй. Жұмыстық қабілеттілікпен ақаусыздықтың араларындағы айырмашылық мынада. Жұмыстық қабілеттілік жүйенің тек қана жұмысты атқаруға қажетті талаптарды ғана қанағаттандырып, ал қалған талаптарды қанағаттандырмауы мүмкін, ал ақаусыздық – жүйеге қойылған барлық талаптарды қанағаттандаруы тиіс. Мысалға, жүйе бөлшектерінің сыртқы әшекейіне қойылатын талаптар. Ақаусыздық күй жұмысқа қабілеттілік күймен салыстырғанда анағұрлым кеңірек ұғым. Егер жүйе ақаусыз болса, онда ол жүйеде әрқашан да жұмыстық қабілеттілік болады.

Жүйенің жұмысқа қабілеттілік күйі бұзылған жағдайда, яғни жұмыстық күйден жұмыссыздық күйге ауысу оқиғасы орын алса, онда бұл оқиғаны істен шығу (отказ) деп атаймыз. Егер жүйе ақаусыздық күйден ақаулы күйге (бірақта жүйенің жұмыс істеу қабілеті бар) ауысқан жағдайда, онда бұл оқиғаны зақымдану (повреждение) деп атаймыз.

Сенімділік теориясындағы негізгі ұғымның бірі – істен шығу. Істен шығу оқиғасы кенеттен немесе біртіндеп өтуі мүмкін. Егерде жүйенің (жүйе бөлшектерінің) бір немесе бірнеше негізгі параметрлерінін өзгерісі лезде (секіртпелі түрде) өтсе, онда істен шығу кенеттен болады. Кенеттен істен шығу өндірістегі түрлі технологиялық операциялардың кемшілігінен немесе жүйе параметрлерінің сыртқы ортаның ықпалымен (вибрация, динамикалық жүктеме т.с.с.) туындайтын өзгерісінен болады. Біртіндеп істен шығу оқиғасында, жүйені эксплуатациялау кезінде жүйе параметрлері біртіндеп (баяу) өзгеріске ұшырайды. Істен шығудың бұл түрі жүйе бөлшектерінің біртіндеп қажалуынан (тозуынан), сонымен қатар баптау ережелерінің бұзылуынан туындайды. Егер жүйенің істен шығу уақыты аз болып және жүйе жұмыстық күйге өздігінен оралса, онда ондай істен шығуды уақытша істен шығу (сбой) деп атайды. Істен шығу оқиғаларын талдау нәтижесінде, істен шығумен күрестің тәсілдері айқындалады.

Жүйені қалыпқа келтіру деп, жүйенің жұмыссыздық күйінен жұмыстық күйіне ауысуын айтады. Қалыпқа келтірілмейтін жүйелерге істен шыққан мезетте оларды қайтып қалыпқа келтіру мүмкін болмайтын жүйелер жатады. Сәйкесінше, қалыпқа келтірілетін жүйелерге істен шыққан мезетте қалыпқа келтірілетін жүйелер жатады. Қалыпқа келтірілетін жүйелердегі орын алатын негізгі күйлер мен оқиғалар 1.1-суретте келтірілген.Бұл схемада жүйенің шекті күйіде көрсетілген. Жүйенің шекті күйі деп, жүйені одан оры қолдану тиімді емес немесе мүмкін болмайтын күйді аитады. Жүйе шекті күйге түскен мезетте, оған түпкілікті жөндеу жүргізу немесе қолданыстан мүлде алып тастау қажет.

Жүйені одан ары қолдану мүмкін емес

1.1 Сурет Қалыпқа келтірілетін жүйелердің күйлері мен оларда кездесетін оқиғалар.

Сенімділік теориясында кездейсоқ шама ретінде жүйенің (бөлшектің ) жұмыс істеу уақыты алынады. 1.2 суретте жүйені эксплуатациялау графигі келтірілген. Графиктен көретініміз, жүйенің жұмыс істеу уақыты келесі уақыт интервалдарының қосындысымен анықталады. Т= t1 +(t3-t2)+(t5-t1)

мұндағы t1, t3 жүйені тоқтату мерзімдері (мысалға, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін), t2, t4 жүйені қайталап іске қосу уақыттары, t5 жүйенің істен шығу мерзімі

t

0 t1 t2 t3 t4 t5

1.2 сурет Жүйенің жұмыс істеу уақытын анықтауға арналған график

Жүйе сенімділігі деп, берілген уақыт интервалында эксплуатациялық көрсеткіштерін берілген мәнде (талапқа сай) ұстай отырып, өзіне тиесілі функцияны атқара алатындай жүйенің қасиетін айтады. Сенімділік жүйенің комплекстік қасиетін сипаттайды да, келесі құрамдардан тұрады: істен шықпаушылық(безотказность), жөндеуге жарамдылығы (ремонтопригодность), ғұмырлылығы (долговечность) және сақталымы (сохраняемость).

Жүйенің істен шықпаушылығы деп, берілген уақыт интервалында жүйенің жұмыстық қабілетін үздіксіз сақтау қасиетін айтады. Бұл көрсеткіш жүйенің қаншалықты ұзақ мерзімде істен шықпай, өзіне тиесілі функцияны атқара алатын қабілетін сипаттайды.

Жүйенің жөндеуге жарамдылығы (икемділігі) деп, жүйенің істен шығуға бейімділігін, істен шығудың себеп салдарын анықтап, оны жоюға мүмкіншілігін сипаттайтын жүйенің қасиетін айтады. Жөндеуге икемділік жүйенің құрылымдық схемасының қалайша жинақталғандығына (мысалға, тез арада айырбасталатын жекеленген блоктардан тұрама) және жүйе жұмысын қадағалаушы құралдармен жабдықталу дәрежесіне байланысты боп келеді. Сол сияқты, жөндеуге икемділік сипаттамалары жүйені баптап күтуші адамдардың квалификациясына да тәуелді.

Жүйе ғұмырлылығы деп, жүйе өзінің жұмыстық қабіліттілігін шекті күйге түскенге дейін (қажетті техникалық қызмет көрсету және жөндеу мерзімдерін қосып есептегенде) сақтап қалу қасиетін айтады. Жүйе ғұмырлылығы техникалық жабдықтардың ғұмырлылығына және жүйелердің моральдік қартаюға бейімділігіне тәуелді боп келеді. Ғұмырлылықтың көрсеткіштері ретінде қор (ресурс) және қызмет мерзімі (срок службы) алынады

Қор деп, жүйенің жұмыстық қабілетінің сақталу уақытының мөлшерін (түрлі профилактикалық үзілістерді қосып есептегенде) айтады. Қызмет уақыты деп, жүйенің шекті күйге түскенге дейінгі эксплуатациялау мерзімінің ұзақтығын айтады. Эксплуатациялау мерзімі техникалық құжаттарда көрсетіледі.

Жүйе сақталымы деп, жүйелерді сақтау кезінде және оларды бір жерден екінші жерге ауыстыруда (транспортировки) олардың істен шықпаушылық және жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерінің мәнін сақтап қалу қасиетін айтады.

Әдебиет нег. 1 [10-15]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйе және бөлшек ұғымдары

  2. Қалыпқа келтірілетін жүйелердің күйлері мен оларда кездесетін оқиғалар

  3. Жүйелердің сенімділігі туралы ұғым

4 Сенімділіктің құрамдық бөліктері: істен шықпаушылық(безотказность), жөндеуге жарамдылығы (ремонтопригодность), ғұмырлылығы (долговечность) және сақталымы (сохраняемость).