Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР билет жауап.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
40.94 Кб
Скачать

1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз (10 балл)

Валюталық тәуекелділік және оны хеджерлеу стратегиясы

Валюталық тәуекелділік және оны хеджерлеу стратегиясы

Хеджерлеу – құнды қағаздар тәуекелділігіне байланысты қаржы операцияларының тәуекел жоюға немесе шектеуге мүмкіндік беретін кез келген әрекет сызбасы.

Валюталық келісім түрлері: «СПОТ» -валютаны жылдам жеткізу; «Форвордты»- тез мерзімді келісім; «СВОП» - белгілі бір мерзімге екі валютаның арасындағы сату-сатып алу операциялары. «Арбитражды келісім»- әртүрлі валюталық нарықта валюталық курстың айырмашылығы есебінен пайда алу мақсатында келісім жасау. Мұның негізгі мақсаты валютаны арзан бағамен алып оны қымбатқа сату.

«Форпвардты» операциялық тәсілге есеп:

1. Сауда компаниясына жыл аяғында келісім шарт бойынша 10000000 ресей рубльімен төлеу қажет. Компанияның қаржы менеджері курс 2005 ж. Желтоқсан айында 4,9 тг/р-ден 4,96 тг/р-ге дейін өсіп кетеді деп қауіптенеді. Бұл компания үшін 49600000 теңгеге шетел валютасына валюталық тәуекелділікті сақиандыру үшін ауыстырып алу қажет. Бірақта, 30 сәуірде фьючерстік келісім шарты 2005 ж. 15 желтоқсанда орындаймыз деп 4,87 тг/р баға бойынша келіскен, компания осы курс бойынша тек қана 48700000 теңге ғана төлеп ауыстыра алады.

Бұл операциядан көретін үнемділік: 49600000-48700000=900000 теңге, бұл барлық келісім көлемінің 2 пайызын құрайды.

«Фьючерстік» келісімге есеп.

2. Спекулятивті келісімде тауарлық нарықта стерлинг фунты бойынша инвестор келесі келісімді жүргізді. 24 маусымда ағымдағы курс GBP/USD, 1,6600-ге тең болғанда, инвестор фьючерстік келісім шарт сатты, ло 14 қыркүйекте 1,6560 баға бойынша аяқталу қажет. Бастапқы төлеген сомасы (басты маржа)1620 доллар, ол келісім мөлшері

62500 GBP болғанда (немесе 103500 доллар ағымдағы курс бойынша), яғни келісімнен 64 рет аз. Бұдан көріп отырғанымыздай 1500 доллар мен 100000 доллар көлемінде операция жүргізуге болады.

Енді, мысалы 3 тамызда бір жұмадан кейін фьючерсті курс GBP/USD 1,6210 болған, бұл кезде инвесторға (1,6560 GBP/USD - 1,6210 GBP/USD)*62500 GBP=2187,50 доллар. Немесе 135 пайызға салған құнынан инвестор пайда түсірген.

3. Келесі сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды негіздеңіз:(30 балл)

Сіз жылына 5% депозитке 1 000 у.е. салуға мүмкіндігіңіз бар. Әрбір үш жылдағы, сонымен қатар жалпы үш жылға пайдаңызды санаңыз.

4. Эссе жазыңыз (50 балл)

Эссе: Инновациялық тәуекелділік және оның Қазақстандағы көкейкестілігі.

6-билет

1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз (10 балл)

Басқарушылық шешімдегі тәуекелділік

. Басқарушылық шешімде тәуекел ету түрлері. Кешенді тәуекелділікті бағалау. Тәуекелділікті бөлу. Тәуекелділікті бөлуді математикалық үлгімен есептеу. Тәуекелділікті сақтандыру: несиелеу кезінде тәуекелділікті ішкі банктік сақтандыру. Кәсіпорынды несиелік талдау. Жеке тұлғаны несиелік талдау. Тәуекелділікті төмендетудің тәртібі

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйіді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әректі іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.

Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Басшы сонымен қоса жете ойластыруы, жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.

«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б., екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.

Басқару шешімнің ең маңызды белгісі объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.

Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.

Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: «Тектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады».

Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.

Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса кез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжірибе ғылым жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Басқару шешімі жан-жақты болуы, яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілсін.

Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы толық қамтылуы, әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]