Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Socialogy ..doc
Скачиваний:
241
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.42 Mб
Скачать

Қазақстанда қазіргі заманғы социология ғылымы дамуының негізгі бағыттары

Ғылымның дамуы ғылыми қауымдастықтың, мектептердің және бағыттардың бар екенін білдіретін тұжырымдамалардың, ғылыми бағыттар мен парадигмалардың бекуінен көрінеді.

Қазақстандық кәсіптік-ғылыми социологиялық қауымдастықтың жасақталу ерекшелігі бұл ғылымның қалыптасуы кезеңінде әр түрлі салалардың зерттеушілері мен ғалымдарын біріктіргенінде, олар: тарихшылар, философтар, экономистер, психологтар, филологтар, саясат танушылар, инженерлер, математиктер және т.с.с. Ғылымның өзегі ғылыми ізденіс, зерттеу жобалары, іргелі және қолданбалы зерттеулер процесінде, әдістемелер мен теорияларды жасауда қалыптасады. Ғылымның кәсібиленуі мен өзіндік ерекшелігінің көрсеткіші - мамандардың, ғалымдардың және тәжірибешілердің болуы.

Қазақстандағы ғылыми және тәжірибелік социологиялық қызметтің ұйымдық-құрылымдық тұрғысынан мынадай құрылымдары бар:

  1. Жоғары оқу орындары социологиясы

  1. кафедралар, бөлімшелер, факультеттер

  1. Профессорлар-оқытушылар құрамы

  1. Ғылыми және оқу-әдістемелік база

  1. Қолданбалы социология

  1. Зерттеу орталықтары

  1. Кәсіби кадрлар

  1. Материалдық-техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету

  1. Кәсіби бірлестіктер

  1. Қазақстан социологтарының ассоциациясы

  1. Қоғамдық пікірлер мен нарықты кәсіби зерттеушілердің қазақстандық ассоциациясы.

Жоғары оқу орны социологиясы ғылымның өмір сүруі мен дамуының негізгі факторы болып табылатын социологиялық білім беру жүйесін жасақтайды, сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы социологиялық білім беру екі деңгейде қалыптасады. Бірінші деңгей - жалпы гуманитарлық. Қазіргі уақытта социология жоғары оқу орнының міндетті оқу пәні болып табылады. Жоғары білім алуға талапкер студенттердің барлығы осы пән бойынша жалпы гуманитарлық даярлықтан өтеді. Екінші деңгей - социолог маманды көп сатылы даярлау. Ол бакалавриаттағы, магистратурадағы, аспирантура мен докторантурадағы іргелі базалы дайындыққа негізделген.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша 2002 - 2003 оқу жылының басындағы жағдай бойынша социологтарды республиканың 10 жоғары оқу орны даярлауда (1-кесте).

1-кесте

Қазақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары

№№

Жоғары оқу орнының атауы

Аспи­ран­ту­расы­ның бар-жоғы

Магис­тратура­сы­ның бар- жоғы

Оқы­ту

тілі

Бейімдік немесе біріккен

кафедра­лар

1.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

-

бар

қазақ, орыс

біріккен

2.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университеті

-

-

қазақ, орыс

біріккен

3.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

-

-

қазақ, орыс

біріккен

4.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

-

бар

қазақ, орыс

біріккен

5.

Батыс Қазақстан

мемлекеттік университеті

-

-

қазақ, орыс

біріккен

6.

Шығыс Қазақстан

мемлекеттік университеті

-

-

қазақ, орыс

біріккен

7.

Х.А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

бар

-

қазақ, орыс

біріккен

8.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

бар

бар

қазақ, орыс

профильдік

9.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

бар

-

қазақ, орыс

біріккен

10

Шығыс гуманитарлық

институты

-

-

орыс

біріккен

Осы мамандық бойынша жоғары оқу орындарында барлығы 522 адам оқып жатыр. 2002 - 03 оқу жылының басында республикада “Социология” мамандығы бойынша оқу бітіргендердің саны 138 адам болған.

Елімізде “Социология” мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлауға 2002 - 03 оқу жылына 30 мемлекеттік білім беру гранты мен 20 несие бөлінді.

Кеңестік білім беру жүйесінде социология жоғары оқу орнының пәні ретінде болған жоқ. Қоғамды әлеуметтік процестерді, әлеуметтік-таптық қатынастарды ғылыми зерделеу “ғылыми коммунизм” курсында көзделген болатын. Социологиялық мамандықтар дәрежесінен “қолданбалы социология” ұсынылды. Мамандық туралы аннотацияда былай делінген: “Қоғам туралы ғылыммен “қолданбалы социология” мамандығы да байланысты. Бұл мамандықта оқыған болашақ социологтар жеке институттардың, процестердің, қоғамдық топтардың заңдарын, дамуы мен қызмет етуінің қозғаушы күштерін қоғамдық-экономикалық формациялар мен жалпы тарихи процестер шеңберінде зерделеудің марксистік көзқарастарын меңгереді” [28, 7-б.].

Қазіргі заманғы социологиялық білім берудің басты мақсаты - социология ғылымы туралы толық, жүйелі түсініктерді, сондай-ақ әлеуметтік шынайылықты зерделеу саласындағы тәжірибелік, аспаптық білімдерді игеретін мамандар даярлау. Социологиялық білім берудің жоғары міндеті тағы да бір мүмкіндік жасау арқылы - социология ғылымын зерделеумен студентті үнемі өзгеріп отыратын ортаға сәтті бейімдей отырып, әлеуметтік процестердің, құбылыстар мен фактілердің, олардың пайда болу көздерінің, қызмет етуі мен дамуының мәніне түсінік берумен студенттің санасын социологияландыруда. Социологиялық білім берудің негізгі қызметі - Қазақстан қоғамының жабық қоғамнан ашық қоғамға өту процесіне жәрдемдесу, өйткені қоғамның ашық түрінде ғана өзгерістер мен жақсаруларға деген әлеуеттер болады.

Социолог мамандарды даярлау әлем университеттерінде оқуды және тағылымдамадан өтуді көздейтін “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде де жүргізіледі. 1994 жылдан бастап бұл бағдарлама бойынша “Социология” мамандығына 6 адам АҚШ пен Ұлыбританияның мына жоғары оқу орындарында оқып шықты:

АҚШ:

- Пенстэйт университеті (1994 жыл);

- Индиана штатының университеті (1997 жыл);

- Луисвиль университеті (1998 жыл);

- Колумбия университеті (2000 жыл).

Ұлыбритания:

- Манчестер университеті (1999 жыл);

- Дархум қаласының университеті (1999 жыл).

Социология бойынша кадрлар даярлау деңгейінің көрсеткіші оқулықтар, әдістемелік құралдар және т.б. болып табылады. Социологияны оқытудың бірінші кезеңі шетелдік, ең алдымен ресейлік авторлардың оқулықтарына негізделді. Соңғы уақытта отандық оқулықтардың саны өсіп келеді. Оқу әдебиетінің бұл буыны мамандандырылуымен, отандық социологиялық материалдардың болуымен ерекшеленеді. Мына бағыттардың қарқынды дамуы сараланды:

Жалпы социология

  1. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология. Учебник для студентов гуманитарных факультетов вузов” (Алматы, “Қазақ университеті”, 2002. - 293 с.)

  1. Общая социология. Альбом для схем. Учебно-методическое пособие. Аженов М.С., Утешев С.К., Жаназарова З.Ж. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 41с.

  1. Новейшие теории и концепции социологической науки / Забирова А.Т. Учебное пособие. Астана, 2001, 100 с.

  1. Социологялық сөздік /Жалпы редакторы - Биекенов К.У. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2003. - 167 б.

  1. Қоғамның әлуметтік курылымы / Аженов М.С., Садырова М.С. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2002. - 160 б.

Экономикалық социология

  1. Экономическая социология. Учебное пособие. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф., Садырова М.С. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2002. - 79 с.;

  1. Экономическая социология. Курс лекций / Рук. Автор.колл. - Гуревич Л.Я. - Алматы, “Экономика”, 2001. 253 с.;

  1. Практикум по экономической социологии: Учебно-методическое пособие / Касымова Л.Н. - Алматы: Экономика, 2002. - 134 с.

Құқық социологиясы

  1. Социология права / Оспанов С.И. Алматы, “Раритет”, 2002.- 336 с.

  1. Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы. Оқулық. - Алматы, 2003. - 208 б.

Отбасы социологиясы

  1. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Оқу құралы./ Биекенов К.У., Нұрбекова Ж.А. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 133 б.

  1. Социология семьи. Учебно-методическое пособие / Жаназарова З.Ж. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 78с.

Қоғамдық пікір социологиясы

  1. Социология общественного мнения. Учебно-методическое пособие. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 58с.

  1. Эмпирия общественных настроений. Социологический практикум / Маканов Ж.К., Лосев В.В. - г. Костанай, 2001. 360 с.

  1. Связь с общественностью в системе государственной службы: методика, основные проблемы и казахстанский опыт / Под общ. ред. Б.Канешева, А.Серикбаева - Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2002. - 403 с.

Ғылыми кадрларды даярлау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантура мен докторантура бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда социологтардың кадр құрамында 14 социология ғылымдарының докторы, 30-дан астам социология ғылымдарының кандидаттары бар (2-кесте).

2-кесте

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]