Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INZh_graff.docx
Скачиваний:
182
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
76.92 Кб
Скачать

92.Айналу беттер дегеніміз не?

Айналмалы беттер деп кез келген сызықтың тұрақты бір ось бойымен айналуынан құралған бетті айтады. Айналмалы бет болғандықтан, оның параллелі (сызықтың кез келген нүктесі шеңбердің бойымен айналғандағы сызық) жəне меридианы (бетті айналу осінен қиып өтетін жазықтық пен беттің қимасы) болады. Сызықтардың айналу осіне орналасуларына байланысты айналмалы беттер: конус, цилиндр, сфера (шар), гиперболоид, параболоид, эллепсоид жəне т.с. болып бөлінеді.

93.Айналу конус беті дегеніміз не?

Конус деп тұрақты бір ось бойымен жəне осы оське сүйір немесе доғал бұрышпен орналасқан түзу сызықтың айналуынан құралған бетті айтады. Конус беті көлденең П0 проекция жазықтығына орналасуына байланысты қиғаш жəне тік болып екіге бөлінеді.

94.Айналу тік конус беті дегеніміз не?

Егер конус бетінің тұрақты осі көлденең П0 проекция жазықтығына тікбұрышпен орналасса, онда П0 жазықтығына тік орналасқан конус болып табылады.

95.Айналу қиғаш конус беті дегеніміз не?

Егер конус бетінің айналу осі көлденең П0 проекция жазықтығына сүйір немесе доғал бұрышпен орналасса, онда мұндай конус П0 жазықтығына қиғаш орналасқан конус болады.

96.Айналу цилиндр беті дегеніміз не?

Цилиндр деп тұрақты бір ось бойымен жəне осы оське тік бұрышпен орналасқан түзу сызықтың айналуынан құралған бетті айтады. Цилиндр бетіде көлденең П0 проекция жазықтығына орналасуына байланысты қиғаш жəне тік орналасқан болып екіге бөлінеді. Табанына байланысты цилиндрлер: эллипсті, параболалы, дөңгелек жəне тағы басқа сол сияқты болып көптеген түрлерге бөлінеді

97.Айналу тік цилиндр беті дегеніміз не?

Егер цилиндр бетінің тұрақты айналу осі көлденең П0 проекция жазықтығына тік бұрышпен орналасса, онда цилиндр П0 жазықтығына тік орналасқан болып табылады.

98.Айналу қиғаш цилиндр беті дегеніміз не?

Егер цилиндр бетінің айналу осі көлденең П0 проекция жазықтығына параллель орналасса, онда мұндай цилиндр П0 жазықтығына қиғаш орналасқан цилиндр болады.

99.Бұрама беттер дегеніміз не?

Құлама беттер көбінде шойын немесе тас жолдардың топырақ қазбалары мен үйінділерінің шекараларын анықтау есебін шешуде қолданылады. Құлама бетін анықтау үшін, алдымен жолдың ені мен көлбеулігі беріледі. Осы екі өлшемдер өзара қиылысып, нүктелер тізбегін құрайды. Табылған нүктелерді, дөңгелекті тік орналасқан конустардың төбесі ретінде қарастырып, ен аралықтары өзара тең концентрлі (шоғырланған) шеңберлерді жүргіземіз. Егер осы жүргізілген концентрлі шеңберлердің аттас шеңберлеріне жанама сызық жүргізсек, онда табылған бет құлама бетті береді (85-сурет). Көлденең П0 проекция жазықтығымен бір бұрышты сақтап, түзу жасалушы өзара жылжуы мен қисық бағытталушы барлық нүктелерінен өтетін бетті біркелкі құлама бет деп атайды.

100.Топографиялық беттер дегеніміз не?

Топографиялық бет деп жер бетінің тау қыртыстарының (төбелер мен жоталардың ең үлкен биік нүктелерінің, шұңқырлар мен ойықтардың ең төменгі нүктелерінің) шекарасын, кей-бір су өтетін немесе өткізетін жер қыртыстарының көлденең П0 проекция жазықтығындағы сандық белгілері бар проекциясын (кескінін) айтады.

101.Топографиялық беттердің горизонтальдары дегеніміз не?

Топографиялық беттің горизонталы деп сол беттің сандық белгілері бірдей болатын нүктелердің жиынтығын айтамыз.

102.Топографиялық беттің жазықтықпен қиылысуын қалай анықтауға болады?

Жазықтық пен топографиялық беттің қиылысу сызығын анықтау есептері құрылыс сызбаларында, құрылыста ғимараттар салу кезінде құрылыс алаңдарын дайындау жəне қазынды мен үйінді жер жұмыстарын анықтауда қолданылады. Мұндай есептерді шешу үшін, мысал ретінде жалпы жағдайда орналасқан көлбеулік масштабы арқылы берілген жазықтық пен топографиялық бетті аламыз.

103.Беттердің жазбалары дегеніміз не?

беттің барлық бетін бір жазықтыққа беттестірген көрінісі.

104.Жазылатын жазбалары дегеніміз не?

Жазылатын беттердің үш қасиеті болады:

-жазылатын беттің бетіндегі кесінді ұзындығы мен жазбадағы кесінді ұзындығы өзара тең;

-жазылатын беттің бетіндегі қиылысып жатқан сызықтардың арасындағы бұрыш пен жазбадағы қиылысып жатқан сызықтардың арасындағы бұрыш өзара тең;

-жазылатын беттің бетінің ауданы мен жазбадағы беттің ауданы өзара тең.

Көпжақты беттердің дұрыс жəне жай көпжақты түрлерінің барлығы жазылатын беттерге жатады. Ал, айналу беттерінің ішіндегі сызықтық беттері жазылатын беттерге жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]