Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
readmsg.docx
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.71 Mб
Скачать

2.2.8. Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.

Үйде, сол жақта, төсекте, үстел, орындық, құдалар, отыр,

аялдамада, Қарағандыда, орын- бас дәрігер, дәрігерлер, жоқ,

дықта, емханада, тойда, туыстар, кітаптар, дәрілер бар,

дәріханада, университетте студенттер жатыр

Неке қию.

Неке қияр – жас жұбайлардың неке қию дәстүрі. Ол екі жастың өміріндегі аса қымбат күн болып есептеледі. Неке қию үшін молда шақырылады. Молда кесеге неке суын құйып, куәгерлерді шақырады. Жастардың үйленуге ризалығын алған соң, молда оларға неке суын ішкізеді де, олардың бұдан былай ерлі–зайыпты екендігін айтып, жас отбасыға бақытты өмір тілейді.

Бұдан соң, некесі қиылған жас келіншектің беташары өткізіледі. Бұл – жас келінді жігіттің туыстарына, жора–жолдастарына таныстыру деген сөз. Сонымен қатар, келінге де жігіттің туыстары жайлы мағлұматтар беріледі. Беташар ойын–күлкі, әзіл–қалжың жағдайында өтеді. Беташардың соңында ақын (бет ашушы) жас келінге деген тілек, ниеттерін айтады.

Табыс септігі кімді? нені? деген сұрақтарға жауап береді, жалғаулары: -ны, -ні,- ды, -ді, - ты, -ті. М: бала-ны, студент-ті.

Тәуелдік жалғауынан соң –н жалғауы жалғанады. М: баласы-н.

2.2.9. Мақалдарға мән беріңіз. Олар адамды неге шақырады?

  • Қайта кірер есікті қатты жаппа

  • Алтау ала болса, ауыздағы кетер,

Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

  • Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

  • Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп.

  • Жақсы бала жаман әкенің есіктегі басын төрге сүйрер,

Жаман бала жақсы әкенің төрдегі басын есікке сүйрер.

  • Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда.

  • Жақсы келін – қызыңдай,

Жақсы күйеу – ұлыңдай.

  • Келін кейін отырар болар,

Көтерілуге бейім отырар болар.

2.2.10. Сұрақтарға нақты мысалдармен жауап беріңіз.

  1. «Қайта кірер есік» деген тіркес қандай мағына береді?

  2. «Алтау», «төртеу» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіз?

  3. «Адамның баласы» кім?

  4. Неліктен «ағайын тату болса ат көп»?

  5. Қандай әкенің «басы есікте» болады, қандай әкенің «басы төрде» болады?

2.2.11. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қыз ұзатуға байланысты салт-дәстүрлер

Сүт ақы – қыз анасына берілетін сый. Қызды үйден шығару күні екі жақтың келісімімен белгіленеді. Бұл күнгі сыйлықтарда сан жоқ. Солардың ішіндегі айрықша сый – қыз анасына берілетін «сүт ақы» болып есептеледі. Бұл сыйлық қыз анасына аса үлкен құрметпен табыс етіледі.

Келін түсіру – келіншектің күйеу баланың үйіне келуі. Бұл шараға барлық ауыл болып дайындалады. Жас қыздар мен келіншектер келінді қарсы алуға шығады. Олар жас келінді бөлмеге оң аяғымен кіргізеді, қарсы алушылар келінге шашу шашады. Содан соң келінді шымылдыққа отырғызады.

Үй көрсету - келіннің күйеу жігіттің туыстарымен танысуы. Тойдан кейін күйеу жігіттің туыстары және көршілер кезектесіп, келінді үйлеріне қонаққа шақырады. Келін бұл үйлерге құр қол бармайды. Енесі немесе үлкен жеңгесі дәстүр бойынша ол үйге келіннің атынан сыйлық алып барады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]