Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР даристер.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
412.16 Кб
Скачать

4.1.Диверсификация-тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде.

Кәсіпкерлік қызметтегі диверсификация дегеніміз-қаржыны бір-бірімен байланыссыз әр түрлі қызмет түрлеріне салу арқылы мүмкін болатын тәуекелділікті төмендету әдісі болып табылады.Егер қаржы салынған белгілі бір қызмет түрі ешқандай пайда әкелмесе, басқа бір қызмет түрінен пайда түсіру арқылы фирма банкроттыққа ұшырудан сақтана алады.

Диверсификациялауды 2 түрге бөлуге болады:

  • Концентрациялық

  • Горизонтальды

Концентрациялық диверсификациякезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға ұқсас өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Горизонтальды диверсификациякезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға мүлдем ұқсамайтын өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Диверсификация әдісі өндірістік,коммерциялық және инвестициялық тәуекелділіктерді төмендетеді.

Инвестициялық тәуекелділік құру арқылы төмендетіледі.Инвестициялық портфелге альтернативті мақсаты бар бағалы қағаздар кіреді.Альтернативті мақсаттар қатарына мыналар жатады:

  1. Салынған қаржыдан пайыз алу.

  2. Қаржыны инфляциядан сақтау.

  3. Сатып алынған акциялардың курстық құны өсу есебінен қаржының өсуін қамтамасыз ету.

1-топқа төмен ликвидті және тәуекелділігі жоғары бағалы қағаздар кіреді. Олар сәтті жағдай болған кезде жоғары пайыз әкелуі мүмкін.

2-топқаірі компаниялар немесе мемлекет шығарған ликвидтілігі жоғары,тәуекелділігі төмен алдын ала күтілетін шамалы ғана бірақ тұрақты түрде пайыз әкелетін бағалы қағаздар жатады.

3-топқажататын бағалы қағаздардың ликвидтілігі өте жоғары болады,мұнда инвестор оларды қайта сату арқылы пайда түсіруге ұмтылады. Алайда кез-келген тәуекелділікті диверсификациялау арқылы тәуекелділікті төмендету мүмкін емес.

.4.2.Тәуекелділікті беру әдісі

Тәуекелділікті төмендетудің келесі бір түрі болып табылады.

Тәуекелділікті беретін және оны қабылдайтын жаққа тәуекелділікті беру пайданың 3 себебі бар:

  1. Шығын мөлшері тәуекелділікті беретін жаққа өте зиянды болғанымен оны қабылдайтын жаққа мардымсыз болуы керек.

  2. Тәуекелділікті қабылдаушы оны берушіден қарағанда шығындарды төмендетудің тиімді әдісі мен тәсілдерін иемдену мүмкін немесе оның қаржылық жағдайы жақсы болуы мүмкін.

  3. Шаруашылық тәуекелділікті бақылауды және шығындарды төмендетуде тәуекелділікті қабылдаушының позициясы жақсы болуы мүмкін.

Тәуекелділікті берудің негізгі әдісі келісім шарт құру арқылы жүргізіледі:

  1. Құрылыс келісім шарттары-мұндай келісім шарт құрған кезде құрылыспен байланысты барлық тәуекелділікті құрылыс фирмасы өз мойнына алады. Құрылыспен байланысты тәуекелділік түріне және құрылыс объектісінің құнын жоғарлататындарға мыналар жатады. Материалдар мен жабдықтардағы тоқтап қалулар, ауа райы жағдайының нашарлығы, жұмысшыларының көтерілісі, құрылыс материалдарының ұрлануы және т.б.

  2. Жалға беру-тәуекелділікті берудің ең кең тараған түрі. Қаржылық жалға беру қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Мүлікпен байланысты барлық тәуекелділікті жалға беруші өз мойнына алады. Мүлікпен байланысты тәуекелділік түрлеріне мыналар жатады:

  • Мүлікке физикалық зиян келу

  • Мүлік салығының жоғарлауы

  • Мүліктің коммерциялық құндылықтың төмендеуі

3.Жүкті сақтауға және тасымалдауға келісім шарт-мұнда кәсіпкерлік фирма өнімді сақтауға және тасымалдауға келісім шарт құру арқылы жүк тасымалдайтын компанияға өнім жоғалған немесе бұзылған кездегі тәуекелдікті мойнына алуға мәжбүр етеді. Бірақ жүктің кешігуіне байланысты нарықтық бағаның өзгеру тәуекелділігін кәсіпкерлік фирма өз мойнына алады.

4.Сату,қызмет көрсету,жабдықтау келісім шарты-бұндай келісім шарт құру арқылы фирма тауарды қызмет көрсету кезінде болатын тәуекелділіктен құтылуға болады.

5.Кепілге алу келісім шарты-мұндай келісім шарт 3 жақ:

Кепілдік беруші, принципал, несие беруші

Кепілдік беруші несие берушіге принципалдың қарызы,оның қызметі,сәтті немесе сетсіз аяқталуына тәуекелсіз түрде қайтаратындығына кепілдік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]