Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Socialogy ..doc
Скачиваний:
241
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.42 Mб
Скачать

Мәліметтерді енгізу

Мәліметтерді енгізу - бұл кесте ұяшықтарын алғашқы ақпаратта орын алған сандармен толтыру болып табылады. SPSS-те мәліметтерді енгізуге арналған (SPSS Data Edіtor) арнайы қосымша бар екенін еске алуымыз қажет. Сонымен бірге, мәліметтер редакторының өзі олардың енгізілуін кез келген ретте - бақылау немесе өзгермелілік бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы енгізу технологиясы төменде көрсетіледі.

Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін мыналар қажет:

  1. маус (мышь) және пернетақтадағы стрелкалар арқылы қажетті ұяшыққа тұру;

  1. мәліметтер енгізу жолына қажетті мәнді енгізу;

Enter пернесін немесе пернетақтадағы стрелкалардың біреуін басу енгізудің орындалуын аяқтайды, оған еншілі ұяшыққа енгізілетін мәліметтердің пайда болуы дәлел болады. Бұл операция енгізілетін бақылаулар мен өзгермелілік кестелер қиылысында орналасқан барлық ұяшықтардың толтырылуына дейін қайталанады. Сонымен бірге, мынаны ескеру қажет:

  1. егер мән бағанға кесте шекарасынан тыс енгізілсе, онда автоматты түрде өлшемдері бар жаңа өзгермелілік жасалынады және барлық бақылауларға жүйелі өткізілген мәндер беріледі;

  1. егер мән кесте шекарасынан тыс жолға енгізілсе, онда автоматты түрде жаңа бақылау жасалынады және барлық өзгермелілік (жаңа ғана енгізілгеннен басқа) жүйелі өткізілген мәнге ие болады.

Сандық өзгермеліліктерді енгізген жағдайда белгіленген көлемнен асатын тұтас мәндер енгізіледі, бірақ мәліметтер редакторы оларды экранда “жұлдызша” (*) нышанымен көрсетеді.

Мәліметтерді түзету

Ұяшықтағы мәліметтерді өзгерту үшін мыналар қажет:

  1. маус немесе пернетақтадағы стрелкалар арқылы қажетті ұяшыққа тұру;

  1. қажет ететін мәнді өзгерту;

  1. Enter батырмасын басу.

Бақылауды жою үшін мыналар қажет:

Бақылау нөмірінде үстінен басып (жолдың сол жағында) немесе жолдағы кез келген ұяшықты таңдап алып, Shіft + бос орынды басу керек. Бүкіл жол ерекшеленеді. Бірнеше бақылауды ерекшелеу кезінде шерту және мауспен тарту әдісі немесе Shіft + стрелкалар пернесі пайдаланады.

Менюде мынаны таңдау:

Edіt

Clear

Таңдалған сала (бір немесе бірнеше бақылаулардан) жойылатын болады. Төмендегі барлық бақылаулар жоғары қарай көтерілетін болады.

Өзгермелілікті жою үшін мынау қажет:

Өзгермелілік атынан шерту (бағанның жоғарғы бөлігінде) немесе бағанның кез келген ұяшығын таңдап алып, Ctrl + бос орынды басу керек. Бүкіл баған ерекшенеді. Бірнеше өзгермелілікті ерешелеу үшін үстінен басу және тышқанмен тарту әдісі пайдаланылады немесе Shіft + стрелкалар пернелері теріледі.

Менюде мынаны таңдау қажет:

Edіt

Clear

Таңдалған өзгермеліліктер (өзгермелілік) жойылатын болады. Жойылғаннан оң жақтағы барлық өзгермеліліктер сол жаққа жылжытылады. Осы секілді өзгермеліліктер (өзгермелілік) Del пернесі арқылы да жойыла алады.

Файлды сақтау

Кестемен жұмыс істегенде, біз жаңа бақылауды енгізу немесе жаңа өзгермеліліктерді жасау, сондай-ақ мәліметтерді түзету болсын, оған белгілі бір өзгерістер мен қосымшалар енгізе аламыз. Кестені мәліметтер файлына барлық өзгерістермен әрі қарай жұмыс жасауға сақтау үшін менюде мынаны таңдау қажет.

Fіle

Save Data

Сол жақтағы екінші батырманы басып, құралдар панелін де пайдалануға болады. Өзгертілген мәліметер файлы алдынғы нұсқадан жоғары сақталып, жазылады.

Жұмыс сеансы аяқталар алдында, егер файл сақталмаса, SPSS әрқашан “файлдегі өзгерістерді сақтау қажет екенін” (ия немесе жоқ) еске салады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]