Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР даристер.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
412.16 Кб
Скачать

4.5. Бизнес-жоспарлау.

Тәуекелдікті төмендетудің тағы бір әдісі - кәсіпкерлік фирма дамуын жоспарлау және болжау. Тиімді жоспарлар мен болжамдар кәсіпкерге экономикалық ауытқуларды, нарық конъюктурасының өзгерістеріне бейімделуіне мүмкіндік береді. Фирманың қызметін жоспарлау бизнес-жоспар құрудан басталады. Бизнес-жоспар үш қызмет атқарады:

1. бизнес жүргізу концепциясын кұру үшін қолдануға болады.Кәсіпкер бизнес-жоспар арқылы стратегияны тиянақты құруға және іс-жүзінде емес, қағаз жүзінде жіберілетін қателіктерді түзетуге мүмкіндігі болады. Кәсіпкер өз компаниясын жан-жақты талдай алар - маркетингін, қаржысын, өндірістік қызметін және т.б;

2.кәсіпкер бизнес-жоспар арқылы фирма қызметінің нәтижесін бағалай алады;

3. кәсіпкер өз ісіне ақшалай қаражаттарды тарту үшін бизнес-жоспар қажет, себебі кез -келген қаржыландырушы, несие беруші, инвестор алдымен фирманың бизнес-жоспарымен танысуын талап етеді.

Бизнес-жоспарды құру - стратегиялық жоспарға алғашқы қадам басу болып табылады. Стратегиялық жоспарлау тек ірі фирмаларға ғана емес, шағын кәсіпкерлікке де қажет, себебі тәуекелділікті төмендету көп жағдайда олардың қаржылары шектеулі болады.Сондықтан тәуекелдікті төмендету шарасы ретінде стратегиялық жоспарды құру аса маңызды.

Бизнес-жоспарда фирма кызметінің әрбір әрекеті ретімен жоспарланып, нақтылы есептік көрсеткіштер жүйесі құрылады. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып фирма жоспардыд қаншалықты орындалып жатқандығын бақылай алады және туындаған мәселелерді алдын ала шешу мүмкіндігі болады.

Қорытындылай келе, кәсіпкерлік фирма қызметі алдын ала жоспарланған бағыт бойынша жүргізілуі тиіс. Осы аталған әдістер арқылы фирма күтілетін тәуекелдікті төмендетуге толық дайын бола алады.

Кәсіпкерлік ұйымдардың персоналдарын тандау.

Кәсіпкерлік ұйымдардың персоналдарын таңдау - кәсіпкерлік тәуекелдікті төмендетудің маңызды ішкі қайнар көзі болып табылады. Кәсіпкерлік фирмада қызметкерлер саны көп болған сайын олардың әрбіреуі қабылдаған шешімдерінен болатын тәуекелділік деңгейі жоғары болады. Сол себепті басшы кадрлік мәселелерге көп көңіл бөлуі тиіс.

Әлемде персоналдармен жүмыс жүргізуді зерттейтін арнаулы зерттеу органдары бар. АҚШ университетінде болашак менеджерлерге міндетті түрде "Персоналдарды таңдау жөне жоспарлау" туралы дәрістер беріледі.

Персоналдарды таңдау - фирма қызметі тиімді болу үшін басшының қызметкерлерді таңдай алу өнері.

Ірі кәсіпкер және венчурлық капитал иегері Уильям Янчер Стэнфорд университетінде өткен кәсіпкерлік бойынша конференцияда былай деген: "ұстау қажет", олар:

• тек қана тәжірибесі бар адамдарды жалдау;

• тек жоғары мамандандырылған қызметкерлерді алу қажет, себебі олар өз кезегінде басқа жұмысшыларды жұмысқа алатын болады;

• компанияның ұйьмдастырушылық мәдениетіне, кұндылықтар жүйесіне жүмысқа қабылданатын қызметкердің дайындығы сәйкес келуін анықтау қажет;

• бұрын қызметтес болған тәжірибелі мамандарды іздестіруге тырысу қажет;

• басқарушылық топ мүмкіндігінше аз болған дүрыс;

Персоналдарды іздеу келесідей қайнар көздер аркылы жүргізіледі:

• БАҚ;

• өз байланыстары;

• кадрларды таңдау агентіктері;

• өз кадрларын дайындау (қаржы қажет);

•жоғарғы оқу орындары;

• сайыстық негізде және т.б. (үміткерлер көп болады). Үміткерлерді таңдауға қолданылатын әдістер:

• интервью (артықшылығы - жеке ауызба-ауыз сөйлесу, кемшілігі - үміткердің өзі туралы жалған ақпарат беру мүмкіндігі);

• тест;

• сынақ мерзімі (белгілі бір мерзім аралығында қызметкердің мүмкіндігін тексеруге болады);

• кәсіптік жарамдықты тексеретін орталыктарға жүгіну.

Сондай-ақ, персоналдарды дұрыс таңдаудан басқа фирма олардың тиімді кызмет атқаруына қолайлы жағдай туғызуы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Әділбеков М.Т. Кәсіпкерлік негіздері, Семей. 2002

2.Лапуста М.Т, Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности.- М: ИНФРА-М, 1998.

3.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994

4.Чернов В.А, Анализ коммерческого риска.-М, 1998

5. Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Диверсификация тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде.

2. Тәуекелділікті беру.

3. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру:

4.Ішкі кәсіпкерлік тәуекелділікті төмендету жолдары:

-бизнес бойынша әріптесін тексеру және келісімді бекіту шарты;

-бизнес – жоспарлау;

-кәсіпкерлік ұйымдардың персоналдарын таңдау;

-коммерциялық құпияларды қорғауды ұйымдастыру;

-қосымша ақпараттар алу.

5. Қаржылық тәуекелділік:

- тәуекелділікке кететін негізгі шығын түрлері және оның мазмұны;

- тәуекелділікті қаржыландыру көздері және оның мазмұны;

- сақтандыру кезінде қаржылық тәуекелділік;

- өзін өзі сақтандыру кезіндегі қаржылық тәуекелділіктің ерекшеліктері.

6. Сақтандыру тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде:

- тәуекелділікті сақтандыру ерекшеліктері;

- сақтандырудағы жағдай;

- тәуекелділікті сақтандыру классификациясы;

- сақтандыру қорлары;

- сақтандыру компанияларының төлемқабілеттілігі және тұрақтылық криреиилері.

7. Өзін өзі сақтандыру

8. Кэптік сақтандыру компаниясы: түрлері, қызмет әдістері.

Тақырып 5. Тәуекелділікті басқару тиімділігін бағалау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]