Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хаттама 2014-2015.docx
Скачиваний:
323
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
30.69 Кб
Скачать

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің хаттамасы

08.04.14 ж №4

Барлық қатысушы: 4

Қатыспағаны:1

Себептісі: 1

Күн тәртібінде:

  1. «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдерін жаттықтыру»

Баяндамашы Абельдинова А.Б.

2. 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ге дайындығы

Ең алғашқы сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібімен таныстырып өтті. Келесі кезекте «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдерін жаттықтыру» ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытуға байланысты баяндама оқыды. Пән мұғалімдері жарысөзге шығып, өз сабақтарында оқушылардың шығармашылығы дамытуда қандай жұмыстар жүргізіп жүргендері туралы айтты. Келесі мәселе бойынша 11 сынып оқушыларының ҰБТ тестілеуге дайындығы туралы сөз қозғалды Орыстілі мұғалімі Гатаулина сөз алып оқушылардың дайындығы жақсы деңгейде екендігі, тек бір оқушының ғана балы тұрақты болмай тұрғандығын, ол оқушымен қосымша жүргізу керектігі туралы айтып өтті.

Шешім: 1.Орыс тілі, шет тілдері бірлестігінің апталығының өткізілуі пән

мұғалімдеріне жүктелсін.

2.Орыс тілі пәні бойынша ҰБТ тестілеуге дайындық

жандандырылсын.

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің хаттамасы

08.05.15 ж №5

Барлық қатысушы: 5

Қатыспағаны:

Күн тәртібінде:

  1. «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдерін жаттықтыру»

Баяндамашы Абельдинова А.Б.

2.Оқу жылына қорытынды жасау.

3.Емтихан материалын бекіту

Тыңдалды:

Ең алғашқы сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібімен таныстырып өтті. Келесі кезекте ағылшын тілі пәні мұғалімі Абельдинова А.Б. «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдерін жаттықтыру» тақырыбында баяндама оқыды. Сабақтарын 7 модуль аясында құрып жүрген пән мұғалімдері жарысөзге шығып, өз сабақтарында қалай тиімді қолданып жүргендігі туралы айтты. Пән мұғалімдері онлайн олимпиадаға дайындық жөнінде сөз қозғап олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушылардың жоғары балдар алып, келесі турға дайындалып жатқандығын айтып өтті. I–ші жартыжылдықтың оқу қорытындысы бойынша бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т сөз алды. Оқу қорытындысы талқыланып, себеп – салдары анықталды. Мектепішілік ҰБТ-ке дайындық жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізілуі бойынша Ботаханова Д.Т. сөз алды. Пән мұғалімдерінің кестеге сай дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта келіп, қазан, қараша айларында жүргізілген тестілеу мониторингісіне тоқталды. Орыс тілі пәні бойынша ҰБТ –ге дайындықтың қалай жүріп жатқандығы туралы орыс тілі пәні мұғалімі Гатаулина Н.Ф. мен ағылшын тілі мұғалімі Ботаханова Д.Т. сөз алып, жалпы дайындықтың жақсы жүріп жатқандығын, бірақ әлі де болса дайындықты күшейте түсу керектігін айтып өтті. Тіл апталығына арналған «Тіл-татулық тірегі»-салтанатты жиынды өткізуге ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. жауапты болды. Жиында тіл мәртебесі туралы, тілдің үштұғырлылығы жайында ақпарат оқылды, оқушылар 3 тілде түрлі өлең жолдары мен қызықты ақпараттар оқыды. «Конкурс знатоков русского языка» зияткерлік ойын-сайыс орыс тілі мұғалімі Гатаулина Н.Ф. 7-8 сыныптар арасында өткізілді. «Полиглот»-танымдық сайыс ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. 5 сыныптар арасында «English fast and easy» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Абаканова А.С. 7-10 сыныптар арасында. Фестиваль өте қызықты әрі, оқушыларға танымдық-зияткерлік бағытта өткізілді, яғни оқушылардың қызығушылықтары артты деп атап өтуге болады. Қорыта келгенде барлық жоспарланған іс шаралар өз мәнінде, жауапкершілікпен орындалды. Осы жетістіктермен қатар кемшіліктер де болды. Қалалық олимпиадалардан оқушыларымыздың ешқандай орынсыз қалуы қынжылтарлық жайт болды. Сондықтан да келесі оқу жылында бұл мәселені дұрыс жолға қою керектігі, яғни биылғы олимпиадаға дайындық күшейтілуі керектігі басып айтылды. Келесі кезекте емтихан материалдары тексеріліп, бекітілді.

Шешімі:

  1. 10- 11 сыныптарда пән мұғалімдерінің ҰБТ –ға дайындық жұмыстары жандандырылсын. Бақылау Ботаханова Д.Т- ға тапсырылсын.

  2. Сыныптан сыныпқа көшу емтихандарын өткізу пән мұғалімдеріне жүктелсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]