Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР даристер.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
412.16 Кб
Скачать

ПОӘК 042-18-2.1.019/-2014

Баспа №_ «___»____20___ж

Баспа №__«___»____20___ж

орнына

Бет 55-55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК 042-18-2.1.019/-2014

ПОӘК

«Тәуекелділікті басқару» пәнінің оқу-әдістемелік материалы

Баспа №4 11.09.2014ж.

Баспа №3 18.09.2013 орнына

5В050800«Есеп және аудит», в051000«Мемлекеттік және жергілікті басқару»

мамандығы студенттері үшін «Тәуекелділікті басқару» пәні бойынша

Пәннің оқу әдістемелік кешенінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

Семей 2014

Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы

1. Глоссарий

  1. Тәуекелділік (қатер) – экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруіне байланысты күтілген табыстың, мүліктің, ақшалай қаражаттың болжанбаған шығасыға ұшырау қаупі.

  2. Банк тәуекелділігі – несиенің қайтарылмауынан және лицензияның қайтарып алынуынан болатын ықтимал шығасы қаупі.

  3. Валюталық тәуекелділік – валюталар бағамының болжап білуге болмайтын өзгерімке ұшырауына байланысты қауіп.

  4. Пайыздық тәуекелділік – пайыздық мөлшерлемелердің болжап білуге болмайтын өзгеріске ұшырауы.

  5. Диверсификациялау – бұл инвестицияланатын қаржыны әртүрлі бір бірімен байланысты емес салу обьектілері арасында, капиталды немесе одан алынған түсімді жоғалту мүмкіндігін төмендету мақсатында болу.

  6. Лимиттеу – бұл шығынды, сатуды, несиені және т.б. шектеулі сомасын тағайындау. Лимиттеу тәуекелділік деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып есептеледі.

  7. Хейджирлау – бұл қаржылық операциялардың тәуекелділігін болдырмайтын немесе шектейтін, бағалы қағаздар тәуекелділігімен байланысты әрекеттің түрі.

  8. Тәуекелділіктен құтылу –бұл тәуекелділікпен байланысты шарадан жай түрде бас тартуды білдіреді.

  9. Тәуекелділікті беріп жіберу – яғни қандайда бір тәуекелділігінің жауапкершілігін басқа біреуге беруі. Мысалы, сақтандыру қорына.

  10. Тәуекелділіктің деңгейін азайту – бұл ықтималдылық және шығын көлемін қысқарту.

  11. Апатты тәуекелділік – мұнда қандайда бір зиянға байланысты ұйымның, кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауы, яғни барлығынан айрылуы.

  12. Сараптамалық бағалау – ықтималды мүмкіндігін және ең қиын жағдайдағы тәуекелділікті алумен, болмаса осы кәсіпорынның немесе ұйымның ең ықтималды шығындарын бағалау арқылы шектеу жасау.

  13. Зияндық – бұл кез келген обьектілердің қасиеттерінің әртүрлі теріс жағдайға байланысты зардап шегуі.

  14. Сақтандыру тәуекелділігі – қауіп қатер және кездейсоқтық, олардың басталуы мебепті сақтандырушы зардап шеккен торапқа сақтандыру өтемін төлеу міндеттемесін мойнына алады.

  15. Венчур – бұл көп үміт күттіретін, бірақ тәуекелділікті қажет ететін жобаларды іске асыру арқылы, жабдықты тез ауыстырып, тез жаңартуды жүзеге асыратын ұйым.

  16. Дағдарыс -әртүрлі жағдайларға байланысты мемелкетте болсын, кәсіпорын, ұйымда болсын қарама-қайшылықтардың күрт шиеленісуі.(құлдырау, құнсыздану, ашаршылық, оба, өлім т.с.с)

  17. Кездейсоқтық - жағдайдың нақты қай уақытта болатыны белгісіз.

  18. Оқиғаның ықтималдылығы - бұл оның математикалық белгісі, статистикалық көрсеткіштердің жеткілікті санымен болатын оқиғаның жиілігін есептеу мүмкіндігін білдіреді.

19. Концентрациялық диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға ұқсас өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

20. Горизонтальды диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға мүлдем ұқсамайтын өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]