Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Socialogy ..doc
Скачиваний:
241
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.42 Mб
Скачать

Қазіргі заманғы капиталистік нарықтардың әлеуметтік құрылымы (жетілген типтер) [21]

типтер

бәсекелестік

айырбас

Еңбек нарығы

Әдетте, көптеген сатушылар (индивидтер) қолында билігі бар азғантай сатып алушыларға (ұйымдар) қарсы; бәсекелестік жұмысшылар, кәсіподақ және заңдылық тарапынан құрылған ұйымдар арқылы реттеледі; сатушылар арасындағы мобильділіктің жеткіліксіздігі бәсекелестікке көбіне жергілікті сипат береді.

Орталықсыздандырылған айырбас (жоғары бағаларды іздеу); жұмысшылар тарапынан құрылатын кәсіподақ ұйымдары мен әділдік нормалары себепті сауданың азғантай бөлігі; агенттіктерге, қарама-қарсы қойылған меншікке қатысты құқықтарды беруге байланысты туындаған проблемаларды өлшеу.

Капиталдар нарығы

Сатып алушылар мен сатушылардың шектеулі саны, оның көпшілігі ұйымдар; жеке және кең түрде мемлекеттік реттеу; саясаттың араласуы; ұлттық және халықаралық кеңістікте бәсекелесу.

Көбінесе айқын түрде ұйымдастырылған механиздер (төмен бағаларды іздеу) формасындағы орталықтандырылған айырбас; айырбастауды тоқтату рәсімі болады, бірақ ол тек ұлттық деңгейде; жеке меншік құқығы толығымен беріледі

Тұтынушы нарық

Әдетте, ұйымдаспаған кіші-гірім сатушылар (ұйымдар) және ірі сатып алушылар (индивидтер); белгілі бір деңгейде мемлекеттік реттеу, ал басқа жағдайларда еркін бәсекелестік

Белгіленген бағалар мен сауданың болмауы; орталықсыздандырылған, бірақ айырбастаудың белгіленген орындары (дүкендер, сауда кешендері т.б.), ол төмен бағаларды іздеуді білдіреді; меншік құқығы толығымен беріледі

Өндірістік нарық

Әдетте сатып алушылар мен сатушылар саны аз және олардың бәрі ұйымдар болып табылады; көбіне нарықтың бұл типінде сатып алушылар мен сатушылар болады

Айырбас көбіне келісімдер формасына айналады және толығымен орталықсыздандырылған; меншік құқығы толығымен беріледі, бірақ сатушылардың міндеттемелері қалуы мүмкін

Социологтар оның шеңберінде нарықтық агенттер әрекет жасайтын екі басты институционалдық саланы бөліп қарастырады:

1) шаруашылық іс-әрекетінің жалпы жағдайын анықтайтын меншік құқығы. Бұл экономикалық ресурстарға, оларды бағалау әдістеріне, ресурстарды пайдалану құқына, ресурстарды қорғау жәйттеріне қол жеткізу ережесі;

2) экономикалық агенттер арасындағы өзара әрекеттесу жағдайын анықтаушы іскерлік және келісім-шарттық қатынастар. Бұл топқа іскер әріптестерді іздеу мен іріктеуді, шектеулер қолдануды енгізуге болады.

Формальді институционалды шектеулерге заңдар мен келісім-шарттар, формальді еместеріне - нормалар, әдет-ғұрыптар және іскерлік жүйелер жатқызылады. Социологиялық зерттеулердің пәні, ұтымды элементтерге негізделген формальді келісім-шарттық қатынастарды бекіту және оны іске асыру ғана емес. Келісім-шарттарды келістіру мен орындау уақытында агенттер арасындағы коммуникациялық процестер, оларға тараптардың биліктік позициясының, әлеуметтік нормалардың, дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың, іскерлік этиканың, оның көмегімен ақпараттардан берілетін тұлғааралық байланыстың әсер етуінің ықпалы қарастырылады, яғни өндірушілердің, жұмысшылардың, тұтынушылардың күнделікті өзара әрекетесудің институционалды формалары қалай қалыптасатыны көрінеді.

Социалистік дәуірдегі кейінгі қоғамдардың нарықтық экономикаға өту жағдайында нарық институттары қалай және қаншалықты табысты қалыптасатыны жайлы зерттеулер ерекше қызығушылық туғызады.

Шаруашылық агентерінің арасындағы келісім-шарттық қатынастарды зерттеу өтпелі экономикада шаруашылық қатынастардың институционалды шектерінің қалыптасуы экономикалық тиімділк өлшеміне сай келетіндігін көрсетті. Оларға заңды қабылдаумен қатар формальді емес тәжірибелерде өз әсерін тигізеді. Шенеуніктер мемлекет атынан билік жүргізе отырып, жеке мүдделерін іске асырып, бұл қатынастардан “әкімшілік” және “саяси” пайда табуы мүмкін. Бизнес өкілдерінің арасындағы көлденең күйдегі қатынастарда келісімдерді орындауды бақылаудың қажеттілігіне шақыратын “алауыздық күштері” болады. Бақылау формальді және формальді емес құралдармен іске асырылады және ол қосымша шығындарды талап етеді.

Нарықтық қатынастардың орнауының бастапқы кезеңінде келісімдерді орындамау ең басты проблема болды. Бұл жағдай одан құтылу үшін кәсіпкерлер тарапына қосымша шығындарды талап етті. Қажетті кепілдер іскер байланыстардың пайда болу процесінде айтарлықтай жоғарылай түседі. Олар арқылы ақпараттар тарайды, іскерлік бедел қалыптасады, сенім жоғарылайды, өзара қол ұшын беру жүйесі пайда болады.

Нарықты зерттеуде социологтар тарапынан болсын, экономистер тарапынан болсын, ашылған шығармашылық жаңалықтар нарыққа жәй механизм ретінде қарайтын дәстүрлі көзқарасты, нарыққа кешенді әлеуметтік феномен ретінде талдау жасау керек деген көзқарасқа алмастыруға мүмкіндік береді. Нарықты социологиялық зерттеу ең алдымен, шаруашылық қатынастардың формальді және формальді емес аспектілерін зерттеп білуге, экономикалық әрекеттердің және олардың әлеуметтік-мәдени негіздемелерінің өзара байланысын анықтауға, әлеуметтік құрылымдардың экономикалық әркеттерге ықпал етуін саралауға бағытталған. Макродеңгейде формальді және формальді емес нарықтық әлеуметтік құрылымдар сараланады. Микродеңгейде экономикалық агенттер арасындағы (ұйымдар, әріптестер, клиенттер, мемлекеттік құрылымдар), шаруашылық байланыстар қалай қалыптасып отырғаны қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]