Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
readmsg.docx
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.71 Mб
Скачать

1.1.13. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңыз.

Қай балаларсыңдар? -

Жол болсын? -

Өз кіндігінен -

Оқуға дер шағы -

Не жыны бар?-

Отағасы –

Үркек –

Оған шатасар жайы жоқ –

1.1.14. Cұрақтарға, жақшадағы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жауап беріңіз.

  • Қырғызбай атаның үйіне келгендердің мақсаты не еді? (балалар, оқу, жинау)

  • Ата Тұрарды неліктен жасырды деп ойлайсыз? (Рысқұл, бала)

  • Салиха әже неліктен Тұрарды шақырды? (білім алу)

  • Бұл қай кезең деп ойлайсыз? (кеңес, алғашқы жыл)

1.1.15. Жіктік жалғауларды есте сақтаңыз.

Жақтар

Жіктеу есімдіктері

(жекеше түрі)

Жіктік жалғаулары

Жіктеу есімдіктері

(көпше түрі)

Жіктік жалғаулары

І

Мен

-мын,-мін,-бын,

-бін,-пын,-пін

Жақсы+мын, ұстаз+бын, студент+пін

Біз

-мыз, -міз, -быз,

-біз,пыз, -піз Жақсы+мыз,

ұстаз+быз

студент+піз

ІІ

Сен

-сың, -сің

Жақсы+сың,

ұстаз+сың,

студент+сің

Сендер

-сыңдар, -сіңдер

Жақсы+сыңдар,

ұстаз+сыңдар, студент+сіңдер

Сыпайы түрі

Сіз

-сыз, -сіз

Жақсы+сыз,

ұстаз+сыз,

студент+сіз

Сіздер

-сыздар, -сіздер

Жақсы+сыздар,

ұстаз+сыздар,

студент+сіздер

ІІІ

Ол

-

Жақсы, ұстаз, студент

Олар

-

Жақсы, ұстаз, студент

1.1.16. Жіктеу есімдіктері және жіктелу үлгілеріне мысалға назар аударыңыз.

Единств. число Множеств. число

І Мен дәрігер-мін, азамат-пын Біз дәрігер-міз, азамат-пыз

ІІ Сен дәрігер-сің, азамат-сың Сендер дәрігер-сіңдер, азамат-сыңдар

Сіз дәрігер-сіз, азамат-сыз Сіздер дәрігер-сіздер, азамат-сыздар

ІІІ Ол дәрігер, ол азамат Олар – дәрігер-лер, азамат-тар

Есте сақтаңыз: отыр (сидит), тұр (стоит), жатыр (лежит), жүр (ходит) көмекші етістіктері де осылай жіктеледі.

1.1.17. Төмендегі көмекші етістіктерді жіктеп жаттығыңыз.

Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін

Сен отыр ..., тұр ... , жатыр ... , жүр ... .

Сіз отыр... , тұр... , жатыр... , жүр... .

Ол отыр... , тұр... , жатыр... , жүр... .

1.1.18.Мәтінді оқып,

Оқыңыз, қызық!

  • Орта ғасырлар кезінде ел кезген сері–рыцарлар үйдің босағасынан аттай бере темір дулығаларын шешіп, өздерінің үй иесіне сенетіндігін, оны құрмет тұтатынын білдіреді екен. Бұл дағды біздің сәлемдесу салтымыздың бір белгісі ретінде қалып қойды. Амандасқанда, үйге кіргенде бас киімді алу – ежелден келе жатқан салт.

  • Тибеттіктер бір-бірімен сәлемдескенде, оң қолымен бас киімін шешіп, сол қолын құлағының артына ұстап, тілдерін шығарады екен.

  • Жапондардың амандасу салтында үш түрлі тәжім ету рәсімі бар: төмен, орташа және жеңіл иілу.

  • Үнділер екі алақанды біріктіріп, маңдайға тигізіп, бас иеді.

  • Түркі тектес кейбір халықтардың ескі дәстүрінде келіндер жолы үлкен адамдар үйге енгенде, оң тізесіне екі қолын тигізіп, сол аяғын бүгіп, үш рет сәлем беретін болған. Қазір де ауылдық жерлерде жас келіндер екі қолын қусырып, иіліп ізет жасайды. Мұндай сәттерде оларға: «Көп жаса, қарағым!» - деп рақмет айтады.

  • Халықаралық этикет бойынша, бірінші болып жасы үлкен – кішіге, әйел – еркекке, ұстаз – шәкіртіне, бастық – қызметкеріне қол ұсыну жүйеленген. «Міне, мен саған бірінші болып қолымды ұсынып отырмын, бұл саған деген ниетімнің дұрыс екенін көрсетеді» деген пейіл абы бар онда.

Ж.Бейсенбаев.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]