Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Socialogy ..doc
Скачиваний:
241
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.42 Mб
Скачать

Нарық социологиясы

Нарық әлеуметтік қатынастардың саласы ретінде соңғы кездері социологтар тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Батыстық экономикалық социологияда жаңа сала - нарық социологиясы табысты түрде орнығуда. Оның шеңберінде, өндірістік нарықтар социологиясы, еңбек нарығы социологиясы, халықаралық нарық социологиясы және басқалар сияқты негізгі бағыттары бөліп қарастырылады. Олар тарапынан нарық ең маңызды экономикалық институттардың бірі ретінде қарастырылады.

Экономист үшін нарық, талдаудың негізгі категориясы болып табылады және экономиканың шегінен сыртқа шығатын басқа да қоғамдық қатынастарды анықтаушы экономиканың базалық құрылымы ретінде қарастырылады. Бұл схемада әлеуметтік жағдайлар тек сыртқы факторлардың бірі ретінде ғана қарастырылады.

Кең мағынада нарық дегенде, оның барысында индивид барынша табысқа жетуге ұмтылатын айырбас саласы түсіндіріледі. Бұл өнімдер мен қызметтер әуел баста айырбас үшін өндірілген шаруашылық іс-әрекетінің саласы. Тар мағынада нарық ұғымы нарықтың экономика түсінігіне сай келеді, оның шеңберінде жеке тұлғалар мен корпоративті ұйымдардың өнімдерді өндіру, тарату және айырбас бойынша іс-әрекеті сұраныс пен ұсынысқа бағынады.

Социологтар тарапынан нарық, қоғам мен шаруашылықтың өзара әрекеттесуінің кең перспективасында қарастырылады. Ол шаруашылық өмір тәртіптерінің бірі ретінде зерттеледі, оның түрлерінің тарихи және мәдени алуан бейнелілігі анықталады. Одан бөлек, социологтар мемлекеттің және үй шаруашылығының (мысалы, табиғи шарушылық) әрекетінен басқа да шаруашылық тәртіптің бар екенін айтады.

Социлогиялық түсіндірмеде нарық автономды. Өзін-өзі реттеуші экономикалық механизм ретінде емес, институционалды құрылым ретінде қарастырылады.

Нарық дегеніміз шаруашылық агенттердің іс-әрекеті болып жататын формальді және формальді емес сипаттағы институционалды шектеулердің (заңдар, келісім-шарттар, конвенциялар, нормалар) жиынтығын білдіреді [20].

Дәстүрлі экономикалық түсінікте шаруашылық агенттердің нарықтық жүріс-тұрысы, олардың экономикалық мүдделерінің қандай да бір әрекеттер күтіп отырған шығындары мен пайдаларын есепке алу нәтижесі. Социологиялық тұрғы экономикалық жүріс-тұрысқа әсер етуші кең әлеуметтік контекстіде қарастыруды жөн көреді. Ол, біріншіден, шаруашылық өмір, экономикалық, басқарушылық және мәдени қатынастардың күрделі шиеленісуін білдіреді дегенге негізделеді. Екіншіден, экономикалық қатынастар әр түрлі әлеуметтік құрылымдарға сүйенеді - ұйымдар, құндылықтық-нормативтік жүйелер, т.б. Осындай тұрғыдағы шаруашылық ниеттер үш құрамдас бөліктермен анықталады: экономикалық мүдделер, мәжбүрлеу және әлеуметтік нормалар.

Қазіргі заманғы экономикада нарықтық қызмет етуінің экономикалық емес, қоғамдық аспектілерін талдаумен институционалды экономика өкілдері (Р.Коуз, О.Уильямсон, Д.Норт және басқалар) айналысты. Олар нарық институттарының тобын білдіреді, бірақ оның бәрі бірдей экономикалық тиімділікті жоғарылата алмайды деп есептейді. Ақырында бәсекелестік экономикалық проблемаларды аса тиімді шеше алатын институттарды іріктеп алады. Институционалды ойды жақтаушы экономистер шаруашылық іс-әрекеттерінің экономикалық емес факторларының әсер етуін нормалар мен мәжбүрлеу арқылы есепке алады. Алайда олар үшін рационалды субъектілердің экономикалық мүдделері ең бастысы болып қала береді.

Ертедегі социологтар ішінен нарықты зерттеп білуге Макс Вебер, Э.Дюркгейм және Г.Зиммель зор қызығушылық білдірген. Э.Дюркгейм өз еңбектерінде индивидтердің жүріс-тұрысына аномияның, сонымен қатар экономиканың әсерін анықтай отырып нарық тақырыбын қозғады. Г.Зиммель “Ақша философиясы” атты еңбекте қазіргі қоғамдағы ақшаның рөлін талдады. Экономиканы ол қалыптасып жатқан қоғамдағы индивидтердің өзара әрекеттесуінің ең таза және дамыған түрі ретінде айырбастың жеке формасы деп қарастырады. Айырбас дербес өндіріс сияқты өнімді және бағаны қалыптастырады. Экономика өндіріске емес айырбасқа негізделеді. Ақша экономикасының пайда болуын ол экономикалық қатынастардағы субъективті мәні бар жобалау позициясы тұрғысынан жасайды. Айырбастаудың мәні, оның ойынша материалдық игіліктердің ауысуында емес, өзара субъективті бағалаудың актілерінде.

М.Вебердің пікірі бойынша, нарықта әлеуметтік әрекеттер бәсекелестік ретінде басталып, айырбас ретінде аяқталады. Нарық бәсекелестік бар жерде өмір сүреді. Нарықта айырбас, екі индивид арасында мүмкін болатын әлеуметтік әрекеттің кең құралдар жиынтығы мен есептік типін білдіреді. Бәсекелестікті Вебер мүмкіндіктер мен басым жақтарды бақылауға алу үшін “бейбіт” жанжал деп қарастырды, айырбас оның барысында тауарлар мен басқа да пайдалар екі жақ бір-біріне өзара шығын толтыру ретінде ұсынылатын мүдделердің ымыраға келуі болып табылады. Капиталистік қоғамда нарық еркіндігі және рационалдылығы, дамудың ең жоғарғы шегіне жетеді, өйткені одан ең иррационалды элементтер ысылады.

Нарықты социологиялық талдау 1950- жылдары Т.Парсонс, Н.Смелзер, К.Поланьи еңбектерінде қайта қолға алына бастады. Мысалға, К.Поланьи өз еңбектерінде, экономистердің дәстүрлі түрде қарастырып жүрген нарық айырбасты ұйымдастырудың мүмкін бірден бір тәсілі екенін дәлелдеп келді. Сауда және ақша көптеген формасында болады. Экономика тек қана нарықтық айырбас арқылы ғана емес сонымен қатар “өзара әрекеттесу” және “редистрибуция” арқылы да ұйымдастырылады.

1980 - 90-шы жылдары нарыққа байланысты оны зерттеуде түрлі теориялық тәсілдер қолданылатын бірқатар социологиялық жұмыстар пайда болды: әлеуметтік-құрылымдық, әлеуметтік конструктивтік, салыстырмалы-тарихи, жүйелі, рөлдік және басқалар. Мысалы, бұл саладағы жұмыстарымен танымал болған Харрисон Уайт нарықтарды әлеуметтік конструкция ретінде қарастырады. Нарық, өз экономикалық орнын тапқан атом - фирмалар құрастыратын әлеуметтік бөлшектермен салыстырылды. Ол фирмалардың әрекеті нарықтық құрылымдарды қалай тудыратынын көрсетеді. Шарушылық агенттер өздерінің өндіріп отырған өнімінің көлемі, сапасы мен бағасына қатысты өз стратегиясын анықтап алу үшін бәсекелестің әрекетін бақылаудың іскерлік тетіктерін қолданады. Бұл тұжырымдамада нарық - өндірілген өнім айырбасының және жекелеген фирмалар толықтыратын дайын емес құрылымы ғана емес. Ол өнім және қызметтердің көлеміне, бағасына, сапасына сәйкес құрылымдық принциптерге сай өз орындарын таңдап, орналасу фирмаларға көмектесетін күрделі белгі беруші механизм. Мұндай тұрғыдан қарау ықшам құрылымды өзінше бір ықшам тәртіптерді жалғастыру және кесіп өту ретінде талдауға мүмкіндік ашады.

Жалпы, айта кетер жәйт, нарық құбылысын социологиялық тұрғыдан талдау екі элементтерді - айырбас пен бәсекелестікті бөліп қарастырудан құрылады. Нарықтың әлеуметтік құрылымы акторлар арасындағы (сатушылар мен сатып алушылар) бәсекелестігі ретінде пайда болып және бірнеше акторлар арасындағы өзара алмасуымен аяқталады. Құрылымдық талдауға сүйене отырып, қазіргі заманғы нарықтарға келесі сипаттамаларды бөліп қарастыруға болады - қатысушылар саны, қатысушылар типі (индивидтер немесе ұйымдар) өзара әрекеттесуін реттеу, бағаны қалыптастыру механизмдері (1-кесте).

1-кесте

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]