Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР даристер.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
412.16 Кб
Скачать

4.4 Сурет. Өндірістік фирманың қүрылымы.

Ондай фирманың қүрылымдық диаграммасы 4.4 суретінде бейнеленген. Бас компанияның қызметіне шикізат өндіру және жинақтаушы бұйымдарды сатып алу, келісімдер бекіту, қаржыландыруды ұйымдастыру, маркетингтік саясат жүргізу және компания қызметінің жалпы бағыттарын айқындау жатады. Жалпы басқаруды бас мүдір жүзеге асырады. Оған маркетинг, зерттеу мен жобалау жұмыстары, өндіріс, қаржы бойынша менеджерлер, сонымен қатар бугалтерия және секретариат бағынады.

Келесі деңгейде өзінің ұйьшдастырушылық құрылымы бар еншілес компаниялар тұрады. Мысал ретінде К1 еншілес компаниясьның құрылымдық диаграммасын келтірейік (4.5 сур). Ол барлық фирманың диаграммасына ұқсас, дегенмен оның бір ғана бөлімшесіне қатысты. Компанияны менеджерлер мен бөлім меңгерушілері бағынатын мүдір басқарады.

4.5. Сурет. Еншілес компанияның курылымы.

Құрылымдық диаграммалар мүмкін болатын ішкі кауіптердің түрлерін анықтауға мүмкіндік береді: қайталану, тәуелдік және концентрация. Мысалы, 4.4. және 4.5. суреттерінде келтірілген диаграммалардан зерттеу және жобалау бөлімдері фирманың әр төрт бөлімшесінде қарастырылған деген қортынды шығаруға болады. Бүл бөлімдерде жүргізілетін жобалау жүмыстары бүгінгі күні және болашақта белгілі бір қауіптер тудыруы мүмкін. Сондықтан кауіп бойынша менеджер барлық бөлімдерді бақылауға мүмкіндігі барына көз жеткізу қажет.

Бұл диаграммалардан тағы бір байқайтынымыз сату бөлімі фирма бөлімдерінің барлығында бар. Қауіп бойынша менеджер сату менеджерлерінің өнім сапасына жауапкершілікті қарастыратын талаптармен және жүзеге асырылатын жағдайда жауапкершілікті сақтандыру шарттарымен таныс екендігіне көз жеткізуі тиіс. Барлық бөлімшелермен тығыз байланыстың болуының маңызы аса зор. Ал құрылымдық диаграмма ондай байланыстардың жоқтығы мен жеткіліксіздігін айқындауға мүмкіндік береді.

Мүмкін болатын қауіптің концентрациясы да құрылымдық диаграммалардың көмегімен айқындалады. Келтірілген мысалда шикізат өндірісі мен еншілес кәсіпорындарға арналған материалдарды сатып алу бас компаниямен жүзеге асырылады. Демек бүл мұқият талдауды қажет ететін қауіпті жағдай. Басқа қажет өндірісті канағаттандыратын шикізатты жеткізушілер болмай қалуы немесе бас компания маңызды деңгейде еншілес компаниялардың кірісіне тәуелді болуы мүмкін. Құрылымдық диаграммаларға компанияның кірісі туралы мәліметтерді енгізіп, ең зор пайдасы барын анықтауға болады.

Құрылымдық диаграммалардың нақты түрі басқарудың қалыптасқан типіне және әр компанияға қызметтердің реттелуінің принциптеріне байланысты. Құрамында түрлі бөлімшелер бар ірі фирмалар үшін келтірілген мысалда қолданылған әдіс жарамды: біріншіден жалпы компанияға арналған базисті диаграмма кұрылады, сонан соң жеке бөлімшелердің кұрылымдары келесі деңгейдегі диаграммаларда жіктеле түседі.

2.4. Ағымдар картасы

Ағымдар картасы немесе ағымды диаграммалар- өнеркәсіптегі жекелеме технологиялық процестердің және олардың өзара байланысын графикалық түрде көрсетеді. Бұл карталар енеркәсіптік процестегі негізгі элементтерді табуға пайдалы, себебі бүл элементке қатысты өнеркәсіптің тұрақтылығы анықталады. Мұндай элементтерді түйінделген деп атайды, себебі олардың жоспарды бұзуы мен шығуы бүкіл өндірістік процесті тоқтатады немесе тәуекелділік жағдайға дейін жеткізеді.

Төмендегі суретте (4.6.) ағымдар картасы бейнеленген бұйымды завод аумағында жинақтау. Мұндай картаның талдауы корытьнды жағдайды көруге мүмкіндігін береді, мысалы қоймадағы шикізат авариясы немесе келесі өндірістік кезеңге шикізаттың түспей немесе жеткізілмегендігін көрсетеді.Осындай әдіспен ағымдар картасы түрлі процестегі тәуекелділікті және масштабтық бағалауға көмектеседі.

Басқа бір мысал ретінде (4.7) ағымдар картасындағы шарап өндіру көрсетілген. Бұл өнеркәсіптік процесте бастапқы элементтер көрсетілген басу, өндіру, бөтелкелесу және т.б.

Ағымдар картасының 4.8. суреті 4.6. суреттің модификациялық түрдегі үлгісі. Мұнда алдыңғы үлгіге карағандағы айырмашылық ақшалай эквивалент қоры және қосылған құн көрсетілген. Көрсеткіштер сызығында жалпылама құн берілген, 1 кезеңнен 2 кезеңге өту барысындағы.

Бұл кестелі ағымньң артықшылығы мынада: мұнда сандық шығын көрсеткіштерін ала аламыз. ал екінші жағынан тәуекелдік ресурстар арасында түрлі қайта бөлулерді жүргізе алады.

Ағымдық карталарды негізгі 3 топқа бөлеміз:

  1. кәсіпорын ішіндегі жекелеме технологиялық процесс;

  2. өндірістік процестердің және баскару элементгерінің жиынтығы;

Ағымдағы карта талдауы өндірістік процестегі жұқа жерлерді анықтауға

көмектеседі.

Кез-келген технологиялық процесті 3 деңгейге бөлеміз:

  • бастапқы;

  • материалдың келіп түсуі;

  • оларды өңдеу және дайын өнімді шығару.

Ағымдар картасы процесстік талдауда пайдалы болып табылады. Мысал ретінде өрт сөндіру комплексін келтіруге болады.

Бұл карталардың аз қолданылу себебі, процестік жағдайға негізделген. Сол себепті бұл карталар толык мәліметтермен бірге ғана жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]