Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
readmsg.docx
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.71 Mб
Скачать

4.2.6. Оқыңыз, қызық! Табиғат пен тағам арасындағы байланысты оқып, сын есімдерге мән беріңіз.

1. Көк – көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.

2. Қызыл – қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.

3. Жасыл – жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.

4. Ақ – барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.

5. Сары – май өзінің түсінің сарылығымен бірге, қазақ ең асылын «сары майдай» сақтаған.

6. Қоңыр – бидайдың, тарының талқанын көжеге қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.

7. Қара – тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді. Осы түстерден неліктен басқа емес, ақ сәуле пайда болады?

Ақ сәуле дегеніміз - Күн Ананың нұры, шуағы, жылуы. Қонақ келсе ақ дастарқан жайылып, ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын беретін уақыт емес пе!?

4.2.7. Есте сақтаңыз.

Эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән беріп, адам бойындағы әсемдік және әдептілікті қалыптастыратын - отбасы мен мектеп.

Тәрбиедегі кемістіктер: әсіре бояну;

әсіре сылану

өз бойын күтпеу

олпы-солпы киіну

сақал-шашын уақтылы алмау

аяқ киімін тазартып кимеу

шетелдік сән үлгісіне еліктеп, ашық-шашық киіну;

ата-анасының алдында әдепсіз киім киініп жүру.

4.2.8. Сөйлемдерді сын есімдермен толықтырыңыз.

  1. Адамның бет келбетінің ... болғаны мақтаныш емес, жан дүниесінің ... болғаны – мақтаныш.

  2. Жан дүниесі сұлу адам - ... ... адам.

  3. Әсіре бояну жастарға ... емес.

  4. Қарапайым болу да - ... қасиет.

  5. Мінезі ... адам да әрдайым сұлу көрінеді.

  6. Әкем әрдайым аяқ киімін ... ұстауды ұнатады.

  7. Оның көйлегі менің көйлегіме қарағанда ... .

Керек сөздер: ескілеу, , нағыз сұлу, жзарасымды, таза, сұлу.

4.2.9. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз. Замандастарымыз арамызда жүр.

Қап-қара киініп, бет-жүзін қарамен бояп, үсті-басына темір-терсектерді жалтыратып іліп, денесіне сурет салдырып алған немесе басқа да ерекше тұстары бар, өзгелерге ұқсамайтын жастарды көрсеңіз, шошымаңыз. Оларды бір топ бейформальды бірлестіктің өкілдері деп қабылдаңыз.

Шынымен де, бұл қызықты құбылыс болғанмен, оның астарында үлкен мән бар. Жұрт назарын өздееріне аударуға тырысатын бұл «ерекше адамдар» - субмәдениет өкілдері. Субмәдениет – жастардың өзіндік қоғам құрып, қоғамнан бөлек бірлестік жасауы. Неше түрлі рок, гот, эмо, рэп т.б. сияқты субмәдениеттер кең етек жаюда. Олар өздеріне тән шаралар да ұйымдастырады. Мысалы, Павлодар қаласында үш жыл қатарынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында бейформальды жастар фестивалі өткізіліп тұрды. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен бейформальды жастар – рок музыканттар, брейкер бишілері, граффити суретшілері...

«Готика» - абсолютті индивидуализм және ерекше романтика. Олар өмірлерінің әр сәтін музыка, имидж сияқты мәдениет құралдары арқылы ерекшелейді. Готтардың символы қара түнек іспеттес болса, эмолар тек қара мен алқызыл түсті мойындайды.

Қазақ жастарының біразы беттері мен құлақтарына, тілдері мен мұрындарына, қастарына түрлі пирсинг-сырғаларын іліп алып, рок пен гот атануда. Бұл олардың болашақ жолына кедергі болуы әбден мүмкін.

Ақмарал Есімханова

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]