Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хаттама 2014-2015.docx
Скачиваний:
323
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
30.69 Кб
Скачать

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің хаттамасы

29.08.14ж Хаттама №1

Барлық қатысушы: 5

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде:

  1. Орыс тілі, шет тілдері пәндерінің тақырыптық - күнтізбелік жоспарларын бекіту.

  2. Факультатив, таңдау курстарының бағдарламасын бекіту.

Тыңдалды:

1. Орыс тілі, шет тілдері әдістемелік бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т С сөз алып, жоспарлауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде және «2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік- нұсқау хат, (Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013 жыл), «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің «Орыс тілі, шет тілі» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (1-5- сыныптар. Астана, 2013 жыл ) негізінде жасалуы қажеттігі айтылды. Факультатив, таңдау курстары төмендегі мұғалімдерге бөлінді:

1. Таңдау курстарының бағдарламалары:

Ботаханова Д.Т. «Полиглот» 5сын- 1сағ

Гатаулина Н.Ф. таңдау курсы «Подготовка к ЕНТ» Бөлінген таңдау, факультатив курстары бойынша пән мұғалімдері:

Ботаханова Д.Т. мен Гатаулина Н.Ф. өздерінің құрастырған

бағдарламасының мақсаты, міндеті, өзектілігі, мазмұны мен күтілетін нәтижесімен таныстырып өтті.

Шешімі: 1. Орыс тілі, шет тілдері» пәндерінің тақырыптық күнтізбелік жоспарлары бекітілсін.

2. Факультатив, таңдау курстарының бағдарламалары методикалық кеңесте қаралып, пед кеңесте бекітілсін.

3. Құрастырылған факультатив, таңдау курстарының бағдарламалары эксперттік кеңестің қарауына жіберілсін.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Ботаханова Д.Т

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің отырысының хаттамасы

Хаттама №2 Күні: 08.11.2014ж

Қатысқаны: 5

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Сындарлы оқыту теориясы»

Баяндамашы Ботаханова Д.Т.

2. 2013-2014 оқу жылына сараптама.

3.Орыс тілі, шет тілдер бірлестігі апталығына

сараптама

Алғашқы сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып «Сындарлы оқыту теориясы» тақырыбына баяндама оқыды. Баяндамада оқу үдерісінде Сындарлы оқыту теориясының 7 модулін ықпалдастыра отырып сабақ жоспарын қолдану және оның тиімділігі мен нәтижелері жайлы сөз қозғалды. Пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Келесі кезекте бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. өткен оқу жылына сараптама жасап өтті. «Өрлеу» біліктілігін көтеру орталығынан «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша оқуды тәмамдаған мұғалімдердің жұмысының жандандырыла түсуін алдағы уақытта тексеріс келетіндігін ескертіп өтті. І тоқсан басында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығынан тренер Адамова Ж.Ш. келіп біздің бірлестік мұғалімі 1 апталық курсты тәмамдағаны мұғалімдер үлкен көмек болғанын айтты. Дина Толегеновна осы ретте І тоқсан бойында өткен іс-шараларға да сараптама жасап өтті. Оқу жылының басында тіл мерекесіне байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға қазақ тілі пән мұғалімдерімен қатар орыс тілі, шет тілі пән мұғалімдері де ат салысты. Ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, викториналар мен сайыстар өткізіп белсене қатысты. Тіл декадасында ағылшын тілі мұғалімдері Ботаханова Д.Т және Абаканова А.С. 6 сыныптар арасында «Тілдер әлеміне саяхат» тақырыбына сайыс өткізді. Орыс тілі пәні мұғалімі Гатаулина Н.Ф. 8 сыныптар арасында «Конкурс знатоков русского языка» тақырыбында сыныптан тыс сайыс өткізгені жөнінде айтты. Келесі кезекте қазан айының 13-20 арлығында өткен орыс тілі, шет тілдері бірлестігінің апталығына сараптама жасалды. Апталықтың «Тіл-достықтың алтын діңгегі» тақырыбында салтанатты жиынмен ашылуы, Балалардың ағылшын және орыс тілдерінде тіл туралы және тілдің адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны туралы мағлұматтар берілгені тілдің үштұғырлығына байланысты ұйымдастырылған іс-шара екені айтылды. Орыс және ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер, өлең жолдарын оқыды. Мектеп дәлізінде арнайы ширма безендіріліп, онда ағылшын және орыс тілдерінде ақпараттар, сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар ілінді. Әр сынып ағылшын тілінде газеттер шығарып ілді. Бірлестік жетекшісі Дина Толегеновна осы іс-шаралардың ойдағыдай өтуіне жауапты болған мұғалімдерге алғыс айтты. Апталық барысында өтілген ашық сабақтар туралы пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салды. Қазанның 15-і күні ағылшын тілі мұғалімі Ботаханова Д.Т. 6 «А» «Sightseeing of London» тақырыбында ашық сабағы, 17 қазан күні орыс тілі мұғалімі Сатмаганбетова С.Н. 9 «А» сыныбында «Типы сложносочиненных предложений. ССП с соединительными союзами» тақырыбындағы ашық сабағы, осы күні ағылшын тілі мұғалімі Абаканова А.С. 5 «А» сыныбында «What color is your cat?» тақырыбында ашық сабақтарына сараптама жасалды. Осы ретте орыс тілі мұғалімі Гатаулина Н.Ф. осы сабақтардың барлығының сындарлы оқыту теориясының 7 модулі мен стратегияларын ықпалдастыра отырып өткізгенін, өзінің осы бағдарламаның кейбір стратегияларын қолданып жүретінін, осы сабақтарға қатысып өз тәжірибесіне тағы да бірқатар әдіс-тәсілдер қосқанын айтып мұғалімдерге алғысын білдірді. Келесі сөзді бірлестік жетекшісі Дина Толегеновна алып Харшинбай М. 2 «Ә» сыныбында «Proffesions» тақырыбында өткізген ашық сабағы туралыбұл мұғалімнің жас маман екеніне қарамастан сыныптың оқушыларының да жастары кіші болса да сабақта интербелсенді тақтамен, флипчартты қолдануы үлкен жетістік екенін айтты. Сонымен бірге алда келе жатқан мектепішілік және қалалық олимпиадаларға дайындықтың күшейтілуі керектігін ескертті.

Шешім: 1. «Сындарлы оқыту теориясы» бағдарламасы бойынша

жұмыстар жандандырылсын

2. Олимпиадаға дайындық жұмыстары күшейтілсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]