Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР билет жауап.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
40.94 Кб
Скачать

2.3.Құрылымдық диаграммалар

Құрылымдык диаграммалар әдісі кәсіпорын құрылымы мен одан шығатын кауіптердің ерекшеліктерін талдауға арналған. Бұндай жолмен алынған мәліметтер ең біріншіден менеджмент сапасы, өтімнің ұйымдастырылуы мен жарнама және т.б.мен байланысты ішкі кәсіпкерлік, сонымен қатар коммерциялық кауіптерді бағалауға пайдалы болып табылады.

Құрылымдық диаграммалар мүмкін болатын ішкі кауіптердің түрлерін анықтауға мүмкіндік береді: қайталану, тәуелдік және концентрация. Мысалы, 4.4. және 4.5. суреттерінде келтірілген диаграммалардан зерттеу және жобалау бөлімдері фирманың әр төрт бөлімшесінде қарастырылған деген қортынды шығаруға болады. Бүл бөлімдерде жүргізілетін жобалау жүмыстары бүгінгі күні және болашақта белгілі бір қауіптер тудыруы мүмкін. Сондықтан кауіп бойынша менеджер барлық бөлімдерді бақылауға мүмкіндігі барына көз жеткізу қажет.

. Ағымдар картасы

Ағымдар картасы немесе ағымды диаграммалар- өнеркәсіптегі жекелеме технологиялық процестердің және олардың өзара байланысын графикалық түрде көрсетеді. Бұл карталар енеркәсіптік процестегі негізгі элементтерді табуға пайдалы, себебі бүл элементке қатысты өнеркәсіптің тұрақтылығы анықталады. Мұндай элементтерді түйінделген деп атайды, себебі олардың жоспарды бұзуы мен шығуы бүкіл өндірістік процесті тоқтатады немесе тәуекелділік жағдайға дейін жеткізеді

2. Келесі тест сұрақтарына жауап беріңіз (10 балл)

3. Келесі сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды негіздеңіз:(30 балл)

Тәуекелділік түсінігін сипаттайтын негізгі терминдер, олардың әрқайсысына анықтама беріңіз

  • Тәуекелділік — кездейсоқ оқиға тобы немесе оқиға. Ол берілген тәуекелділікке ие болатын объектіге зиян келтіретін оқиға.

  • Кездейсоқтық - жағдайдың нақты қай уақытта болатыны белгісіз.

  • Зиян — бүл объект қасиеттерінің нашарлауы немесе жойылуы. Егер объект ретінде адам болса, зиян оның денсаулығына немесе өліміне әкеледі. Ал егер де объект мүлік болатын болса, мүліктік қасиеттерінің жойылуы, бүл сұраныстың жойылуы, қолдану қасиеттерінің бүзылуы.

Кәсіпкерлік тәжірибеде мүліктік зиян көбінесе пайданың болмауымен әкелінеді.

  • Оқиғаның ықтималдылығы - бұл оның математикалық белгісі, статистикалық көрсеткіштердің жеткілікті санымен болатын оқиғаның жиілігін есептеу мүмкіндігін білдіреді. Олай болса жеке оқиғалар тәуекел менеджмент көзқарасына қарастырғанда екі маңызды қасиеттерге ие болады:

■ Ықтималдылық;

■ Зияндылық.

4. Эссе жазыңыз (50 балл)

Эссе: Тәуекелділікті басқарудың стратегиясы мен тактикасын жасаудағы басты ұстаным.

3-билет

1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз (10 балл)

Тәуекелділікті басқарудың сатылары.

Тәуекелділікті басқарудың негізгі сатылары мыналардан тұрады;

1) тәуекелділіті талдау;

2) әсер ету тәсілдерін таңдау;

3) шешім қабылдау;

4)тәуекелдікке тікелей әсер ету;

5)баскару процесінің қортындысын түзеу және бақылау.

Тәуекелділікті талдау бастапқы сатысы—ол құрылым туралы , объект құрамы және ондағы тәуекелділік туралы қажетті ақпарат алуға мақсатталған. Жиналған ақпарат жеткілікті болуы керек. Талдау тәуекелділікті анықтаудан және оны бағалаудан тұрады.

Бағалау - анықталған тәуекелділіктің санын көрсету , оның сипттамасы болу ықтималдылығы және болатын зиян мөлшерін анықтайды. Осыдан кейін тәуекелділікке әсер ететін тәсілдерді таңдау сатысы басталады. Ол болашақта мүмкін болатын зиянды азайтуға мақсатталған. Тәуекелділіктің әрбір түрі оны азайту үшін кем дегенде екі- үш әдісті пайдаланады. Сондықтанда бүл жерде тәуекелділікке әсер ететін тиімді тәсілдердің ең тиімдісін таңдау кезіде киыншылықтар туындауы мүмкін. Тиімді тәсіл таңдаған соң кәсіпрынның барлық кешенді тәуекелділігіне басқарудың старатегиясы құрылады. Бүл саты - шешім қабылдау деп аталады. Бұл жерде қажетті қаржы және еңбек қорлары анықталады. Менеджерлер арасында тапсырмалары бөлініп беріледі және қойылады, нарықты талдау жүзеге асырылады. Тэуекелділікке тікелей әсер процесі үш негізгі әдістен түрады;

1) төмендету;

2) сақтау;

3) тәуекелділікке беру.

1) Тәуекелділікті төмендету - мүмкін болатын зиян мөлшерін азайту немесе болатын қолайсыз оқиғаның ықтималдылығын азайту. Көбінесе оған алдын-ала ұйымдастырушылық-техниклық шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Оған ғимарат пен үйлерге қауіпсіздікті күшейтудің әр-түрлі тәсілдері, бақылау жүйесін құру, өртке қарсы құрылғылар құру орнату, оқыс жағдай кезінде қолданылатын тәсілдерді жұмысшыларға үйрету және тағы басқа.

2)Тәуекелділікті сақтау — бұл зиянға бағытталған кез келген іс-әрекеттен бас тарту дегенді білдірмейді. Кәсіпорын арнайы қор құра алады ( өзін-өзі сақтандыру қоры немесе тәуекелділік қоры). Бұл қор қолайсыз жағдай туындаған кезде шығынның орынын жабады . Мұндай тәсіл өзін-өзі сақтандыру деп аталады.Сонымен қатар несие алу немесе қарыз алу тәсілдері қолданылады.

3) Тәуекелділікті беру бойынша шаралар - бұл нақты тәуекелділік деңгейін сақтандыру кезіде жауапкерілікті үшінші тұлғаға жүктеуді білдіреді. Оған сақтандыру жатады. Ол нақты бар ақыға , сақтандыру компанияларға тәуекелділікті беруді білдіреді. Тәуекелділікті беру құжаттар мәтінінде (келісім шарт, сауда келісімдер) өзінің жеке басының жауапкершілігін азайтатын арнайы мәтін енгізумен жүзеге асырылуы мүмкін . Тәуекелділікті басқарудың қорытынды сатысы бақылау және түзеу болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]