Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НСУ-Тжірибелік сабатар.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
189.44 Кб
Скачать

СМЖ-нің 3 деңгейлі құжаты

Н 10/1.140-2008

Әдістемелік нұсқау

Баспа 2

Енгізу күні 05.05.2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

м.х.дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

___________________________________

___________________________________

_________________ ________________________

/қолы/ /аты-жөні./

«_____»_______________200__ж.

_________________ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ орындау үшін

/жұмыстың атауы/

__________________БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СЕНІМДІЛІГІ ________________________

/пәннің атауы/

_5В070200 «АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ»

/мамандық шифры/

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тараз 20___

Әдістемелік нұсқау __________________________________________________ орындау үшін

/тәжірибелік, зертханалық жұмыстың атауы/

________________________________________________________________________________

/пәннің атауы/

________________________________________________ мамандығының білімгерлері үшін

/мамандық шифры/

пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.

Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:

___________________________ ______________________

/аты-жөні/ /қолы/

___________________________ ______________________

/аты-жөні/ /қолы/

Әдістемелік нұсқау __________________________________________________________

/кафедра атауы/

______________________________________________ кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №_____ «______»_____________200__ж.

Қалыпқа келтірілмейтін жүйелер

1 практикалық сабақ

Тақырып: Істен шығуға дейінгі жұмыс уақыты экспоненциалдық заңдылыққа бағынған жағдайда, жүйелердің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау

Сабақ мақсаты: Жұмыс уақыттарының таралым заңдылығы белгігі болған жағдайда, жүйенің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтауға машықтану.

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 2, 3 және 4 дәрістерде келтірілген.

Тапсырма: Элементтің істен шыққанға дейінгі жұмыс уақыты экспоненциалдық заңдылыққа бағынады. Заңдылық параметрі . t = 100, 500, 1000, 1500, 2000, 2500 сағ. тең деп алып, жүйенің сенімдідік көрсеткіштерін анықтаңдар және p(t), (t), f(t) тәуелділіктерін тұрғызып, талдау жасаңдар. (1000, 1500 сағ.) уақыт интервалындағы элементтің істен шықпау және істен шығу ықтималдылықтарын анықтаңдар.

Әдебиеттер қос. 5(3-15), қос. 7 (5-16), дәріс материалдары.

Бақылау сұрақтары :

  1. Экспоненциалдық заңдылықтың қолданыс аймағы.

  2. Таралым параметрі (t) уақыт бойынша қалай өзгереді?

  3. p(t), (t), f(t) көрсеткіштерінің өзгеру графиктерін көрсетіңдер

2 практикалық сабақ

Тақырып: Істен шығуға дейінгі жұмыс уақыты қалапты заңдылыққа бағынған жағдайда, жүйелердің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау

Сабақ мақсаты : Жұмыс уақыттарының таралым заңдылығы белгігі болған жағдайда, жүйенің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтауға машықтану.

Әдістемелік нұсқау : Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 2, 3 және 4 дәрістерде келтірілген. Сенімділік сипаттамаларын анықтау барысында қалыпты заңның нормалданған функциясын қолданыңдар.

Тапсырма: Элементтің істен шыққанға дейінгі жұмыс уақытының таралу заңдылығы қалыпты заңдылыққа бағынады. Заңдылықтың параметрлері белгілі: m = 100 cағ. және 2 = 1000 сағ. t1 = 70 сағ. дейінгі және t1 = 70 –тен t 2 = 90 сағ. дейінгі уақыт интервалындағы элементтің сенімлілік көрсеткіштерін p(t1), p(t1, t2), Q(t1), Q(t1, t2), f(t1), λ(t1) және Тср есептеңдер.

Ескертпе: Есептеуде қажет болатын қалыпты заңның нормалданған функциясының Ф(z) кейбір мәндері : z=0,95; 0,32 мәндері үшін, ф (0,95)=0,829 және ф (0,32)=0,626.

Әдебиеттер қос. 5(3-15), қос. 7 (5-17), дәріс материалдары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қалыпты таралым параметрлерінің мағанасы.

  2. Қалыпты заңдылықтың қолданыс аймағы

  3. Қалыпты заңның нормалданған функциясы Ф(z) арқылы істен шығу ықтималдылығы қалайша анықталады?

3 практикалық сабақ

Тақырып: Істен шығуға дейінгі жұмыс уақыты Вейбулла таралымына бағынған жағдайда, жүйелердің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау

Сабақ мақсаты : Жұмыс уақыттарының таралым заңдылығы белгігі болған жағдайда, жүйенің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтауға машықтану.

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 2, 3 және 4 дәрістерде келтірілген.

Тапсырма: Жүйелердің сенімділігі (механикалық жабдықтар, қуатты генераторлық лампалар, кейбір шала өткізгішті аспаптар) Вейбулла таралымымен сипатталады. Таралымның берілген параметрлері үшін және К = 2,6, жүйелердің t = 200, 400, 600, 800, 1000, сағ. сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін тауып, p(t), (t), f(t). тәуелділіктерін тұрғызыңдар. К = 1,0 және К = 0,5 деп алып, есептеулерді қайталаңдар. Есептеу нәтижесін талдап, К- параметрінің сенімділікке тигізер әсерін анықтаңдар.

Әдебиеттер қос. 5(3-15), қос. 7 (5-17), дәріс материалдары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Вейбулла заңдылығының қолданыс аймағы

  2. α және к параметрлерінің сенімділік функцияларына тигізер әсері

4 практикалық сабақ

Тақырып: Сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін статистикалық анықтау

Сабақ мақсаты: Сенімділік сынағының нәтижелері бойынша, істен шықпау P*(t) және істен шығу Q*(t) ықтималдылықтарын, істен шығу жиілігі f*(t) мен істен шығу қарқынын λ*(t) анықтау.

Әдістемелік нұсқау; Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 4 дәрісте келтірілген. Есепті шығару барысында (3.2), (3.7), (3.12), (3.16), сонымен қатар (12.2), (12.3) және (12.6) формулаларын қолданыңдар.