Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
readmsg.docx
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.71 Mб
Скачать

6.1.Студенттің бос уақыты. 50 минуттық дәріс және студент.

Грамматика. Сан есімнің мағыналық түрлері.

      1. Сан есімнің мағыналық түрлері жайлы біліп алыңыз.

Сан есім мағынасына қарай есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік және топтау болып алты түрге бөлінеді.

Есептік сан есімдер қанша? неше? Деген сұрақтарға жауап беріп, түбір тұлғада айтылады. М: алты, алпыс алты, алты жүз алпыс алты т.б.

Реттік сан есімдер қаншасыншы? нешінші? деген сұрақтарға жауап беріп, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары арқылы жасалады. М: алты-ншы, жеті-нші, сегіз-інші, тоғыз-ыншы т.б

Жинақтық сан есімдер қаншау? нешеу? деген сұрақтарға жауап беріп, -ау, -еу жұрнақтары арқылы жасалады. М: алт-ау, жет-еу т.б.

Болжалды сан есімдер -дай, -дей, -даған, -деген жұрнақтары және шақты, шамалы шылауларының тіркесуі арқылы жасалып, санды нақты емес, болжалдап көрсетеді.

Бөлшектік сан есімдер шығыс септігінің –тан, -тен, -нан, -нен жалғаулары мен жарым сөзі арқылы жасалып, санды бөлшектеп атайды. М: үштен бір, оннан екі, алты жарым.

Топтау сан есімдері шығыс септігінің –нан, -нен, -тан, -тен жалғаулары арқылы жасалып, қосарланып айтылады, қаншадан? деген сұраққа жауап береді. М: бес-бестен, он-оннан, алты-жетіден т.б.

      1. 6.1.2.Төмендегі сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, олармен ауызша сөйлем құраңыз.

Он төрт, қырық, жүз жиырма, бір мың жеті жүз қырық, жиырма жеті, үш мың сегіз жүз, алпыс сегіз, жиырма тоғыз, он сегіз.

      1. 6.1.3. Жинақтық сан есімдерді табыңыз.

Біздің топтағы студенттердің алтауы қыз да, бесеуі – ұл. Менің ағамның бес баласы бар, олардың үшеуі ұл, екеуі – қыз. Менің қарындастарымның екеуі мектепті үздік бітірді. Түйеқұстың аяғы екеу.Түйенің өркеші екеу, нардың өркеші біреу.

      1. 6.1.4. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз, мағынасын өз сөзіңізбен айтыңыз. Студенттің бос уақыты

Университетті ересек өмірдің бір үлгісі деп айтуға болады. Қазіргі студенттің, болашақ маманның және азаматтың бағыт-бағдары университет қабырғасында айқындалады.

Студент уақытын шартты түрде оқу уақыты (лекция, семинар, семинарға дайындық, кітапханада өткен уақыт) және сабақтан тыс яғни бос уақыт деп бөлуге болады.

Бұл екеуінің екінші бөлігі маңызды, себебі студенттің белсенділігі, болашақта қандай азамат болатыны осы бос уақытты қалай өткізетініне байланысты.

Осы тақырыпты ашу үшін «Студент және оның бос уақыты» деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Сұралған 100 адамның 67%-ының бос уақыты жеткілікті болып шықты. Алайда олардың 76%-ы бос уақытын қалай өткізетінін ойламаған, ал, 47%-ы бос уақытында ештеңемен айналыспаған болып шықты (яғни достарымен сыра ішеді, ұйықтайды, телевизор қарайды немесе жай қыдырып жүреді).

Мұндай салғырттық жастардың бойында мектеп өмірінен басталады. Университетке осындай салғырт, әрекетсіз болып қалыптасқан студенттер де оқуға түседі және олар тек 5 жыл «отырып» қана шығады.

Студенттің бос уақытта ештеңемен шұғылданбауы мынадай әлеуметтік мәселе тудыруы мүмкін:

  1. Нашақорлық, шылым шегушілік, маскүнемдік жыл сайын көбеюде;

  2. Ұрыс-жанжал, есеп айырысуға құмарлық, бірдеңені қирату, талқандау, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]