Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хаттама 2014-2015.docx
Скачиваний:
323
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
30.69 Кб
Скачать

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің отырысының хаттамасы

Хаттама №3 Күні: 08.01.2015ж

Қатысқаны: 5

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Ағылшын тілі сабағында ойын

элементтерін қолдану»

Баяндамашы Харшинбай М

2. І жартыжылдық бойынша сараптама

3. Жас мамандармен жұмыс бойынша есеп

Алғашқы сөзді ағылшын тілі пәні мұғалімі Харшинбай Миллиона алып «Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада бастауыш сыныптарда балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін қолданудың маңызы туралы айтылды. Ағылшын тілі мұғалімі Дина Толегеновна сындарлы оқыту теориясындағы 7 модульдің бірі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып оқыту екендігін яғни бастауыш сынып балалары үшін ойын элементтерінің өте қажет екенін айтты. Сондай- ақ баланы жалықтырып алмай керісінше ынталандыра түсу үшін ойын элементтерінің ролі орасан зор екендігін айта келіп, бірлестіктегі екінші жас маман Абельдинова А.Б. сабағында жиі қолдануға кеңес берді. Келесі кезекте сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып І жартыжылдыққа сараптама жасап өтті. Бірлестіктегі мұғалімдердің екеуі ІІІ деңгейлі курсты аяқтағанын осы мұғалімдерге сабақтарында бағдарламаның 7 модулінің жүзеге асырылуының және осы мақсатта жұмыстың жандана түсуі керектігін айтты. 2015 жылы сертификатталған мұғалімдерге тексеріс келетінін осыған байланысты, құжаттары мен папкаларының жинақталуы қажет екендігін ескертті. Одан кейін қалалық олимпиадаға қорытынды жасалды. Өкінішке орай қалалық олимпиададан оры тілінен де, ағылшын тілінен ешқандай оқушының орын алмауы, тіпті ІІ турға өтпей қалуы олимпидаға дайындық жұмыстарының нашарлығы себебінен болып отырғанын айтты. Алдағы уақытта олимпиадаға дайындықты дайындықты жолға қойып, жұмысты күшейту керектігін баса айтты. Осы кемшілікаен қатар бірқатар жетістіктердің де жоқ еместігін де атап кетті. Орыс тілі, шет тілдері пәндерінен онлайн режиміндегі, «Кенгуру», «British bulldog», «Руский медвежонок» сияқты олимпиадалар мен интеллектуалды сайыстар мен түрлі конкурстарға қатысып жатқандығы және нәтижесі бар екендігі айтылды. Үшінші мәселеде жас мамандармен жұмыстың есебі тыңдалды. Бірлестікте екі жас маман бар. Жас мамандарға ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. тәлімгер ретінде тағайындалған болатын. Дина Толегеновна тәлімгер ретінде жас мамандарға әдістемелік көмек қажеттігін айта келіп, өзінің жас мамандардың сабақтарына қатысып, сабақ жоспарын құрудан бастап, сыныпты ұйымдастыру, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында жүргізілуі қажет түрлі әдіс-тәсілдермен қаруландыруға тырысып жатқанын айтты. Әрине жас келсе іске демекші жас мамандар қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға тез бейімделетіні туралы айтты. Оған дәлел Харшинбай Миллионаның 1 «Ә» сыныбында өткізген ашық сабағы, бұл сабақты мұғалім интербелсенді тақтада, флипчарттың көмегімен өткізген болатын. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып берілген тапсырмалардың өте ұтымды қолданылғанын айтты. Тәжірибелі ұстаздар Гатаулина Н.Ф. мен Сатмаганбетова С.Н. өздерінің тәжірибесінен көптеген ақыл кеңестерін беруге әрқашан да дайын екендіктерін, кез келген уақытта жас мамандарға көмекке келуге дайын екендіктерін айтты. Сөз соңында бірлестік жетекшісі Дина Толегеновна жас мамандарға әлі де болсын қай жағынан да көмек қажет екенін және осы жұмыстың жандандырыла түсуі керектігін айтты. Келесі кезекте алдағы уақыттағы маңызды сынақ ҰБТ-ге дайындық сөз етілді. ҰБТ-ге байланысты 11 сыныпқа сабақ беретін орыс тілі пәні мұғалімі Гатаулина Н.Ф. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. сөз алып, ҰБТ-ге дайындықтың жүргізіліп жатқандығын, бірақ әлі де болса кейбір оқушылардың төмен нәтиже көрсетіп отыруына байланысты дайындықты күшейту қажеттігі айтып өтті. Сонымен қатар бірлестік мүшелеріне алдағы атқарылар іске сәттілік тілеп, бірлестікпен жұмыла отырып атқарылар жұмыстың көп екендігін ескертті.

Шешім: 1.Олипиадаға дайындық жұмыстары дұрыс жолға қойылсын.

2.Жас мамандармен жұмыс жандандырылсын.

3.ҰБ-ге дайындық күшейтілсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]