Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР билет жауап.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
40.94 Кб
Скачать

2. Келесі тест сұрақтарына жауап беріңіз (10 балл)

3. Келесі сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды негіздеңіз:(30 балл)

Тәуекелділікке қатысты негізгі әдістер, қай әдісті тиімді деп ойлайсыз?

Диверсификация-тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде.

Кәсіпкерлік қызметтегі диверсификация дегеніміз-қаржыны бір-бірімен байланыссыз әр түрлі қызмет түрлеріне салу арқылы мүмкін болатын тәуекелділікті төмендету әдісі болып табылады.Егер қаржы салынған белгілі бір қызмет түрі ешқандай пайда әкелмесе, басқа бір қызмет түрінен пайда түсіру арқылы фирма банкроттыққа ұшырудан сақтана алады.

Диверсификациялауды 2 түрге бөлуге болады:

• Концентрациялық

• Горизонтальды

Концентрациялық диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға ұқсас өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Горизонтальды диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға мүлдем ұқсамайтын өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Диверсификация әдісі өндірістік,коммерциялық және инвестициялық тәуекелділіктерді төмендетеді.

Инвестициялық тәуекелділік құру арқылы төмендетіледі.Инвестициялық портфелге альтернативті мақсаты бар бағалы қағаздар кіреді.Альтернативті мақсаттар қатарына мыналар жатады:

1. Салынған қаржыдан пайыз алу.

2. Қаржыны инфляциядан сақтау.

3. Сатып алынған акциялардың курстық құны өсу есебінен қаржының өсуін қамтамасыз ету.

1-топқа төмен ликвидті және тәуекелділігі жоғары бағалы қағаздар кіреді. Олар сәтті жағдай болған кезде жоғары пайыз әкелуі мүмкін.

2-топқа ірі компаниялар немесе мемлекет шығарған ликвидтілігі жоғары,тәуекелділігі төмен алдын ала күтілетін шамалы ғана бірақ тұрақты түрде пайыз әкелетін бағалы қағаздар жатады.

3-топқа жататын бағалы қағаздардың ликвидтілігі өте жоғары болады,мұнда инвестор оларды қайта сату арқылы пайда түсіруге ұмтылады. Алайда кез-келген тәуекелділікті диверсификациялау арқылы тәуекелділікті төмендету мүмкін емес.

4. Эссе жазыңыз (50 балл)

Эссе: Коммерциялық және қаржылық кәсіпкерліктегі жоғалтулар мен зияндар қандай әрекеттерден төмендейді.

4-билет

1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз (10 балл)

Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау.

. Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау.

Кәсіпкерлік қызмет үлкен немесе аз деңгейдегі айқынсыздықпен байланысты ол кәсіпкерлік тәуекелділіктің әсер етуіне жақын тұрады, Тәуекелділікті басқару процесінде тәуекелділікті бағалау механизмі ерекше орын алады. Ол арқылы кәсіпкерлік қызметтің нәтижесіне әсер ететін тәуекелділік есептеледі. Тәуекелділікті бағалау бұл тәуекелділіктің шамаларын сапалық және сандық тәсілдермен анықтау. Кәсіпкерлік шешімді қабылдау процесінде кез келген қызмет саласында кәсіпкер алдында оның талабына ғана жауап беретін тапсырма тұрады. Бұл үшін кәсіпкер барлық мүмкін болатын варианттарды шешеді.

Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау және оның есебінің анықтылығын кәсіпкердің тәжірибесіне және жағдайларға байланысты болады. Егер шешім анықгылық жағдайында қабыаданса онда кәсіпкер шешімнің әрбір вариантының нәтижесін де біледі, бірақ кәсіпкерге айқынсыздық жағдайында шешім қабылдауға тура келеді.

Кәсіпкерлік тәуекедділікті сапалық және сандық бағалау тәсілдерімен анықтайды. Сапалық бағалау тәсілі қарапайым тәсіл оның бағыты ғылыми тапсырмасы мүмкін болатын тәуекелділік түрлерін анықгау тәуекелділік деңгейіне әсер ететін факторлады аныкқау.

Тәуекелділік мәселесіне арналған зерттеулерде тәуекедділікті сандық бағалауға әртүрлі көзқаастар берілген. Егер де кәсіпкерлік тәуекелділік сәтсіздік ықтималдылығы болса, онда бұл жағдайда тәуекелділікті бағалау алынған қорытындының талап ет1етін мәнінен болатын ықтималлдылығы болып табылады:

R=P(Dtr-D);

R- тәуекелділікті бағалау

Р-ыктималдылық

Dtr-қорытындының талап етілетін мәні

D-алынған нәтиже

Бұл тәсіл арқылы нақты бір нәтижені алғаннан кейін ғана тәуекелділікті деңгейін бағалайды, ал кәсіпкерге тәуекелділікті бағалау шешім қабылдау сатысында қажет.

А.А. Растригин бойынша «бұл кездейсоқ- кездейсоқ әлемде тәуекелділікті бағалауға зиянның ықтималдылығын, яғни сол зиянның болатынын анықтайды»:

R=U*P(U)

R-тәуекелділік дәрежес

U-күтілетш шш

P(U) - зиянның ЫҚГИМІЛДЫЛЫҒЫ

Тағы да бір тәсіл техникалық жаңартуларды бағалау тәсілі

Бұл тәсілдің құндылығы барлық тиімділіктің айқынсыз болуында күтілетін нэтиженің ықтималдылығына ұмтылу болып табылады.

Э=П*С*Т*Рт*Рк/ Ез

Э- жаңашылдықты жүзеге асыру тиімділігі;

П- жаңа бұйымды сатудан түскен жылдық көлемі;

С- бұйымның сату бағасы;

Т- жаңашылдықтьң өмірлік циклі;

Рт-техникалық хабар ықтималдылығы;

Ез- шығындардың сомасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]