Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
readmsg.docx
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.71 Mб
Скачать

1.2.3. Сұраққа жауап жазыңыз.

  • Сіздің кіміңіз бар?

  • Олардың жасы нешеде?

  • Олар не істейді?

1.2.4. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

1.2.5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіздің отбасыңыз үлкен қалада тұра ма, әлде кішкентай қалада тұра ма?

«Шаңырақ», «отбасы» деген сөздердің қандай байланысы бар?

Сіз қандай үйде тұрасыз, жеке үйде ме, әлде мемлекеттің пәтерінде ме?

Сіздің пәтеріңіз қай қабатта, төменде ме, әлде жоғары қабатта ма?

«Шаңырағың биік болсын!» деп қандай жағдайда айтылады?

Сіздің қарындасыңыз қайда оқиды, университетте ме, әлде колледжде ме?

Сіз университетті бітірген соң жұмыс істейсіз бе, әлде магистратураға оқуға түсесіз бе?

Сіз отбасын құрдыңыз ба, әлде құрған жоқсыз ба?

1.2.6. Көп нүктенің орнына тиісті ы, і әріптерін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Б...зд...ң отбас...м...з тату тұрад... . Анам қ...здар... мен кел...ндер...н, немерелер...н жақс... көред... . Б...з жаз айлар...нда қалан...ң с...рт...на ш...ғ...п демалам...з. Қала с...рт...нда демалат...н ор...ндар көп. Таудан аққан өзенн...ң жағасы тым әсем, көр...кт... . Онда аласа талдар өзенд... көмкер...п тұрад... . Әр...ректе көкпеңбек жаз...қ дала. Онда мал жай...л...п жүред... . Малд... ау...лда б...зд...ң ту...стар...м...з бар. Б...з оларға да бар...п сәлемдесеміз.

1.2.7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Мен 1973-шы жылы Қарағанды қаласында дүниеге келдім, ал сіз ше?

2.1979-1988 жылдары Керімбай болыс атындағы орта мектепте оқыдым, сіз ше?

3.1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түстім, ал сіз ше?

4.Мен институтты «заңгер» мамандығы бойынша бітірдім, сіз ше?

Еске түсіріңіз: қазақ тілінде сұраулық мағынаны білдіретін сұраулық демеуліктері - ма, ме, ба, бе, па, пе.

1.2.8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіздің атыңыз кім? 2.Өзіңіздің жасыңыз нешеде? 3.Сіз оқисыз ба, жұмыс істейсіз бе? 4.Өзіңнің отбасың бар ма? 5.Әкеңіздің аты кім? 6. Әкеңіз жұмыс істей ме? 7.Омардың жасы нешеде? 8. Сіздің пәтеріңіз қай қабатта? 9. Өзіңіздің үйіңіз жылы ма? 10. Сіздің отбасыңыз үлкен бе, кіші ме? 11.Сіздің балаңыз бар ма? Өздерің қайдансыңдар?

1.2.9. Сұрақтарға иә, жоқ, емес сөздерін қосып, жазбаша жауап беріңіз.

Үлгі: Мынау сенің кітабың ба? Жоқ, бұл менің кітабым емес, Омардың кітабы.

1. Ана кісі Айнұрдың атасы ма?

2. Мынау сенің қаламың ба, әлде (или) менің қаламым ба?

3. Алманың көйлегі қызыл ма, қоңыр ма?

4. Жазда Алматыға барасың ба, бармайсың ба?

5. Сенің әжең ауылда ма, осында ма?

1.2.10. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ботагөздің үш ағасы бар еді. Балтабек – ең үлкені. Айбала – соның келіншегі. Екінші – Темірбек – ортаншы ағасы. Кенжетай – кіші ағасы. Кенжетай жалданып, қазынаның жәмшігін айдайды. Ағайынды бұл үшеуінің де жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде. Әкелері Тұяқ ерте өлген. Шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бес шамасындағы кісі. Ол ауылдағы Кенжетай мен Темірбектің қолында тұрады. Шаруалары кедей. Балтабек Бурабай қаласында темір соғады, етікшілік кәсібін істейді. Ботагөз солардың қолында тұрып, орыс школында оқиды.

«Кенжетай келді» деп ойлаған Ботагөз, оны қарсы алмақ боп үйден шықса, есік алдында Айбала жүр екен.

  • Еркем! – деді ол дыбыс беріп.

Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деп үлгірмей, жүгірісін кілт доғарып, жалт қарады.

  • Қайда барасың, еркем?

  • Кенжетай келді білем.

  • Апаңды сағындың ба?..

Көптен көрмегендіктен Ботагөз апасын сағынған. Сондықтан Айбаланың «Апаңды сағындың ба?» - деген сөзі Ботагөздің жүрегіне тық ете түсіп, көзіне жасы келіп қалды. Оны Айбала көрмесін дегендей, Ботагөз жүгіре жөнелді.

С.Мұқанов. «Ботагөз» романынан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]