Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INZh_graff.docx
Скачиваний:
182
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
76.92 Кб
Скачать

59.Сызбаны түрлендіру тәсілі дегеніміз не?

Егер кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазықтық бетіндегі проекциясы (кескіні) жеке жағдайда орналасқан болса, онда есеп шешімі оңай жəне жеңіл болады. Сондықтан жалпы жағдайда орналасқан есептерді жеке жағдайға келтіріп шешу əдісін сызбаны түрлендіру тəсілдері дейді. Түрлендіру тəсілдерінің түрлері өте көп, олардың ішінде көп тараған түрлері проекция жазықтығын бір немесе бірнеше жазықтықпен алмастыру жəне айналдыру (деңгей сызығы мен беттестіру) тəсілдері болып табылады.

60.Проекция жазықтығын алмастыру тәсілі дегеніміз не?

Проекция жазықтығын алмастыру тəсілінің маңызы – күрделі есептерді шешу үшін, көлденең П0 проекция жазықтығын бір жазықтықпен немесе екі жазықтықпен алмастыру арқылы есептің шешуін табуға болады. Егер геометриялық фигуралардың кескініне бірінші проекция жазықтығын параллель алсақ, онда екінші проекция жазықтығын сол кескінге перпендикуляр етіп орналастырамыз.

61. Айналдыру тәсілі дегеніміз не?

Бұл əдіс заттың қосымша сызбаларын осы затты ось төңірегінде бұру арқылы проекция жазықтықтарының өзгермейтін негізгі жүйесінде құруды қарастырады. Ол механизмдер мен машиналардың конструкцияларының түрлі айналмалы формаларын зерттеу кезінде қолданылады.

70. Көпжақты бет дегеніміз не?

Көпжақты бет деп- табандары үш немесе одан да көп көпбұрыштардың жиынтығынан құралған геометриялық фигураны айтады.

Көпжақты беттердің жақтары мен қырлары және төбелері болады. Көпжақты беттердің жақтары дегеніміз- беттердің жызықтық болып келетін жағы. Көпжақты беттердің қырлары деп беттердің жақтарымен қиылысқан сызығын айтады.

71. Дұрыс көпжақты бет дегеніміз?

Дұрыс көпжақты бет деп жақтарының бұрыштары мен аудандары өзара тең болатын беттерді айтады.Кей жағдайда бұл беттерді Платон денелері деп атайды, себебі Платон бұл көпжақтарды зерттеп, олардың атын қойған.

72. Дұрыс көпжақты беттердің түрлері:

  • Тетраэдр – жақтары өзара тең үшбұрыш болатын төрт жақты көпжақты бет.

  • Октаэдр – жақтары өзара тең үшбұрыш болатын сегіз жақты көпжақты бет.

  • Икосаэдр– жақтары өзара тең үшбұрыш болатын жиырма жақты көпжақты бет.

  • Гексаэдр– жақтары өзара тең төртбұрыш болатын алты жақты көпжақты бет.

  • Додекаэдр– жақтары өзара тең бесбұрыш болатын он екі жақты көпжақты бет.

73.Жай көпжақты бет дегеніміз не?

Жай көпжақты беттер жақтарына байланысты призма (жақтары өзара перпендикуляр орналасқан), пирамида (жақтары бір ғана нүктеге ұмтылатын) және призматоид (табаны мен үсті өзара параллель ораналасқан,жақтары үшбұрыш немесе трапеция болатын) болып бөлінеді.

74.Жалпы жағдайдағы көпжақты бет дегеніміз не?

Кеңістікте орналасқан, жазықтықтардың жиынтығынан құралған, кеңістікті шектейтін, бітеу біртұтас геометриялық денені көпжақты беттер дейді. Көпжақты бет деп- табандары үш немесе одан да көп көпбұрыштардың жиынтығынан құралған геометриялық фигураны айтады.

76. Көпжақты бет пен жазықтықтың қиылысу сызығы қалай анықталады?

Көпжақты бет пен жазықтықтың қиылысу сызығы қалай анықталады? Көлбеу призма беттерінің жазықтықпен қиылысу сызықтарын қарастыру үшін көлбеу призма мен жалпы жағдайда орналасқан жазықтықты аламыз. Бұл – жазықтық ізімен берілген Р жазықтығы. Көлбеу призманың қырлары арқылы фронталь проекцияланушы жазықтықтарын жүргіземіз. Бұл жазықтықтар берілген Р жазықтығымен қиылысып, көлбеу призманың қырларын D, L және E нүктелерінде қиып өтеді.

Егер осы табылған нүктелерді өзара қоссақ, онда табылған қима жалпы жағдайда орналасқан жазықтығы мен призманың қиылысу сызығы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]