Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

хаттама

.docx
Скачиваний:
687
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
20.71 Кб
Скачать

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №1 .09.2014ж

Қатысқаны: 17

Қатыспағаны: 7

Күн тәртібінде: 1. Ата-аналармен танысу

2. Баяндама «Дін және иман»

3.Оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, киім үлгісі.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып ата-аналармен танысып шықты. Бұл сыныпты бастауыштан кеп тұрғандықтан , балалардың ата-аналарымен сұхбат жүргізілді. Келесі кезекте «Дін және иман» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі кезде белең алып кеткен түрлі діни ағымдар туралы сөз болды. Ата-аналарға осындай діни ағымдардың тұзағына түсіп қалмай, қалайда түзу жолдан таймай жүру үшін бірқатар кеңестер оқылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдайда тек қана қалалық мешіт имамына барып ақыл-кеңес сұрау қажеттігі айтылып өтті. Үшінші мәселе бойынша жалпы сыныпқа мінездеме беріліп өтті. Сыныпта 24 оқушы бар, олардың 2-і үздік, 9-ы екпінді оқушы. Сыныпта 2 толық емес отбасы, 4 көпбалалы отбасы, 3 аз қамтылған отбасы бар. Осы отбасылардың балаларына мектептен тегін тамақ берілетіні туралы айтылып өтті. Сондай-ақ сынып жетекшісі 5 сынып яғни бастауыштан енді ғана келгендіктен біраз уақыт оқушылар адаптация кезеңінен өтеді, балалар әр түрлі мұғалімдерге, сынып бөлмелеріне ауысып жүретіні балалардың біраз уақытқа үйрене алмай жүретіні жайлы баса айта келіп, қазіргі уақытта ата-аналар тарапынан ерекше назар аударып, қадағалауын қажет ететінін татап өтті. Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды. Төртінші мәселе бойынша ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Бірнеше ата-ана оқулықтың жетіспеушілігі оқушылардың оқу үлгеріміне кедергі келтіретіні жайлы айтып, қандай да бір көмек пен шешім қабылдау туралы ұсыныс жасады. Кейбір ата-аналар жекелеген пәндерге байланысты өздерінің алаңдаушылықтарын айтты. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі Дина Толегеновна оқулықтарды таратқан кезде оқушылардың үйлерінің жақындықтарын ескере отырып, таратқанын айтып сонымен қатар оқулықтар кітапханаға бірқатар оқулықтардың келгенін оларды тағы тарататынын айтып барлық жағдайды шешуге барынша жағдай жасайтынын айтты.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау

сынып жетекшісіне міндеттелсін.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №2 16 .11.2014ж

Қатысқаны: 13

Қатыспағаны: 9

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Жасөспірім және қылмыс»

2. І тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі кезде белең алып кеткен жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы сөз болды. Ата-аналарға осындай түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар І тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында 2 баланың екпінділер қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 2 оқушының екпінділер қатарына қосылғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Жақсылықов Ақтілектің апасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Екінші оқушы Құрманғазы Жаннұрдың тек 1 ғана сабақтан 3 деген баға алуына байланысты осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті. Екпінділер қатарына қосылғалы тұрған оқушы Байжігітов Жәнібектің анасына баласының 1 ғана сабақтан 3 екені бұл сабаққа жақсырақ дайындалса келесі тоқсанда екпіділер қатарына қосылуы мүмкін екенін айттты. Үшінші мәселе бойынша ата-аналар өздерін мазалаған кейбір мәселелер туралы сөз қозғап, сұрақтар қойды. Математика сабағының оқушыларға қиындық туғызатыны ата-аналардың көбін мазалайтыны айтылды, яғниоқулықтардың жетіспеуіне бай ланысты үйге берілген тапсырманың ескі оқулықтарда болмауы, оқулықтағы тапсырмалардың қиындығы және түсініксіз болуытуралы сөз қозғалды. Сонымен қатар Тайтолеу Бек деген оқушының анасы математика мұғаліміне үй тапсырмасы толық түсіндірілсе немесе 1 мысал келтірілсе, үй тапсырмасын өткен тақырыптар бойынша ғана берілсе деген ұсыныс айтты. Сондай ақ қыстың түсуіне байланысты балаларының сабақтан кеш қайтатыны, ата-аналарды алаңдатады. Ата-аналар қысқы мерзімге байланысты оқушылардың сабақ уақыттары ауыса ма деген сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі Дина Толегеновна оқушылардың сабақ кестесінде қысқы маусымға байланысты өзгеріс болатынын , бұл жағдайды шешуге жағдай жасалатынын айтты. Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау

сынып жетекшісіне міндеттелсін.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №3 16 .01.2015ж

Қатысқаны: 15

Қатыспағаны: 8

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

және мектеппен байланысы »

2. ІІ тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі кезде белең алып кеткен жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы сөз болды. Ата-аналарға осындай түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар І тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында 2 баланың екпінділер қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 2 оқушының екпінділер қатарына қосылғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Жақсылықов Ақтілектің апасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Екінші оқушы Құрманғазы Жаннұрдың тек 1 ғана сабақтан 3 деген баға алуына байланысты осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті. Екпінділер қатарына қосылғалы тұрған оқушы Байжігітов Жәнібектің анасына баласының 1 ғана сабақтан 3 екені бұл сабаққа жақсырақ дайындалса келесі тоқсанда екпіділер қатарына қосылуы мүмкін екенін айттты. Үшінші мәселе бойынша ата-аналар өздерін мазалаған кейбір мәселелер туралы сөз қозғап, сұрақтар қойды. Математика сабағының оқушыларға қиындық туғызатыны ата-аналардың көбін мазалайтыны айтылды, яғни оқулықтардың жетіспеуіне бай ланысты үйге берілген тапсырманың ескі оқулықтарда болмауы, оқулықтағы тапсырмалардың қиындығы және түсініксіз болуытуралы сөз қозғалды. Сонымен қатар Тайтолеу Бек деген оқушының анасы математика мұғаліміне үй тапсырмасы толық түсіндірілсе немесе 1 мысал келтірілсе, үй тапсырмасын өткен тақырыптар бойынша ғана берілсе деген ұсыныс айтты. Сондай ақ қыстың түсуіне байланысты балаларының сабақтан кеш қайтатыны, ата-аналарды алаңдатады. Ата-аналар қысқы мерзімге байланысты оқушылардың сабақ уақыттары ауыса ма деген сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі Дина Толегеновна оқушылардың сабақ кестесінде қысқы маусымға байланысты өзгеріс болатынын , бұл жағдайды шешуге жағдай жасалатынын айтты. Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау

сынып жетекшісіне міндеттелсін.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №4 16 .05.2015ж

Қатысқаны: 15

Қатыспағаны: 8

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі

жауапкершілігі туралы»

2. ІІ тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып

«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы» тақырыбында баяндама оқыды. Алдағы келе жатқан жазғы демалысқа байланысты алдын-алу үшін ата-анаға мәліметтер мен бірқатар ескертулер берілді.Ата-ана үшін бала тәрбиесінің жауапкершілігі жоғары екендігі туралы сөз болды. Ата-аналарға қазіргі кезде түрлі қылмыстардың белең алуына байланысты балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде көп отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар ІІ тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында 2 баланың екпінділер қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 2 оқушының екпінділер қатарына қосылғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Жақсылықов Ақтілектің апасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Екінші оқушы Құрманғазы Жаннұрдың тек 2 сабақтан 3 деген баға алуына байланысты келесі оқу жылында осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті. Сынып жетекшісі Дина Толегеновна барлық мәселелерге тоқталып, сөзінің соңында оқушыларға жазғы демалысты жақсы өткізулерін тілек білдірді.

Шешім: оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне

жауапкершілік ата-аналарына жүктелсін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]