Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР билет жауап.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
40.94 Кб
Скачать

1-билет

1.Келесі сұрақтарға жауап беріңіз (10 балл)

Тәуекелділікті басқару түсінігі және даму тарихы.

1.1. Тәуекелділік түсінігі және даму тарихы.

«Тәуекелділік» түсінігі және тәуекел – менеджер мамандығының даму тарихы. Тәуекелділік мәнін ашатын негізгі терминдер: кездейсоқтық, зиян, ықтималдылық, жағдай, жеке жағдайлар, жағдайлардың жиынтығы, инцидент, сценарий. Тәуекелділікті классификациялау: қауіпті жағы бойынша(техногендік, табиғи, аралас), қызмет сипаты бойынша(кәсіпкерлік, қаржылық және коммерциялық, кәсіби, инвестициялық, көліктік, өнеркәсіптік), обьект табиғаты бойынша( азаматтардың өміріне және денсаулығына зиян келтіретін тәуекелділік, азаматтық жауапкершілікпен келетін тәуекелділік).

Тәуекелділікті басқару сатылары: тәуекелділікті талдау, әсер ету тәсілін таңдау, шешім қабылдау, тәуекелділікке тікелей әсер ету, басқару процессінде нәтижесін ретке келтіру және бақылау.

Бүкіл әлемдік экономика соңғы 10 жылда бірқатар өзгерістерге ие болады. Ол бизнес процесіндегі ақпаратты,технологияны белсенді енгізу, ірі трансүлттық компания ортасында елеулі өзгерістердің болуы. Барлық салада басшыларының өзгеруі, мысалы телекоммуникацияда, фармацевтте, банктік секторда,т.с.с. Бүған негізгі себеп болып жатқан жағдайға жоспарды дұрыс құрмауында. Тәуекелділік менеджмент жеке ғылым ретінде XX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. І-ші зерттеулер АҚШ-тағы 1944 жылы болған апаттан кейін қауіпті өндірістердегі тәуекелділікті бағалау әдістемесін құруға әкеледі.

Тәуекелділік кез-келген процестің ажырамас сипаттамасы бола отырып, кез-келген компанияға елеулі әсер етеді. Компания қызметінің тиімділігін артттыру үшін тек қана тәуекелділікті бағалау ғана емес, сондай-ақ басқару тәсілдерін де анықтау керек.

Тәуекелділікті басқару - адам қызметінің саласында әр түрлі әсер ететін материалдық және физикалық шығын әкелуін зерттейтін синтетикалық пән. Ең бірінші рет "Тәуекелділік","3иян" түсініктері адам қызметінің іскерлік саласында сақтандыру істерінде сақталды. Кейіннен биржалық салада қолданды.

2. Келесі тест сұрақтарына жауап беріңіз (10 балл)

3. Келесі сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды негіздеңіз:(30 балл)

Тәуекелділікті азайту тәсілдері мен жолдары ішінде қай тәсілді таңдар едіңіз, неге?

Диверсификация-тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде.

Кәсіпкерлік қызметтегі диверсификация дегеніміз-қаржыны бір-бірімен байланыссыз әр түрлі қызмет түрлеріне салу арқылы мүмкін болатын тәуекелділікті төмендету әдісі болып табылады.Егер қаржы салынған белгілі бір қызмет түрі ешқандай пайда әкелмесе, басқа бір қызмет түрінен пайда түсіру арқылы фирма банкроттыққа ұшырудан сақтана алады.

Диверсификациялауды 2 түрге бөлуге болады:

• Концентрациялық

• Горизонтальды

Концентрациялық диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға ұқсас өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Горизонтальды диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға мүлдем ұқсамайтын өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Диверсификация әдісі өндірістік,коммерциялық және инвестициялық тәуекелділіктерді төмендетеді.

Инвестициялық тәуекелділік құру арқылы төмендетіледі.Инвестициялық портфелге альтернативті мақсаты бар бағалы қағаздар кіреді.Альтернативті мақсаттар қатарына мыналар жатады:

1. Салынған қаржыдан пайыз алу.

2. Қаржыны инфляциядан сақтау.

3. Сатып алынған акциялардың курстық құны өсу есебінен қаржының өсуін қамтамасыз ету.

1-топқа төмен ликвидті және тәуекелділігі жоғары бағалы қағаздар кіреді. Олар сәтті жағдай болған кезде жоғары пайыз әкелуі мүмкін.

2-топқа ірі компаниялар немесе мемлекет шығарған ликвидтілігі жоғары,тәуекелділігі төмен алдын ала күтілетін шамалы ғана бірақ тұрақты түрде пайыз әкелетін бағалы қағаздар жатады.

3-топқа жататын бағалы қағаздардың ликвидтілігі өте жоғары болады,мұнда инвестор оларды қайта сату арқылы пайда түсіруге ұмтылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]