- •Байланыс телефоны: 56-24
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері.
- •5.4. Оқу пәнінің мазмұны:
- •Іі семестр
- •6.Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Білімді бағалау
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий – сөздік
- •1. Отан – отбасынан басталады.
- •1.1.2. Қазақ тілінде амандасудың бірнеше нұсқасы бар.
- •1.1.3. Еске түсіріңіз.
- •1.1.4. Келесі сөздерді оқуға жаттығыңыз. Дыбыстардың үндесуіне назар аударыңыз.
- •1.1.5. Оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.
- •І Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •1.1.6. Төмендегі сәлемдесу үлгілері кімдерге арналатынын анықтаңыз.
- •1.1.7. Төмендегі сәлемдесу ұнамды әдетке жата ма?
- •1.1.8. Мақалдарды еске сақтаңыз
- •1.1.9. Жағдай сұрау:
- •1.1.10. Бос орындарға а, ә, о, ө, і, и, ұ, ү дауысты дыбыстарын қойыңыз, аудармасын есте сақтаңыз.
- •1.1.11. Танысу.
- •1.1.12. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •1.1.13. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңыз.
- •1.1.14. Cұрақтарға, жақшадағы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жауап беріңіз.
- •1.1.15. Жіктік жалғауларды есте сақтаңыз.
- •1.1.16. Жіктеу есімдіктері және жіктелу үлгілеріне мысалға назар аударыңыз.
- •1.1.17. Төмендегі көмекші етістіктерді жіктеп жаттығыңыз.
- •1.1.18.Мәтінді оқып,
- •1.1.19. Төмендегі сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
- •1.1.20. Төменде берілген жіктеу үлгісін жалғастырыңыз.
- •1.1.21. Жағдаяттық әңгіме.
- •1.1.22. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •1.2. Отбасы – шағын мемлекет.
- •1.2.1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1.2.2. Мәтінді оқып, мазмұндап айтыңыз.
- •1.2.3. Сұраққа жауап жазыңыз.
- •1.2.4. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •1.2.5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1.2.6. Көп нүктенің орнына тиісті ы, і әріптерін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •1.2.11.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1.2.17. Мәтіннен алынған синонимдес сөздердің артығын сызып тастаңыз.
- •1.2.18. Төмендегі суретке қарап, сұрақтарға ііі жақтан жауап беріңіз.
- •1.2.19. Мәтінді оқып, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.
- •1.2.20. Жағдаяттық тапсырма.
- •1.2.21. Пікірталас өткіземіз.
- •1.2.22. Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
- •1.2.23. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •2. Жас отбасы және дәстүр.
- •2.1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер. Қр отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі.
- •2.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •2.1.2. Мақал-мәтелдерді есіңізде сақтаңыз және олардың мағынасын ұғып алыңыз..
- •2.1.3. Оқып, мағынасын анықтаңыз. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •2.1.4. Сұхбатты толықтырыңыз.
- •2.1.5. Өлеңнің мазмұнын біліп, жаттап алыңыз.
- •2.1.6. Сұраққа жауап жазыңыз. «Сый, құрмет, ізеттілік» дегенді қалай түсінесіз?
- •2.1.7. Берілген фразеологиялық тіркестерді ұғып алыңыз.
- •2.1.8. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •2.1.9. Төменде берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
- •2.1.14. Жаңа сөздерге назар аударыңыз.
- •2.1.15. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •2.1.16. Бөлтірік шешеннің төмендегі өлеңінің мағынасын ұғып алыңыз.
- •2.1.17. Берілген тіркестердің мағыналарын ұғып алыңыз және олармен сөйлем құраңыз.
- •2.1.18. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •2.1.19. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •2.1.20. Жазушы ғ.Мұстафиннің аталы сөздеріне назар аударыңыз.
- •2.1.21. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •2.2. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті.
- •2.2.1. Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
- •2.2.2. Жаңа сөздермен танысыңыз.
- •2.2.8. Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.
- •Неке қию.
- •2.2.9. Мақалдарға мән беріңіз. Олар адамды неге шақырады?
- •2.2.10. Сұрақтарға нақты мысалдармен жауап беріңіз.
- •2.2.11. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •2.2.12. «Анасына қарап, қызын ал» деген мақалды қалай түсінесіз? деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
- •2.2.13. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •2.2.14. Отбасылық бюджет туралы.
- •2.2.15. Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын салыстырып оқып, ұғып алыңыз.
- •2.2.16. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
- •2.2.17. Анықтауыштық мағыналы сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
- •2.2.18. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
- •3. Қазіргі тұрғын үй
- •3.1. Тұрғын үй түрлері, дизайны. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы
- •3.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесі
- •3.1.2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
- •3.1.3. Сұхбаттасыңыз.
- •3.1.4. Мақалдарды біліп алыңыз.
- •3.1.8. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біліп алыңыз.
- •3.1.9. Төмендегі өлеңнен сілтеу есімдіктерін табыңыз.
- •3.1.10. Суретке қарап, мәтіннен құрыңыз. Мәтінде ілік, барыс, табыс және жатыс септігіндегі сөз тіркестері болсын.
- •3.1.11. Сөйлемнің дұрыс нұсқасын табыңыз.
- •3.1.12. Мәтінді оқып, баяндап беріңіз.
- •3.1.13. Төмендегі сұрақтарға өз сөзіңіхзбен толықтырып жауап беріңіз.
- •4. Мінез және келбет.
- •4.1. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.
- •4.1.1.Мәтінді оқып, мағынасын сөздіктің көмегімен ұғып алыңыз. Мінез – адам сыны
- •4.1.1.Жаңа сөздерді біліп алыңыз.
- •Әдеп жайлы біліп алыңыз.
- •4.1.14.Берілген сөздерді құрамына қарай талдап, жалғанған қосымшаларды атаңыз.
- •4.2.1. Төмендегі сын есімдерді төрт шырайда түрлендіріп жазыңыз, олармен сөйлем құраңыз (ауызша)
- •4.2.2. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз. Сұлулық жайлы
- •4.2.3. Жаңа сөздердің баламасын сөздіктен қарап, жазыңыз, біліп алыңыз.
- •4.2.4. Сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді пайдалана отырып жауап беріңіз.
- •4.2.5. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.
- •4.2. Замандас келбеті. Адам сәні
- •4.2.6. Оқыңыз, қызық! Табиғат пен тағам арасындағы байланысты оқып, сын есімдерге мән беріңіз.
- •4.2.7. Есте сақтаңыз.
- •4.2.8. Сөйлемдерді сын есімдермен толықтырыңыз.
- •4.2.9. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз. Замандастарымыз арамызда жүр.
- •4.2.10. Жаңа сөздер.
- •4.2.15. Жаңа тіркестерге сұрақ қойыңыз, сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
- •4.2.20. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы және бір-бірімен мағыналас тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз.
- •5. Уақыт және адам.
- •5.1.4. Мәтінді жоспар бойынша мазмұндаңыз.
- •5.1.5. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді біліп алыңыз.
- •5.1.6. Сан есімдерге тиісті қосымшалар жалғап, сұхбаттасыңыз. Дара, күрделі сын есімдерді табыңыз.
- •5.1.7. Өлеңді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
- •5.1.8. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын жазыңыз.
- •5.1.9. Сұхбаты толықтырып жазыңыз.
- •5.1.10. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5.1.11.Есте сақтаңыз:
- •5.1.12.Үлгіге сәйкес сұхбат құрыңыз.
- •5.1.13.Досыңызбен сөйлесіңіз. Сіз досыңызбен келісесіз бе?
- •5.1.15. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •6. Бос уақыт және қызығушылық.
- •6.1.Студенттің бос уақыты. 50 минуттық дәріс және студент.
- •6.1.2.Төмендегі сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, олармен ауызша сөйлем құраңыз.
- •6.1.3. Жинақтық сан есімдерді табыңыз.
- •6.1.4. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз, мағынасын өз сөзіңізбен айтыңыз. Студенттің бос уақыты
- •6.1.5. Жаңа сөздермен танысыңыз.
- •6.1.6. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
- •6.1.7. Сөйлесіңіз.
- •6.1.8. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз, баяндаңыз.
- •6.1.9. Төмендегі суретке қарап, сұрақтарға жауап жазыңыз.
- •7.Денсаулық – зор байлық
- •7.1. Дені саудың – жаны сау
- •7.1.1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •7.1.2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.1.3. Оқып жаттығыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз.
- •7.1.4. Сөйлесіңіз, қажетті жалғауды қойыңыз.
- •7.1.5. Мақалдарды, ғұламалардың сөздерін еске сақтаңыз
- •7.1.6. «Иә» және «жоқ» сөздерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.1.7. Қазақ тілінде апта күндерін еске түсіріңіз, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.1.8. Сұхбатты оқыңыз және еске сақтаңыз.
- •7.1.9. Мәтінді оқып, ауызша талдаңыз.
- •7.1.10. Тірек сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.1.11. Сөйлемдердегі сөздерді, тиісті септік жалғауларын қойып, толықтырыңыз.
- •7.1.12. Берілген сөздермен барыс септігінде сөйлем құраңыз.
- •7.1.13. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •7.1.14. Сұхбатты, сөйлемдерді толықтырып оқыңыз. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.
- •7.1.15. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
- •7.1.16. Сұхбаатты толықтырыңыз.
- •7.2. Ауру – астан. Тазалық – денсаулық кепілі
- •7.2.2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.
- •7.2.9. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.2.10. Мақалдар мен мәтелдерді еске сақтаңыз.
- •7.2.11. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •7.2.12. Сұхбатты толықтырыңыз.
- •7.2.13. Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.
- •7.2.19. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
- •7.2.20. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7.2.21. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •Сегізінші сабақ (1-сағат)
- •Грамматикалық нұсқа
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Сегізінші сабақ (2-сағат)
- •Тоғызыншы сабақ (1-сағат)
- •Тәуелсіздік жолында
- •Тәуелсіздік тұғыры
- •Оныншы сабақ (1-сағат)
- •4. Мәтінді оқыңыз.
- •7. Мына сөз тіркестерін қалай түсінесіз?
- •6. Мәтінді оқыңыз.
- •7. Кестенің оң жағы мен сол жағын сәйкестендіріңіз.
- •8. Мәтіннен мына сөз тіркестері кездесетін сөйлемдерді тауып оқыңыз.
- •9. Қазақстанның төмендегі елдермен ынтымақтастығы елімізге қандай мүмкіндіктер береді деген сұраққа жауап беріңіз.
- •10. Сөйлемдерді оқыңыз. Жақшаның ішіндегі етістіктерді осы, өткен, келер шақтарда көрсетіңіз.
- •ОНыншы сабақ (3 сағат) Қазақстан жӘне халықаралық ұйымдар
- •1. Мәтінді оқыңыз
- •2. А) Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып жазыңыз.
- •Он бірінші сабақ (1-2 сағат)
- •Мен қазақ елінің патриотымын
- •Есімдік. Өздік есімдік
- •Он бірінші сабақ (3-сағат)
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он екінші сабақ (2-сағат)
- •Елордасы – Астана
- •Менің қалам
- •Жұмбақтар
- •Он екінші сабақ (3-сағат) Астананың үш ерекшелігі
- •Ойын-сауық отауы
- •Мұражай Спорт Сауда
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Он үшінші сабақ (1сағат)
- •Жалғаулықтар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Мемлекетіміздің тілі
- •Қазақ тілі
- •Ұлттық тіл
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Боөж тапсырмасы
- •Он төртінші сабақ (1-2сағат)
- •Ұлттық дәстүр
- •Он төртінші сабақ (3-сағат)
- •Ұлттық дәстүр
- •14 Сабақ
- •Қос сөз және біріккен сөздер
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он бесінші сабақ (2-сағат)
- •Ұлттық мәдениет
- •Он бесінші сабақ (3-сағат) Мәдени мұра
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Екінші семестр бірінші сабақ (1- сағат)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Қазақ өнері
- •Бірінші сабақ (2-сағат)
- •Қазақ өнері
- •Екінш сабақ (1-сағат)
- •Септеулік шылаулар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Екінші сабақ (2-сағат)
- •Екінші сабақ (3-сағат)
- •Боөж тапсырмасы
- •Үшінші сабақ (1-сағат)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Үшінші сабақ (2-сағат)
- •Классикалық әдебиет
Сегізінші сабақ (2-сағат)
Лексикалық тақырып: Менің Отаным-Қазақстан
Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері – қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан. Оңтүстігінде – Тянь-Шань тауларының Іле Алатауы сілемдері , солтүстігінде – Сібірдің мәңгі жасыл ормандары, шығысында – Алтай тауы, батысында – Каспий теңізі мен Орал таулары орналасқан.
Қазақстан жерінде көне өркениеттің ескерткіштері көптеп саналады. Айталық, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырар, Сауран, Сығанақ, Шымкент, Тараз, Түркістан сияқты қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары болған. Қазіргі кезде ғалымдар Арал теңізі маңынан, Маңғыстау түбегінен, Астана жанынан көне қалалардың орындарын табуда. Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам». Алматы маңындағы Есік обасынан табылған «Алтын адам» көне дәуірлерде Қазақстан жерінде жоғары өркениеттің болғандығын көрсетеді. Осындай «Алтын адамдар» еліміздің Шығысынан да, Батысынан да, Орталығынан да табылды. Яғни, қазақ жерінің барлық тұсында ежелгі мәдениеттің дамығандығын аңғартады. Көне дәуірлерден біздің заманымызға жеткен мәдени жәдігерлер қазіргі кезде мемлекет қорғауына алынған.
Қазіргі
Қазақстан мәдениеті – сол ертедегі
дәстүрлерді жаңғырта отырып, жаңа
заманға сай мәдениет пен өнер
қалыптастырған. Қазақстан мәдениетінің
басты ошағы – Алматы қаласы. Мұнда Абай
атындағы опера және балет театры,
М.Әуезов атындағы қазақ драма театры,
цирк және орыс, неміс, ұйғыр, корей
театрлары жұмыс істейді. Әлемге белгілі
«Медеу» мұз айдыны – еліміздің мақтанышы.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мәдени, экономикалық дамуында Астана қаласының орны айрықша. Қалада қазіргі заманға сай көптеген ғимараттар салынуда. Әсіресе, Есілдің сол жағалауына салынған жаңа қала ерекше сәулетімен көзге түседі. Қаланың бұл бөлігінде мемлекет басшысының резиденциясы «Ақорда», сенат, парламент, министрліктер үйлерімен бірге «Бәйтерек», Ислам орталығы, Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен келісім, Оқушылар сарайлары сияқты аса көрікті нысандар көз тартады.
Қазақстан Республикасы экономикасы қарқынды дамуына – ондағы қазба байлықтардың молдығы ықпал етіп отыр. Елдің орталығында қара және түсті металургия, батысында мұнай және газ, шығысында алтын, күміс қорлары мол. Сонымен бірге, Қазақстан бидай өндіруден әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарында.
Елдің ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығы – оны үлкен халықаралық бедел деңгейіне жеткізіп отыр.
1-тапсырма. Есте сақтаңыз.
Территориясы – 2724,9 мың шаршы км
Халқы – 16,5 млн адам
Елордасы – Астана.
Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Ұлттық ақшасы – теңге.
Діні: мұсылмандар – 75%-ға жуық
Ұлттық мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.
2 -тапсырма. Қазіргі таңдағы қазақстандық қандай белгілі қоғам қайраткерлерін,саясаткерлерді, ғалымдарды, жазушыларды, ақындарды, әншілерді білесіз?
|
Қоғам қайраткері |
саясаткер |
ғалым |
жазушы |
ақын |
әнші |
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріңіз.
Бүгінде Қазақстан дүние ... 145 мемлекетпен ... ... операцияларын жүргізуде. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің 122 ... жүзеге асырылуда, ... тауарлар 115 мемлекеттен жеткізілуде.
Қазіргі ... Қазақстанның сыртқы рынокқа ... 200-ден ... түрі шығарылады.
Республиканың экспорттық ... маңызды тобын агроөнеркәсіп ... өнімі: талшықты мақта,жүн, ... дақылдары, былғары шикізаты, ет ... құрайды. Қазақстан сыртқы өнімдерінің ішінде мұнай, газ, металургия ... үлкен үлеске ие.
Керекті сөздер: жүзіндегі, сыртқы сауда, еліне, тауарлардың, кешенінің, импорттық, дәнді ,консервілері, салалары, кезде, астам, тауарларының.
4-тапсырма.Мәтінде берілген жалпы және жалқы есімдерді тауып, жазыңыз.
5-тапсырма.Төмендегі өлең шумағын жаттап алыңыз. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің мағынасын ашыңыз.
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұд далада өскен жанда жоқ арман!
Қ.Аманжолов
Сегізінші сабақ (3-сағат)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы 1920 жылы 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АССР-і деп аталып, РСФСР-дің құрамына кірді. 1936 жылы 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Еліміз егеменді мемлекет болып жарияланды.
Ал 1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды. Осы күннен бастап «Қазақстан Республикасы» еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа енді.
2-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берініз.
Қазақ АКСР қай жылы құрылды?
Қай жылы одақтас республикаға айналды?
Егемендік туралы Декларация қашан қабылданды?
3- тапсырма.Мақал-мәтелдердің орысша баламасын сәйкестендіріп жазыңыздар.
Ел іші – алтын бесік Где вода- там достаток
Где народ – там праздник
Туған жердей жер болмас Родная земля-золотая
Туған елдей ел болмас колыбель
3.Су жүрген жер береке Нет земли лучше Родины
Ел жүрген жер мереке Нет людей лучше,чем на Родине
- тапсырма. Төменде берілген тірек сөздерді пайдаланып «Менің елім» атты шағын шығарма жазыңыз.
Ел тарихы, қалалары, тарихи орындары, халқы, мәдени, оқу-білім орталықтары,мемлекеттің әлеуметтік жағдайы.
-тапсырма. Жалпы және жалқы есімдерден тұратын сөйлем құрастыр.
6-тапсырма. Әнұранды жатқа білесіз бе?
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқов
Менің Қазақстаным
Алтын
күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы
Менің елім,менің елім,
Гүлің болып егілемін
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Сабақты пысықтау сұрақтары:
1. Қазақстан қандай географиялық аймақта орналасқан?
2. Жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында?
3. Еуропаның қандай мемлекетінен неше есе үлкен?
4. Іле Алатауы, Алтай, Орал таулары Қазақстанның қай тұстарында орналасқан?
5. Қазақ жерінде қандай өркениеттік ескерткіштер бар?
6. Қазіргі кезде қай жерлерден өркениет ошақтары табылуда?
7. Алматыда қандай мәдени орындар бар?
8. Астанада соңғы жылдары қандай ғимараттар салынды?
10. Қандай өнеркәсіп орындарын білесіздер?
11. Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы қандай деңгейде?
12. Әнұранның авторлыры кім?
13. Отан туралы андай мақал-мәтел білесіз?
ОСӨЖ тапсырмасы
«Қазақстанныңерекшелігі». Пікірталас.
