- •Социология
- •Пiкiр жазғандар:
- •Қазақстан социологтары ассоциациясының президенті, социология ғылымдарының докторы, профессор м.Тәжиннің алғы сөзі
- •І бөлім. Социологияның ұғымдық аппараты
- •Социологияның объектісі мен пәні
- •Социологиялық білімнің құрылымы
- •Социологияның функциялары
- •Пайдаланылған әдебитеттер тізімі
- •Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Қоғам құрылымындағы тұлға
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтік топтар
- •Әлеуметтік институт
- •Қоғамның басты институттарының белгілері [40]
- •Әлеуметтік ұйымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері
- •Қазақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективті шолу)
- •Қазақстанда қазіргі заманғы социология ғылымы дамуының негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
- •Социология бойынша докторлық диссертациялар1
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Іі бөлім. Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
- •Әлеуметтік білім эволюциясы
- •Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу
- •Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Греция мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
- •Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
- •Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
- •Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным
- •Араб шығысының социологиялық ойы
- •Жаңа дәуірдің социологиялық ойлары
- •Қайта өрлеу дәуірі
- •Ағылшын ағартушылығы
- •Француз ағартушылығы
- •Неміс ағартушылығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Идеялары, теориялары және өкілдері Огюст Конт
- •Джон Стюарт Милль
- •Карл Маркс
- •Герберт Спенсер
- •Вильфредо Парето
- •Фердинанд Теннис
- •Эмиль Дюркгейм
- •Гаэтано Моска
- •Георг Зиммель
- •Макс Вебер
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Жаһанданудың қазіргі теориялары
- •Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы
- •Энтони Гидденстің жаһандану теориясы
- •Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы
- •Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану процесі
- •“Қайраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде
- •Маргарет Арчердің морфогенез теориясы
- •Құрылымдық келісім
- •Мәдени-әлеуметтік өзара іс-қимыл
- •Құрылымды өңдеу (Морфогенезис) Құрылымды ұдайы өсіру (Морфостазис)
- •Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы
- •Қызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі
- •Жаңа институционализм теориясы
- •Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ііі бөлім. Орта деңгей теориясы
- •Экономикалық социология пәні
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Нарық социологиясы
- •Қазіргі заманғы капиталистік нарықтардың әлеуметтік құрылымы (жетілген типтер) [21]
- •Кәсіпкерлік социологиясы
- •Шаруашылық ұйым социологиясы
- •Еңбек нарығы және жұмыспен қамту порблемасының социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттір тізімі
- •Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы
- •Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы
- •Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні
- •Саяси социологияның субъектісін түсіну
- •Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары
- •Институттар - саяси социологияның орталық категориясы ретінде
- •Билікке түсінік беру
- •Саяси социологиядағы мемлекет категориясы
- •Азаматтық қоғам және оның институттары
- •Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны
- •Саяси жетекшілік
- •Қоғамдық пікірдің саяси социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ғылым социологиясы
- •Білім беру социологиясы
- •Мәдениет социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Этникалылықтың теориялық мәселелері
- •Этносаралық қатынастар
- •Қазақстандағы этносаралық қатынастарды социологиялық зерттеу
- •Этносоциологиялық зерттеу методологиясы
- •1. Олардың ішінде аймақтарға үлестіргенде сұралуға тиіс:
- •2.Тұрғылықты мекенжайы бойынша:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Әлеуметтік жанжал табиғаты
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Жанжал қоғам мен тұлғаның әлеуметтік әрекеттесуінің
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Іv бөлім. Социологиялық зерттеудің методологиясы мен әдістері
- •Методологиясы мен логикасы
- •Ғылыми және социологиялық зерттеудің методологиясы мен логикасы
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Социологиялық зерттеулерді жіктеу
- •Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік
- •Формализмге негізделген сұрау
- •Формализмге негізделмеген сұхбат
- •Фокус-топ
- •Бақылау
- •Социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың халықаралық ережелері
- •Формализмге негізделген сұрақнама
- •Қымбатты “n”-лық!
- •Қатысқаныңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!
- •Өзіңіз туралы айта кетсеңіз:
- •Қатысқаныңыз үшін рахмет!
- •Фокус-топтың гайды
- •22.Ядов в.А. Стратегия социологического исследования. - м., 1998
- •10.0.5. Нұсқасындағы spss статистикалық мәліметтер жинаудың, талдаудың көпфункционалдық кешені Бағдарламамен танысу
- •Терезелер
- •Диалогтық терезелер
- •1 Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері.
- •Мәліметтермен жұмыс. Мәліметтерді талдаудағы негізгі қадамдар
- •Мәліметтер редакторы
- •2 Сурет. Мәліметтер редакторының терезесі.
- •Жаңа файл жасау
- •Мәліметтерді енгізу
- •Мәліметтерді түзету
- •Файлды сақтау
- •Жұмыс файлын ашу
- •Файл туралы ақпарат
- •Нәтижелерін шығару
- •Мобилдік кесте
- •Мәліметтерді талдау кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелерін ұсыну
- •Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу
- •Мазмұны
Әлеуметтік ұйымдар
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” [45]. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.
Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен, Мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады.
Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады. Бұл мағынасында “ұйым” ұғымы “басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес.
Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, Мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. “Ресми” және “бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады.
Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар [46]:
1. Ол белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылып, мақсатқа қол жеткізуі арқылы бағаланады. Бұл адамдар бөлек-бөлек, жалғыз дара қол жеткізе алмайтын мақсаттар үшін адамдарды біріктіру және мінез-құлықтарын реттеу функцияларын қамтамасыз ету құралы мен аспабын білдіреді.
2. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді. Әлеуметтік ұйым адамның қажеттіліктері мен мүдделерін оның алдын ала белгіленген әлеуметтік мәртебесімен, әлеуметтік рөлдерімен, сол әлеуметтік ұйымдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалармен және құндылықтармен белгіленетін шекте қанағаттандыруына мүмкіндік береді.
3. Ұйым еңбек бөлінісінің және оның функционалдық белгілері бойынша мамандандырылуының негізінде пайда болады. Сондықтан жекелеген ұйымдарда әр түрлі көлденең құрылымдар орын алады. Алайда ұйымды түсіну үшін неғұрлым маңызды болып табылатын нәрсе - олар әрқашан тік (иерархиялық) белгі бойынша құрылады, онда басқарушы және бағынушы ішкі жүйелер айтарлықтай айқын білініп тұрады. Басқарушы жүйенің қажеттігі көлденең құрылымдардың әр алуан бағыттағы қызметін үйлестіру қажеттігінен туған. ұйымды құрудың иерархиялылығы мақсат бірлігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, оны орнықты және тиімді етеді.
4. Басқарушы ішкі жүйелер ұйымның қызметін реттеудің және бақылаудың өзіндік ерекше құралдарын жасайды. Бұл құралдардың ішінде институттанулық, немесе ұйымішілік деп аталатын нормалар, яғни ерекше өкілеттіктері бар ерекше институттардың қызметімен жасалатын нормалар елеулі рөл атқарады. Аталмыш институттар нормативтік талаптарды іс жүзіне асырады, оларды өзінің айрықша билігімен және ықпалымен ұстап тұрады, олардың жүзеге асуын бақылайды және өз санкцияларын қолданады.
5. Әлеуметтік ұйымдар тұтас бір әлеуметтік жүйені білдіреді. Ал тұтас жүйе, жоғарыда атап өтілгеніндей, өзі бөліктерінен үлкен болады. Сондықтан ұйымның әр түрлі элементтерін біріктіру базасында ерекше ұйымдық немесе синергетикалық әсер жасалады. Әлеуметтік ұйымдарда синергияның көрініс табуы олардың қатысушыларының жеке күш-жігерлерінің қосындысынан артық қосымша энергияның пайда болғанын білдіреді.
Синергетикалық әсер оның негізгі үш құраушысынан құралады:
ұйым өзінің көптеген мүшелерінің күш-жігерін біріктіреді; жай бұқаралық, яғни көптеген күш-жігерлердің бірмезгілділігі энергияны өсіреді;
бірліктердің өзі - ұйымның элементтері оған кіре отырып едәуір өзгешеленеді: олар ішінара мамандандырылған, демек тек белгілі бір функцияларды ғана атқаратын бірбағытты элементтерге айналады. Жеке адамның әрекетінің бұл мамандандырылған бірбағыттылығы да оның энергиясын күшейтеді, өйткені энергия бір нүктеге шоғырланады;
басқарушы ішкі жүйенің арқасында адамдардың әрекеттері синхрондалады, бұл да ұйымның жалпы энергиясының артуының қуатты көзі болады.
Ұйымға тән белгілерді бөліп қараумен қатар олардың белгілі бір типологиясы болады. Ұйымдар ресми және бейресми болып бөлінеді.
Ресми ұйым. Бұл әлеуметтік ресмилендіру, яғни құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік мәдени нысандардағы стандарттық, тұлғасыз мінез-құлық үлгілерін мақсатты түрде қалыптастыру негізінде құрылған ұйым. Ресми ұйымның басты функциясы - адамдар қоғамдық еңбектің құралдарымен және мақсаттарымен бір тұтастыққа біріккен гетерогендік жүйені құру.
Ресми ұйымдардың негізгі ерекшеліктерін былай сипаттауға болады.
1) Ол оңтайлы, яғни оның негізін мақсатқа сай, белгілі мақсатқа қарай саналы түрдегі қозғалыс құрайды.
2) Ол принципті тұлғасыз, яғни араларында алдын ала жасалған бағдарлама бойынша “стандартталған” (“мұрат”) қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналған; бұл бағдарламада жеке адамдар арасындағы қызметтестіктен басқа ешқандай қарым-қатынастар, онда функционалдықтан басқа ешқандай мақсаттар көзделмейді. Өзі дамуының шегіне жеткен дәрежесінде ресми ұйымның бұл ерекшеліктері оның бюрократтық жүйесіне өзгереді және оған ұйымның жеке жақтары мен элементтерін абсолюттендіру, оларды дербес құндылықтар дәрежесіне көтеру және қызмет ету құралдарын мақсатқа айналдыру тән болады.
Қоғамдық еңбектің тиімділігін қамтамасыз етудегі ресми ұйымның орасан артықшылықтарымен қатар, оның шектеулілігін атап өткен жөн, өйткені ол қоғамдағы барлық ұйымдық қарым-қатынастарды қамти алмайды. Сондықтан оның шегінен тыс немесе тіпті оның ішінде ұйымдасудың басқа түрі - бейресми ұйым құрылады.
Бейресми ұйым қандай да бір топтың ішіндегі ұзақтығы азды-көпті тұлғааралық араласудың нәтижесі болып табылатын әлеуметтік байланыстардың, нормалардың, әрекеттердің спонтанды қалыптасқан жүйесін білдіреді. Бейресми ұйым ресми ұйымның принципінде әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық жақтарын, барлық процестерін қамтуға және оған енетін жеке адамдардың барлық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетсіздігінен туады. Ресми ұйымға қатысты алғанда бейресми ұйым ең алдымен өтемдік деп аталатын функцияны орындайды, яғни ресми ұйымның кемшіліктерін толтырады. Сонымен қатар, жеке адам ұйымның мұндай нысанына қатысуды ресми ұйымның шектеуші ықпалынан қорғану механизмі ретінде қажетсінеді, ол оған әр түрлі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға - өзін іс жүзінде көрсетуге, өзіне өзі сенімді болуына, қоғамда танылуына және т.б. үлкен мүмкіндіктер береді. Кей кездері бейресми ұйымдар ортақ мақсаттарға қол жеткізуге қарсы әрекет жасап, беделін “түсіріп” және т.б. жасай отырып ресми ұйымдарға қатысты дисфункционалдық (яғни ресми ұйымдардың қажеттіліктеріне қол жеткізуіне кедергі жасайтын) рөлді де атқарады.
Бейресми ұйым өзін екі негізгі: ресмиліктен тыс және әлеуметтік-психологиялық нысанда көрсетеді.
Ресмиліктен тыс ұйым - бұл ресми ұйымның мүшелері спонтанды дамытатын, ресмиленбеген қызметтік қарым-қатынастардың ұйымдастыру міндеттерін ресми түрде алдын ала белгіленгеннен өзге тәсілдермен шешуге бағытталған жүйесі. Жеке тұлға әрқашан да автономиялықтың, өзі орындайтын функциясына қатысты тәуелсіздіктің белгілі бір дәрежесін сақтайды. Осы автономияның арқасында ресми ұйымның қызметкері қызметтік мінез-құлықтың нақты нысандарын таңдауда әрқашан белгілі бір еркіндік диапазонына ие болады. Басқа сөзбен айтқанда, адамдар ресми ұйымның алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетінше, ресми ұйымның ықпалынсыз осы ұйымның міндеттерін орындау үшін және бұл ретте берілген, ресми ұйым “алдын ала белгілеген” тәсілдерден өзге тәсілдермен әрекет ету үшін біріге алады.
Әлеуметтік-психологиялық ұйым - бұл тұлғааралық қатынастардың спонтанды пайда болған, тікелей таңдаушылық (оңтайлыға қарағанда көбірек эмоционалды) және бір-біріне өзара қызығушылық таныту негізінде құралатын жүйесі. Ол жеке адамдардың өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін - араласуға, танылуына, топқа жатуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы мақсатында құрылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тікелей байланыстағы адамдардың, олардың жеке қызығушылықтарына негізделген қауымдастығы.
Әдетте, бұл топтар саны жағынан салыстырмалы түрде онша үлкен емес (зерттеушілердің көпшілігінің мәліметтері бойынша - 3-тен 10 адамға дейін), бұл тікелей жеке байланысуларды қолдау мүмкіндіктерімен анықталады. Мұндай топтардың шекаралары ресми ұйымдардың шекараларымен дәлме-дәл келуі немесе олардан өзгеше болуы мүмкін, ресми ұйымның әр түрлі бөлімшелерінің мүшелерімен бірге немесе оның шегінен тыс қызмет атқара алады.
Көбінесе, топтың шеңберінде өзінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырыса отырып, адам оған тәуелді болып қалады, өйткені топ қандай да бір жолмен өз мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады. Бұл үшін ықпал ету құралдарының біразы пайдаланылады: кінәлау, моральдік оқшаулау және т.б. Әлеуметтік-психологиялық ұйым өзіндік мінез-құлық нормаларын жасайды және оның әрбір мүшесі оны сақтауға міндеттенеді. Топта қандай да бір жолмен оның мүшелері мерейлік өлшем бойынша бөлінеді, ол ресми ұйым шеңберінде қалыптасқан топ үшін көбінесе лауазымдық дәреже құрылымымен парапар келе бермейді. Топта көшбасшылық пен бағыныстылықтың өзіндік бейресми иерархиясы пайда болады. Бұл сәттердің барлығы қандай да бір дәрежеде топтың жасаған бақылау механизміне жатады. Мұндай механизм көп жағдайда ресми ұйымның иерархиялық байланыстар жүйесімен дәлме-дәл келе бермейтіндліктен, бұл көбінесе ұжым құрылымының ресми және әлеуметтік-психологиялыққа бөлінуіне әкеп соғады. Кей кездері осы негізде қарсы тұрулар пайда болуы мүмкін: бөлімше - топ, лауазым - мерей, басшы - көшбасшы және т.с.с. Жүйенің мұндай жағдайы тұрақсыздыққа, бүлдіруге соқтырмай тұрмайтынын түсіну қиын емес.
Ресми ұйымды қарастыра отырып бюрократия сияқты басқару жүйесін айналып өтуге болмайды. Тарихи тұрғыдан бұл ұғым мемлекеттік органдар мен үкімет шенеуніктерінің қызметімен байланысты, бірақ социологтар оны кең спектрлі мақсаттарды көздейтін ұйымдарда байқалатын басқарудың белгілі бір нысандарын белгілеуге пайдаланады.
Техникалық термин ретінде бюрократия социологияда М.Вебердің есімімен байланысты. Ол оған дәл анықтама берген және ұйымдық мақсаттарға оңтайлы және тиімді қол жеткізу үшін ең жақсы әкімшілік нысан болып табылады деп ұйғарған.
Бюрократияның Веберлік мұрат түрі әр түрлі элементтерді қамтиды:
маманданудың жоғары дәрежесі және ресми міндеттер ретінде бөлінетін міндеттері бар, анық көрініп тұратын еңбек бөлінісі;
өкімдік ету және жауапкершілік аясы нақты белгіленген биліктің иерархиялық құрылымы; ұйымның қызметін басқаруға арналған ережелердің ресми жиынын белгілеу;
жазбаша құжаттарға негізделген әкімшілік жасау;
ұйым мүшелерінің өзара және клиенттермен байланысының тұлғасыз сипаты;
қабілеттері мен техникалық білімдері негізінде адам құрамын толықтырып отыру;
лауазымды тұлғаларды даярлаудың ресми рәсімі;
ұзақ мерзімді қызмет, жасының үлкендігіне немесе сіңірген еңбегіне қарай жоғарылау; ұйым мүшелерінің белгіленген жалақылары;
жеке және ресми кірістер бөлінісі;
әрбір қызметкердің ұйымға қатысты ниетінің түзулігі және белгіленген ережелерді бұлжытпай орындауға тырысу (ал мұның өзі басшыға немесе басқа кез келген қызметкерге жеке басының берілгендігіне айналуы шарт емес).
Бұл сипаттамалардың барлығы бірге алғанда қызметкерлер мен ресми ұйымның мінез-құлықтарын алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйе қызметінің түпкі нәтижелері тұлғасыздық болмақ.
Сонымен, адамдарды ұйымдарға біріктірудің негізгі факторы ең алдымен оларға қатысушыларды осындай бірігудің нәтижесінде өзара күшейтуде тұр. Бұл осынау адамдар жиынтығы қызметінің энергиясы мен жалпы тиімділігінің қосымша көзі болады. Бұл қоғам алдында тұрған проблемаларды шешу үшін арнайы ерекше құрал ретіндегі ұйымдар құруға түрткі болады. Ұйымдар құру “қоғам” атты жүйенің атқаратын қызметінің бірі болып табылады деуге болады. Сондықтан ұйым өзі жүйелік құрылым бола отырып, белгілі бір дәрежеде үлкен әлеуметтік жүйе ретінде қоғамның жүйелік қасиеттерін қайталайды, көрсетеді.
Сонымен қатар ұйымдардың қоғамдық мақсаттарға ғана құрылмайтынын естен шығармаған жөн. Егер де бұл мақсаттар адамдардың мақсаттарына түбірімен қарама-қайшы келсе, онда олар ұйымдарға онша кіріге қоймас еді. Сондықтан да ұйымдарға біріктірудің тиімді механизмі бір мақсаттарға қол жеткізу басқа мақсаттарды жүзеге асыру арқылы ғана мүмкін болатындай болуға тиіс. Ұйымға қатысушы өз мақсаттарына ұйымға бар күшін салып жұмыс істегенде ғана қол жеткізе алады; және керісінше - ұйым өзінің алдында тұрған міндеттерін қаншалықты жылдам және табысты шешетін болса, өз қатысушыларының қажеттіліктерін де соншалықты толығырақ қамтамасыз ететін болады. Демек, ұйымдар тек бір мақсатта ұйымдастырылған емес, іс жүзінде көп мақсатты, жүйені де білдіреді.