Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

хаттама новый

.docx
Скачиваний:
239
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
21.59 Кб
Скачать

Ата-аналар комитетінің отырысы

хаттама№1

ЖББ №25 орта мектеп 5.09.2015ж.

Сынып: 4Б

Қатысқаны:12

Сыныптың ата-аналар саны: 15

Сынып жетекшісі: 1

Күн тәртібінде:

1.Ата-аналар комитетін сайлау.

2.Оқушылардың іс-қағаздарын талапқа сай келтіруге ,

оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуге ата-аналар комитетінің көмегі.

1.Тыңдалды:

Ботаханова М.Е – сынып жетекші: Құрметті ата-аналар биылғы оқу жылына сыныптың ата-аналар комитетін сайлау керек. Соған сіздер кімді ұсынасыздар?

Сөйледі:

Тулеуова С: мен ата-аналар комитетіне Бимурзина Эльмираны ұсынамын. Ол жауапкершілігі мол, кез келген жұмысты тиянақты атқарады. Сондықтан сыныптың ата-аналарымен байланыс жасауға мүмкіншілігі көп.

Аюпова К: мен осы Сәуленің ұсынысына қосыламын. Басқа ата-аналарда қолдайды деп ойлаймын.

2. Тыңдалды:

Ботаханова М.Е.- сыныптағы балалардың іс-қағаздарын қалыпқа келтіруге көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Сыныпта 15 оқушы бар. Сондықтан ата-аналар комитеті құжаттарды реттеуге көмегін береді деп сенемін.

Сөйледі:

Бимурзина Э: сыныптың іс-қағаздарын реттеуге ата-аналар комитеті көмектесуге дайын.

3. Тыңдалды:

Ботаханова М.Е: Оқушыларға Бейнелеу, еңбекке баулу, өзін-өзі тану оқулықтары мүлде келген жоқ. Сондықтан аталған оқулықтарды сатып ала аласыздар ма?

Сөйледі:

Мухышева С: оқулықтарды сатып алу керек деп ойлаймын. Балалардың толық білім алуына бірдер бір жол ашатын ол оқулықтар, сондықтан әр ата-ана өз баласын оқулықтармен қамтамасыз етеді деп ойлаймын.

Асылбекова К: мен де келісемін. Ата –аналар комитеті оқулық мәселесі бойынша мәселені шешуге көмектеседі.

Шешім:

  1. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы Бимурзина Эльмира. сайлансын.

  2. Ата-аналар комитеті оқушылардың іс-қағаздарын талапқа сай келтіруге көмек берсін. Мерзімі: 09.09.2015жыл

  3. Оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етілсін . Мерзімі 25.09.2015 жыл

Төрайымы: Ботаханова М.Е

Хатшы: Бимурзина Э. Н

Ата-аналар комитетінің отырысы

хаттама№1

ЖББ №25 орта мектеп 5.09.2015ж.

Сынып: 4Б

Қатысқаны:13

Сыныптың ата-аналар саны: 16

Сынып жетекшісі: 1

Күн тәртібінде:

1.Оқушылардың сабақты себепсіз босатпай, толық қатысуы туралы.

2. Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.

1.Тыңдалды:

Ботаханова М.Е – сынып жетекші: Құрметті ата-аналар биылғы оқу жылында да былтырғыдай сабақты балаларыңыз себепсіз босатпауын қамтамасыз етіңіздер. Баланың үй тапсырмаларын орындау барысында қандай да бір қиындықтар туып жатса, сіз қандай көмек көрсетіп жатырсыз?

Сөйледі:

Тубекова Н: мен өз басым үй тапсырмасын орындауда қатты көмек көрсете алмаймын. Бірден өзіңізге хабарласу арқылы тапсырманың шешімдерін толықтырып жатырмыз.

Аюпова К: қазіргі таңда білімге қатты назар бөлініп жатқандықтан тапсырмалар бұрынғыдан әлдеқайда қиынырақ. Сондықтан кейде ата-аналар бір бірімізге хабарласып, оқушылардың өзара қарым-қатынасы арқылы орындап жатамыз.

2. Тыңдалды:

Ботаханова М.Е.- биылғы жылы мектебімізде қосымша білім беру орталығы «Өнер мектебі» ашылды. Балаларды тек мектепішілік қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатыстырмай, өнер мектебіне де қатыстырсақ деген ұсынысым бар.

Сөйледі:

Бимурзина Э: әране баланың жан-жақты дамығаны өте жақсы. Сондықтан тек сабақ жағынан ғана емес, өнер саласында да білімдерін шыңдағаны дұрыс деп білемін.

Асылбекова К: мен де келісемін. Өз баламыздың ынтасы және қызығушылығы болса, қатыстыруға дайынбыз.

Шешім:

  1. Сыныптың ата-аналары баланың сабақты себепсіз босатпауын қамтамасыз етсін.

  2. Ата-аналар өз баласын қосымша білім беру орталығына қатыстырсын.

Төрайымы: Ботаханова М.Е

Хатшы: Бимурзина Э. Н

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]