Тапсырма:
Сенімділіктің төмендегі құрылымдық схемасы бойынша, жүйенің сенімділігін есепте. Жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең
1 3
2 5 4
Әдебиеттер нег. 2 [53-54] , дәрістік материалдар
Бақылау сұрақтары:
-
Күрделі құрылымдық схемаларды қарапайым түрге келтірудің қандай тәсілдерін білесің?
-
Жұлдызды схеманы үшбұрышқа және керісінше түрлендіру тәсілінің негізінде не жатыр?
-
Есептеудің негізгі кезеңдерін атап өтіңдер.
№11 практикалық сабақ
Тақырып: Күрделі құрылымды базалық элементке жіктеу тәсілі.
Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау.
Әдістемелік нұсқау: Сенімділікті есептеу кезінде келесі тәртіпті ұстану қажет.
1 Базалық бөлшек ретінде 5 бөлшекті алыңдар.
2 5 –ші бөлшекті қысқа тұйықтап, алынған жаңа схемаға 5 бөлшекті тізбектей жалғаймыз. Жаңа схеманың сенімділігін (істен шықпау ықтималдылығы) есептеу кезінде, 5 бөлшектің жұмыс істеу ықтималдылығы р5 алынады.
3 5 –ші бөлшекті ажыратып, алынған схемаға 5 бөлшекті тізбектей жалғаймыз. Жаңа схеманың сенімділігін (істен шықпау ықтималдылығы) есептеу кезінде, 5 бөлшектің істен шығу ықтималдылығы (1-р5) алынады.
4 Жүйенің ізделіп отырған сенімділігі 2-ші және 3-ші пунктерде есептеліп табылған сенімділіктердің қосындысына тең.
Тапсырма: Жоғарыдағы тәсілді №10 практикалық сабақта қарастырылған сенімділіктің құрылымдық схемасына қолданып, жүйенің істен шықпау ықтималдылығын табыңдар. Есептеу кезінде жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең деп алыңдар.
Әдебиеттер нег. 2 [54,55], дәрістік материалдар
Бақылау сұрақтары:
-
Күрделі құрылымдық схемаларды қарапайым түрге келтірудің қандай тәсілдерін білесің?
-
Есептеудің негізгі кезеңдерін атап өтіңдер.
-
Бұл тәсілді қолдану барысында қандай пайымдамалар жасалады?
№12 практикалық сабақ
Тақырып: Күй тәсілі.
Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 8 дәрісте келтірілген. Күй тәсілі бойынша есептеу барысында келесі кестені қолданған жөн.
|
Күйлердің реттері |
Бөлшектердің күйдері |
Күйлердің ықтималдылықтары |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
1 2 … 16 |
|
|
|
|
|
|
Кестені толтыру барысында «+» таңбасымен бөлшектердің жұмыстық күйін, ал «-» таңбасымен істен шығу күйлерін белгілеу қажет (жұмыстық күй 16 тең). Жүйенің ізделіп отырған сенімділігі әрбір күй ықтималдылықтарының қосындысына тең (кестенің соңғы бағанасы).
Тапсырма: Жоғарыдағы тәсілді №10 практикалық сабақта қарастырылған сенімділіктің құрылымдық схемасына қолданып, жүйенің істен шықпау ықтималдылығын табыңдар. Есептеу кезінде жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең деп алыңдар.
Әдебиеттер нег. 1 [71,72], дәрістік материалдар
Бақылау сұрақтары:
1 Сенімділіктің құрылымдық схемасы тізбектей жалғанған үш бөлшектен тұрады. Схеманың жұмыстық және істен шығу күйлерін анықтаңдар.
2 Сенімділіктің құрылымдық схемасы параллель жалғанған үш бөлшектен тұрады. Схеманың жұмыстық және істен шығу күйлерін анықтаңдар.
-
Тәсілдің кемшілігі неде жатыр?
№13 практикалық сабақ
Тақырып: Минималды жол және минималды қима тәсілі .
Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау: Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 8 дәрісте келтірілген. Минималды жол және минималды қима тәсілімен құрылымдық схемаларды құру ережесі:
1 Алынған бір минималды жолдың бойындағы жүйе бөлшектері бір-бірімен тізбектей жалғанады, ал жолдар болса, бір-бірімен параллель қосылады. №10 практикалық сабақта келтірілген құрылымдық схема үшін минималдық жолдар болып келесі бөлшектердің жиынтығы алынады: 1,3; 1,5,4; 2,4; 2,5,3;
-
Әрбір минималдық қима бойында орналасқан бөлшектер бір-бірімен параллель жалғанады, ал қималардың өздері бір-бірімен тізбектей қосылады. №10 практикалық сабақта келтірілген құрылымдық схема үшін минималдық қималар болып келесі бөлшектердің жиынтығы алынады: 1,2; 3,4; 1,5,4; 2,5,3;
Минималдық жол тәсілі жүйенің істен шықпау ықтималдылығын жоғарғы жақтан шектейді, ал минималдық қима – төменгі жақтан шектейді .
Тапсырма: Жоғарыдағы тәсілді №10 практикалық сабақта қарастырылған сенімділіктің құрылымдық схемасына қолданып, жүйенің істен шықпау ықтималдылығын табыңдар. Есептеу кезінде жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең деп алыңдар.
Әдебиеттер нег. 1 [73-75], дәрістік материалдар
Бақылау сұрақтары:
-
Минималды жолды құрудың ережесі
-
Минималды қиманы құрудың ережесі
3 Минималды жол мен минималды қима тәсілдерінің нәтижелері бірдей ме?
№14 практикалық сабақ
Тақырып: Сенімділікті логико-ықтималдылық тәсілмен есептеу.
Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 8 дәрісте келтірілген. Төменде есептеуді негізгі кезеңдері келтірілген.
-
Жүйенің жұмыс істеу шарттарының сөз жүзінде айтылуы.
-
Жүйе жұмысының жұмыс істеу шартын логикалық функция Fл .арқылы өрнектеу.
-
Логикалық функцияны минимизациялау (қайталанбайтын формаға келтіру)
-
Логикалық функцияны Fл арифметизациялау
-
Оқиғаларды олардың ықтималдылықтарымен айырбастау
-
Жүйенің істен шықпау ықтималдылығын анықтау.
-
Алынған нәтижеге талдау жасау
Тапсырма: Жоғарыдағы тәсілді №10 практикалық сабақта қарастырылған сенімділіктің құрылымдық схемасына қолданып, жүйенің істен шықпау ықтималдылығын табыңдар. Есептеу кезінде жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең деп алыңдар.
Ескертпе: Логикалық функцияны Fл қайталанбайтын формаға келтіру үшін, функцияны 5 –ші базалық бөлшек бойынша екі құрылымға жіктеу қажет.
Әдебиеттер нег. 1 [75-79], нег. 2 [55-58], дәрістік материалдар
Бақылау сұрақтары:
-
Есептеудің негізгі кезеңдерін атаңдар
-
Математикалық логиканың негізгі заңдары
-
Қарапайым логикалық операцияларды атаңдар
-
Бұл тәсілдің кемшілігі
№15 практикалық сабақ
Тақырып: Граф өткелдерді қолдану тәсіліне негізделген есептеулер.
Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 9 дәрісте келтірілген. Есептеу кезінде (9.3), (9.4) және (9.5) формулаларын пайдаланыңдар.
Тапсырма:
Жүйе үш бөліктен тұрады. Әр бөліктің
істен шығу қарқыны
=0,01
1/сағ. тең, ал қалыпқа келтіру қарқыны
=2,0
1/сағ. Күйлердің граф өткелдері төменде
берілген. Жүйенің жұмыс қабілеттілігінің
ықтималдылықтарын және жүйенің даярлық
коэффициентін (ықтималдылықтардың
қосындысымен анықталады) табыңдар.




Ескертпе:: 1-ші күй – бөлшектердің бардығы жұмыс істеп тұр, күй ықтималдылығы р1; 2-ші күй – бөлшектің біреуі істен шыққан, ықтималдылығы р2; 3-ші күй - бөлшектің екеуі істен шыққан, ықтималдылығы р3; 4-ші күй – жүйенің барлық бөлшектері істен шыққан. λіј және μіј сәйкесінше мәндері:
λ 12=3λ=0,03; λ23=2λ=0,02; λ34= λ=0,01
μ21= μ=2; μ32=2 μ=4; μ43=3 μ=6;
Әдебиеттер нег. .2 [58-68], дәрістік материалдар
Бақылау сұрақтары:
-
Тікелей граф-өткел бойынша теңдеудерді құру ережесі.
-
Есептеулерді жеңілдетудің жолдары
Қалыпқа келтірілетін жүйелерді есептеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
