Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INZh_graff.docx
Скачиваний:
182
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
76.92 Кб
Скачать

29. Тікбұрышты диметрия дегеніміз не?

Аксонометриялық проекциялау əдісінің тағы бір түрі – тікбұрышты диметрия. Тікбұрышты диметрия көбінде табаны дөңгелек конусты беттер мен тең табанды алты немесе бес жақты призманы жəне пирамиданың аксонометриялық проекциясын салғанда өте ыңғайлы. Оның себебі, тікбұрышты изометрияда жоғарыда айтылған беттердің айналу осьтері аксонометрия осімен беттесіп, беттердің көріктігі бұрмаланып кетеді. Екі аксонометриялық осьтердегі бұрмалану көрсеткіштері өзара тең, ал үшінші осьтегі бұрмалану көрсеткіші екі есе кіші

30.Тікбұрышты диметриядағы осьтердің арасындағы бұрыштар қанша болады?

х z 97 z y 131 y x 132

31. Қиғаш бұрышты фронталь изометрия дегеніміз не?

Егер сызбада фронталь проекция жазықтығында қисық сызықтар мен шеңберлер көбейіп кеткен болса, онда нəрсенің аксонометриясын салу үшін, қиғашбұрышты фронтальды изометрия мен диметрия пайдаланылады (15 жəне 16-суреттер). Бұл жағдайда аксонометриялық проекциялар кеңістікте орналасқан Ох жəне Oz координаталар жазықтығына параллель орналасады. Ох1 жəне Oz1 аксонометриялық осьтердегі бұрмалану көрсеткіштері 1-ге тең болып, араларындағы бұрыштары 900 градус болады, яғни нəрсенің фронталь проекция жазықтығындағы проекциясы бұрмаланбай, сол күйінде кескінделеді. Ал Oz1 жəне Oу1 аксонометриялық осьтерінің арасындағы бұрыштық шама қиғашбұрышты фронталь изометрия мен диметрия үшін 450 градус болады. Фронталь изометрия үшін бұрмалану көрсеткіші 1-ге тең (15-сурет), ал фронталь диметрия үшін – 0.5-ке тең болады (16-сурет).Қиғашбұрышты фронталь изометрия мен диметрия проек цияларында шең бердің проекциясы фронталь жазық- тығында шеңбер болып, ал горизонталь жəне профиль жазық тықтарында ол эллипс болып кескінделеді. Қиғашбұрыш ты фронталь изометрияда эллипстің үлкен жəне кіші ось тері ромбиктердің диа- гональдарына беттесіп келе ді. Эллипстің үлкен осінің бұрмалану көрсеткіші изометрия үшін 1.22-ге тең болса, диметрия үшін ол 1.06-ға тең. Ал кіші осінің бұрмалану көр сеткіші изометрия үшін 0.54-ке, ал диметрия үшін 0.33-ке тең болады. 15 жəне 16-суреттердегі қоңыр жазықтықтағы эллипс – шеңбердің үстінен қарағандағы горизонталь проекция жазықтығындағы көрінісі. Жасыл жазықтықтағы эллипс – шеңбердің оң жағынан қарағандағы көрінісі. Ал сары жазықтықтағы эллипс – шеңбердің алдынан қарағандағы фронталь проекция жазықтығындағы көрінісі.

32. Қиғаш бұрышты фронталь диметрия дегеніміз не?

Устинде

33. Қиғаш бұрышты горизонталь изометрия дегеніміз не?

Егер сызбада горизонталь проекция жазықтығында қисық сызықтар мен шеңберлер шамадан тыс көбейіп кетсе, онда нəрсенің аксонометриясын салу үшін қиғашбұрышты горизонталь изометрия проекциясын пайдаланады (17-сурет). Бұл жағдайда аксонометриялық проекциялар кеңістікте орналасқан Ох жəне Оу координаталар жазықтығына параллель орналасады. Ох1 жəне Oz1 аксонометриялық осьтеріндегі бұрмалану көрсеткіштері 1-ге тең, ал араларындағы бұрыштары 900 градус болады, яғни нəрсенің горизонталь проекция жазықтығындағы проекциясы бұрмаланбай, сол күйінде кескінделеді. Ал Oz1 жəне Oу1 аксонометриялық осьтерінің арасындағы бұрыш тық шама 1200 градус болады. Кей жағдайда бұлбұрыш1350 немесе 1500градус шамасында беріледі. Қиғашбұрышты гори зонталь изометрия проек цияларында шеңбердің проекциясы горизонталь жазық тығында шеңбер болып, ал фронталь жəне профиль жазықтықтарында эллипс болып кескінделеді. Қиғашбұрышты горизонталь изометрияда эллипстің үлкен жəне кіші осьтері ромбтардың диагональдарына беттесіп келеді. Эллипстіңүлкен осінің бұрмалануөрсеткіші 1.37-ге жəне 1.22-ге тең болса, ал кіші осінің бұрмалану көрсеткіші0.37-ге жəне 0.71-ге тең болады. 17-суреттегі сары жазықтықтағы эллипс – шеңбердің алдынан қарағандағы, ал жасыл жазықтықтағы эллипс - шеңбердің оң жағынан қарағандағы көрінісі. Ал қоңыр жазықтықтағы көрінісі – шеңбердің горизонталь проекция

жазықтығындағы көрінісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]