Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INZh_graff.docx
Скачиваний:
182
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
76.92 Кб
Скачать

105.Жазылмайтын жазбалары дегеніміз не?

Өмірде, күнделікті жұмыс барысында жəне өндірісте əртүрлі техникалық пішімдерді жасағанда, сол нəрселердің алдын ала жазбалары жасалынады. Кей жағдайларда тегіс бір жазықтық бетінде жазылмайтын денелер немесе геометриялық кеңістік беттері кездесіп қалады. Осындай жағдайларда жуық шамамен беттің жазбасын жазуға тура келеді. Сондықтан өмірде кездесетін беттердің барлығы түгелдей жазылады деген сөз. Осы жазылмайтын беттердің көп тараған түрі сфера болғандықтан, сфераның жуық жазбасына мысал қарастырайық. Көбіне айналу беттерінің жуық жазбалары көмекші конус немесе көмекші цилиндр əдісімен шешіледі. Ал, сфераның жуық жазбасын көмекші цилиндр əдісімен шешу қолайлы. Вертикальді жазықтықтардың көмегімен сфера ортасы арқылы тең он екі бөлікке бөлеміз. Енді əр бөлікті цилиндр ретінде қарап, сфераның үстін сегіз бөлікке бөлеміз. Сфераның ортасын шеңбердің жазбасы тəріздес етіп жазамыз да, бөлінген он екі бөлікті суреттегідей етіп салып қоямыз. Бөліктегі сызылған горизонталь (қызыл) сызықтар жуық шамамен нақты шамасымен жүргізілген сызықтар.

106.Көпжақты беттерінің жазбалары дегеніміз не?

Көпжақты беттер тақырыбында айтып кеткендей, призмалар орналасуларына байланысты тікбұрышты жəне қиғаш (көлбеу) бұрышты болып келеді.

107.Тікбұрышты пирамиданың жазбалары дегеніміз не?

Көпжақты беттер қатарына пирамида кіретінін білесіздер. Олар да призмалар сияқты орналасуларына байланысты тікбұрышты жəне қиғаш (көлбеу) бұрышты болып келеді.

108.Тікбұрышты призма жазбалары дегеніміз не?

Тікбұрышты призманың жазбасын жазу үшін, призманың биіктігін өлшеп алып, параллель сызық жүргіземіз. Призма табандары горизонталь проекция жазықтығына параллель орналасқандықтан, олардың горизонталь проекция жазықтығындағы проекциясы нақты шамасымен кескінделеді. Призма табандарының қырларын өлшеп алып, жүргізілген параллель сызықтарға өлшеп саламыз. Біздің мысалда олар – АС, СВ жəне ВА қырлары. Егер осы табылған қырларды өзара қосып, екі параллель сызықтың екі жағына екі табанын сызатын болсақ, онда біз тік үшжақты призманың жазық бір жазықтықтағы толық жазбасын табамыз.

109.Айналу беттерінің жазбалары дегеніміз не?

Кез келген сызықтың тұрақты бір ось бойымен айналуынан құралған бетті айналу беттері деп айтады. Айналу бет болғандықтан, оның параллелі жəне меридианы болады. Сызықтардың айналу осіне жəне орналасуларына байланысты айналмалы беттер конус, цилиндр, сфера (шар) жəне т.с.с. болып бөлінеді. Енді осы беттердің ішіндегі көп тараған түрі – тікбұрышты дөңгелекті конус пен цилиндр.

110.Айналу конус бетінің жазбасы дегеніміз не? Конустың жазбасын салу үшін, тікбұрышты дөңгелекті конустың толық жазбасына мысал қарастырайық. Кез келген жерден S нүктесін алып, конустың жасалушысы ұзындығы L болатын екі сызықтан тұратын α бұрышты доғал бұрыш тұрғызамыз. Бұл доғал бұрыштан радиусы L болатын шеңбер доғасын жүргіземіз. Осы доғаға жанап, конус табанын сызып қоямыз. Жазық бір жазықтықтағы осындай жолмен сызылған сызбаны тікбұрышты дөңгелекті конустың толық жазбасы дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]