Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INZh_graff.docx
Скачиваний:
182
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
76.92 Кб
Скачать

44. Түзу сызықтың ізі дегеніміз не?

Түзу сызықтың іздері деп жалпы жағдайда орналасқан түзу сызықтың көлденең П0 проекция жазықтығымен қиылысу нүктелерін айтады. Түзу сызықтың П0 проекция жазықтығындағы ізін латынның үлкен М əрпімен белгілейміз. Кеңістікте орналасқан жалпы жағдайдағы түзу сызық пен дербес жағдайдағы түзу сызықтардың (соның ішіндегі проекциялаушы түзулердің)

көлденең П0 проекция жазықтығында іздері болады. Егер жалпы жағдайда орналасқан түзу сызықты бастапқы нүктесінен соңғы нүктесіне қарай өз бағытымен көлденең П0 жазықтығына дейін созып қиылыстырсақ, онда осы көлденең П0 проекция жазықтығындағы түзудің қиылысу нүктесі түзу сызықтың ізі болып табылады

46. Жазықтың көлбеулік масштабы дегеніміз не?

Бөліктерге бөлінген (градуироваланған) көлбеу сызық тың проекциясын көлбеулік масштабы деп айтады.

47. Жалпы жағдайда орналасқан жазықтық проекциясы дегеніміз не?

Егер жазықтық төбелерінің сандық белгілері əр түрлі немесе екеуі тең болып, қалған төбелері осы екеуіне тең болмаса, онда мұндай жазықтық жалпы жағдайда орналасқан жазықтық деп аталады, яғни кеңістікте орналасқан жазықтық көлденең П0 проекция жазықтығына параллель немесе перпендикуляр орналаспайды.

48.Дербес жағдайда орналасқан жазықтық проекциясы дегеніміз не?

Дербес жағдайда орналасқан жазықтық көлденең П0 проекция жазықтығына орналасуына байланысты параллель немесе перпендикуляр болып екіге бөлінеді. Егер жазықтық төбелерінің сандық белгілері бірдей тең болса, онда жазықтық көлденең П0 проекция жазықтығына параллель – дербес жағдайда орналасқан жазықтық болады, яғни кеңістіктегі жазықтық проекция жазықтығына параллель орналасқан. Жазықтық көлденең П0 проекция жазықтығына параллель орналасқандықтан, оның проекция жазықтығындағы

кескіні нақты шамасымен кескінделеді.

49. Жазықтықтың ізі дегеніміз не?

Жазықтықтың ізі деп жазықтықтың көлденең П0 проекция жазықтығымен қиылысу сызығын айтады. Көлденең П0 жазықтығы мен жазықтық жалпы жағдайда немесе дербес (ерекше) жағдайда (оның ішінде перпендикуляр) орналаса ғана қиылысады.

50. Жазықтықтың басты(негізгі) сызығы дегеніміз не?

Жазықтықтың деңгей сызығы деп проекция жазықтығына параллель сызықтарды айтады. Тікбұрышты жазықтықтар жүйесінде үш проекция жазықтығы болғандықтан, кеңістікте орналасқан жалпы жағдайдағы жазықтықтың үш негізгі (деңгей) сызықтары горизонталь, фронталь жəне профиль деңгей сызықтары болады.

51. Позициялық есептер дегеніміз не?

Позициялық (тұрғылықты) есептер дегеніміз - геометриялық фигуралардың сызбалары арқылы олардың кеңістіктегі өзара орналасуын анықтайтын есептер. Позициялық есептерге: нүкте мен түзудің, түзу мен түзудің, нүкте мен жазықтықтың, түзу мен жазықтықтың, жазықтық пен жазықтықтықтың, жазықтық пен беттің, екі беттің өзара орналасу есептері жатады.

52. Нүкте мен түзу сызықтар өзара қалай орналасады?

Кеңістікте нүкте мен түзу сызық əртүрлі жағдайда кездесуі мүмкін. Кеңістікте нүкте түзу сызық бойында немесе түзу сызықтан тыс орналасуы мүмкін.

53. Түзу сызықтар өзара қалай орналасады?

Түзу сызықтар кеңістікте өзара орналасуларына байланысты: параллель, қиылысқан, айқасқан жəне перпендикуляр болып келеді.

Егер кеңістіктегі екі түзу сызықтың көлд енең П0 проекция жазықтығындағы кескіндерінің кескін табандары өзара параллель, ен аралықтары тең жəне сан- дық белгілері бір бағытта өсетін болса, онда мұндай түзу сызықтарды өзара парал лель түзулер дейді.

Егер екі түзудің кескін табандары бір нүктеде қиылысса жəне осы нүктедегі сандық белгілері бірдей болса, ондай түзулер өзара қиылысқан түзулер деп аталады. Егер кеңістіктегі екі түзу кескін табандары қиылысқан болса, бірақ ортақ қиылысу нүктесі болмаса жəне түзулердің ен аралықтары əртүр- лі болса, онда мұндай түзулер өзара айқас түзулер деп аталады. Егер кеңістіктегі орналасқан түзу сы- зықтардың кескін табандары қиылысқан, бірақ түзу сызықтың біреуінің кесінді табаны горизонталь (деңгейлік) түзу болса, ал екінші түзу сызық осы түзу сызыққа (кескін табаны) перпендикуляр орналасса, онда мұндай түзулер өзара перпендикуляр түзулер деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]