Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1138
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Електен өткізілген топырақты мұқият араластырып, химиялық талдауға арналған сынама алады. Осыдан кейін сынаманы қартон қорапқа немесе қағаз қапшыққа салып, химиялық талдау үшін сақтайды.

Тәжірибеге арналған топырақты қапқа немесе жәшікке салып, оған жауын тимеу үшін үстін жабады да қалқанның астына орналастырады.

Топырақ дақылдарымен вегетациялық тәжірибені екі типтегі ыдыста жүргізеді.

Егер вегетациялық тәжірибе ашық аландағы тор ішінде жүргізілетін болса онда Митчерлих ыдысын пайдаланады. Бұл эмальданған цилиндрлі, түбі тесілген сыйымдылығы 7 кг ыдыс.

Топырақ құрамынан сумен шайылған қоректік заттар ыдыс түбіне жиналады, оны осы ыдыстың өзіне қайта құйып отырады (24сурет).

24-сурет. Митчерлих ыдыстарында жүргізілген вегетациялық тәжірибе (жүгері).

Топырақ дақылдарына арналған ыдыстың екінші түріне шыны, металл, пластмассадан жасалған сыйымдылығы 1-20 кг ыдыстар жатады (25-сурет).

291

25-сурет. Шыны ыдыстарда жүргізілген топырақ дақылы (қант қызылшасы).

Бұл ыдыстарға қарағанда Митчерлих ыдысында тәжірибе жүргізу ыңғайлы. Себебі ыдысты массасына суарудың қажеттігі болмайды.

Топырақ дақылдарына арналған ыдыс сыйымдылығы өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес және оның тамыр жүйесінің қалыпты өсіп-жетілуін қамтамасыз етуі тиіс. Астық, бұршақ, қарақұмық, қыша үшін ыдыс өлшемінің ең тиімдісі 15х20 және 20х20 см (бірінші цифр ыдыс диаметрін, екіншісі – оның биіктігін көрсетеді). Тамыр жүйесі терең бойлай өсетін өсімдіктер үшін – 15х30 см. Тамыржемістілер, картоп, күнбағыс, жүгері сияқты дақылдар сыйымдылығы үлкен ыдыстарда жақсы өседі (25х30 және 30х30 см). Ыдыстарды әзірлегенде оларды биіктігі мен диаметрі және массасы бойынша таңдап алады. Қатты қызудан қорғау үшін шыны ыдыстарға қағаздан жасалған қаптама кигізеді және суаруға арналған диамтері 1,5 см, ұзындығы ыдыс биіктігінен 2-3 см артық болатын шыны түтік орнатады. Сонан соң салмағы 200-300 г шыны сынығын дренаж ретінде ыдыстың түбіне бір жақ кенересіне 300 жантайтып салады. Суару ыдыстың массасы бойынша жүзеге асырылатындықтан, бұл жұмысты оңайлату үшін дренаждары және түтіктері бар барлық ыдыстардың массасы бірдей

292

болуы тиіс. өлшенген ыдыстағы дренаж үстіне дәке шеңберін қояды. Сонан кейін жуылған ылғал кварц құмынан 300-500 г өлшеп алып, дәке үстіне төгеді. Осыдан кейін қажетті мөлшерде тәжірибеге дайындалған топырақты табаққа салып сызбада көрсетілген тыңайтқышты қосады. Тыңайтқышты топырақпен жақсылап араластырып, ыдысқа біртіндеп салып толтырады. Топырақты ыдысқа салған сайын нығыздап отыру керек. Құрғаған кезде ыдыстың қабырғасынан ажырап кетпеуі үшін оның жиегіндегі топырақты неғұрлым нығыздаған дұрыс. Егер ыдысқа топырақты тығыздап толтырмаса, кейін ол шөгіп, өсімдіктің тамырын үзіп жіберүі мүмкін. Ыдысқа топырақ салғанда, суаруға арналған түтік оның кенересінен 1-1,5 см алшақтықта тұруын қадағалайды. Суаруға ыңғайлы болу үшін ыдысқа топырақты жоғары жиегіне 2-3 см жеткізбей салады. Вегетациялық ыдыстағы судың булануын азайту және топырақтың қабыршақтануын болдырмау мақсатында, сондай-ақ күннің қыздыруын азайту үшін топырақ бетіне 200 грамм шамасында кварц құмын себеді.

Топырақ дақылдарымен жүргізілетін тәжірибелерде негізінен азот, фосфор, калий тыңайтқыштары қолданылады. Егер тәжірибе тыңайтқыштар формасын зерттеуге арналған болса, құрамында ілеспе бөгде иондар өте аз мөлшерде кездесетін химиялық таза тұздарды пайдаланады. Ол үшін 100 мл таза тұз ерітіндісінде 1 г қоректік элемент бар сұйықтықты алады (63-кесте).

63-кесте. Топырақ дақылдары үшін тыңайтқыш ретінде қолданылатын химиялық таза тұздар.

Тұздар

Құрамында 1 грамм қоректік зат болатын тұз

 

 

өлшемі

 

 

N

P2О5

K2О

NH4NO3

2,86

-

-

(NH4)2SO4

4,72

-

-

NH4Cl

3,82

-

-

NаNO3

6,07

-

-

Са(NO3)2·4H2O

8,44

-

-

KNO3

7,22

-

2,15

К2SO4

-

-

1,85

KCl

-

-

1,58

NH4H2PO4

8,21

1,62

-

(NH4)2HPO4

4,72

1,87

-

KH2PO4

-

1,92

2,89

K2HPO4

-

2,46

3,70

293

NаH2PO4·2H2O

-

2,19

-

2HPO4·12H2O

-

5,04

-

Ca(Н2PO4)2·H2O

-

1,78

-

CaНPO4·2H2O

-

2,42

-

Ca3(PO4)2

-

2,19

-

Сондай-ақ тыңайтқыш мөлшерін топырақ массасының шамасына байланысты есептеп қолдануға болады (64-кесте).

64-кесте. Топырақ дақылдарына арналған тыңайтқыштар.

Дақылдар

 

1 кг топыраққа арналған қоректік зат мөлшері, г

 

 

N

 

P2О5

 

K2О

Астық тұқымдастар

 

0,15

 

0,10

 

0,10

 

 

 

 

 

 

Бұршақ тұқымдастар

 

0,10-0,15

 

0,10-0,15

0,10-0,15

Картоп

 

0,12

 

0,20

 

0,28

 

 

 

 

 

 

 

Қант қызылшасы

 

0,15

 

0,22

 

0,22

Мақта

 

0,24

 

0,36

 

0,06-0,09

 

 

 

 

 

 

Темекі

 

0,20-0,30

 

0,10-0,20

0,20-0,30

 

 

 

 

 

 

Қырыққабат

 

0,15-0,20

 

0,20-0,25

0,20-0,25

 

 

 

 

 

 

Қияр

 

0,15-0,20

 

0,15-0,20

0,20-0,25

 

 

 

 

 

 

Асханалық қызылша

 

0,15-0,20

 

0,20-0,25

0,20-0,25

 

 

 

 

 

 

Сәбіз

 

0,15-0,20

 

0,20-0,25

0,20-0,25

 

 

 

 

 

 

Пияз

 

0,10-0,15

 

0,10-0,15

0,15-0,20

 

 

 

 

 

 

Қызанақ

 

0,10-0,15

 

0,15-0,20

0,20-0,30

 

 

 

 

 

 

 

Егер тәжірибенің

сызбасы

бойынша

өсімдіктерді үстеп

қоректендіру керек болса, тұздардың ерітіндісін суару кезінде 2-3 күн бөліп пайдаланады.

Өсімдіктің таза сортты өнген тұқымын егеді. Тұқымды 1%-дық формалинмен дәрілеп жақсылап сумен шаяды да, дымқыл құм салынып, беті сүзгі қағазбен жабылған 20-250С жылы жерде өндіреді.

Өндірілген тұқымды пинцетпен теріп алып, ыдыстағы тереңдігі 0,5-2,0 см тесікке салады да бетін құммен жабады.

Тұқым алғаш рет қаулап шыққан кезде барлық ыдыстарда бірдей мөлшерде өсімдіктер қалдыру үшін олардың артықтарын пинцетпен жұлып тастайды. Ыдыстарға ұзындығы мен жуандығы бірдей тіреу таяқшалар орнатады.

Вегетациялық тәжірибеде өсімдікті күтудегі ең маңызды және ауыр жұмыстардың бірі - ыдыстарды массасы бойынша суару.

294

Топырақты күн сайын дистилденген сумен тәжірибе жоспарында көрсетілген ылғалдылыққа дейін суарады.

Ыдыс массасын былайша есептейді: айталық топырақтың толық ылғал сыйымдылығы 50%, ал өсімдікті толық ылғал сыйымдылықтың 60%-ына дейін суару керек делік. Демек, ыдыстағы топырақ массасына қатынасы мынадай болады:

50 60 = 30%

100

Ыдысқа салынған топырақ ылғалдылығы 15% және оның массасы 2,5 кг. Сонда ыдыстағы абсолютті құрғақ топырақ массасы мынаған тең болады:

2500 100 = 2174г

115

Бұл топырақты 30%-ға дейін ылғалдандыру үшін қажетті су массасы мынадай болады:

2174 30 = 632,2г

100

Сырты қапталған бос ыдыс массасы 1000 г. Құм массасы - 400 г, құмдағы су массасы - 60 г, шыны таяқша мен тіреуш массасы - 40 г. Осылардың барлық жиынтығын қосқанда: 1000+400+60+2174+632,2+40 = 4306 г болады.

Суарған кезде ыдыстың жеткізілуге тиісті массасы қаптамаға жапсырылған кағазға жазылады.

Суару кезінде ыдысты өсімдігімен қоса табақшалы таразыда өлшейді. Ыдыс жапсырма қағазында көрсетілген салмаққа жеткенше түтік арқылы дистилденген су құяды.

Өсімдіктерді күніне бір немесе ыстық күндері екі рет суару керек.

Тәжірибе жүргізілетін дақылдарға қажетті жарықтың жағдайы біркелкі болу үшін оларды суарған сайын орындарын ауыстырып отырады.

Тәжірибе барысында фенологиялық байқау, өсімдіктердің кезеңдерінің басталу мерзімін белгілеу жұмыстарын міндетті түрде

295

атқарып отырған жөн. Қажет болған жағдайда суретке түсіріп алған дұрыс.

Дақылды толық піскенде жинайды да оның негізгі және қосалқы өнімдерінің мөлшерін анықтайды.

6.2.3. ҚҰМ ЖӘНЕ СУ ДАҚЫЛДАРЫ

Топырақ құрамының өте күрделі болуы өсімдіктің тамыр арқылы қоректену мәселесін жан-жақты зерттеуді шектейді. Сондықтан өсімдік қоректенуін қатаң бақылау жағдайында зерттеу үшін таза кварц құмы мен дистилденген суды пайдаланған дұрыс.

Құм және су дақылдары әдістемесі негізінен физиологиялық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады.

Бұл вегетациялық тәжірибелерді жеке химиялық элементтердің рөлін, өсімдіктің өсу кезеңінде қоректік заттардың жетіспеушілігін, физиологиялық және биохимиялық үрдістердің өзгеруін, антагонизм мен синергизм құбылыстарын, тамыр жүйесі мен қоректік ерітінді арасындағы иондардың алмасуын, қоректік элементтерді сіңіру энергиясын анықтау мақсатында қолданады.

Ол үшін әртүрлі қоректік қоспаларды пайдаланады.

Қоспалар бір-бірінен қоректік элементтердің санына, тұздардың түріне, реакциясына және концентрациясына қарай ажыратылады.

Тәжірибеге арналған құмды органикалық заттардан (өсімдік тамыры, сабағы т.б.) тазартады да, диаметрі 0,5-0,7 мм електен өткізеді.

Вегетациялық ыдыстарды дайындау, оларды субстратпен (құм) толтыру, тұқымды себу жұмыстары топырақ дақылдарына ұқсас жүргізіледі.

Суда еріген минералды тұздардың жасанды қоспасында өсірілетін өсімдіктерді су дақылдары деп атайды.

Вегетациялық тәжірибені шыны ыдыстарда (банка) жүргізеді және 59-кестеде көрсетілген қоректік қоспаларды пайдаланады.

Тәжірибе мақсаты мен өсімдік түріне байланысты сыйымдылығы 1-6 литрлік шыны ыдыс алып, жұқа ағаш тақтайдан қақпақ дайындайды.

Қақпақта үш тесік болады:

• бірінші - қақпақтың ортасында, өсімдік үшін;

296

екіншіауа үрлеуге пайдаланатын шыны түтікшеге арналған;

үшінші - өсімдікті байлайтын ағаш таяқшаға арналған тесік. Тығындарға парафин жағады.

Бұдан соң шыны ыдыс сыртына біркелкі етіп қара лак, ол

кепкен соң оның үстіне ақ эмаль бояуын жағады.

Ақ түс күн сәулесін шағылыстыру үшін қажет. Содан кейін тәжірибеге қажетті өсімдік өскінін немесе көшетін өсіруге кіріседі. Ол үшін өлшемдері бірдей, ауруға шалдықпаған әрі толық жетілген тұқым іріктеп алынады (26, 27-суреттер).

Тұқымды мынадай әдіспен өсіреді: дымқылданған сүзгі қағаз салынған Петри табақшасына тұқымды өндіріп алады.

Өнген тұқымды сыйымдылығы 1-1,5литрлік түбінде ерітілген парафинге батырып алынған дәкесі бар кристалдандырғышқа ауыстырады.

Тұқымның өнуіне қолайлы температура жасалады, ол үшін ішінде бөрткен тұқым салынған кристалдандырғышты жылы орынға (термостатқа) қояды.

Өсімдік кристалдандырғышта 1,5-2 апта өседі. Осы уақыт ішінде өсімдік тамыры вегетациялық ыдысқа отырғызуға жеткілікті ұзындыққа жетеді (1-1,5 см).

26-сурет. Су дақылдары: қызанақпен жүргізілген

297

вегетациялық тәжірибе.

27-сурет. Суда өсірілген дақылдарды бекіту әдістері:

1 – көшетті отырғызу кезінде; 2 – тамырланған кезінде; 3 – парафинденген ағаш қапқаша; 4 – сүзгі қағаздан жасалған орама.

Өнген тұқымды ыдыстың дәке қақпағының тесігіне астыңғы жағынан орналастырады. Содан кейін ыдысқа дистилденген су құяды. Мұнда тамыршалардың үзіліп қалмауын және ұштары судың бетіне жетіп тұруын қадағалау керек. 2-3 күн өткеннен кейін ыдыстағы суды қоректік қоспамен алмастырады. Сулы дақылдар өсімдігіне күтім жасағанда, оның тамырына қажетті қоректік элементтерді оттекпен байыту үшін күн сайын 5-10 минут үрлеп отырады. Ауа үрлеуді былайша атқарады. Ыдыстың тығынының тесігі арқылы оның түбіне дейін шыны түтік батырып, бүріккішпен ауа айдайды. Ыдыстағы қоректік қоспа бүланып азайған сайын тиісті деңгейге жеткенше дистилденген су құйып отырады. Вегетациялық кезең ішінде қоректік қоспаны 3-4 рет толық ауыстырады. Кейбір өсімдіктер үшін қоспаларды жиі ауыстырудың мүмкіндігі болмаған жағдайларда Прянишников, Цинцадзе қоспаларын пайдалануға болады.бұл қоспалардың буфер тұздары Ca3(PO4)2, Fe3(РO4)2 орта реакциясының ұзақ уақыт бірқалыпты деңгейде сақталуына мүмкіндік береді.

298

6.2.4 ӨСІМДІКТІ АҒАТЫН ЕРІТІНДІДЕ ӨСІРУ ӘДІСІ

Топырақ дақылдарымен салыстырғанда құм және су дақылдарының қоректік қоспаларының концентрациясын бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға болады. Бірақ, өсімдіктің қоректік элементтерді пайдалану барысында осындай жағдайлардың өзінде де субстраттың концентрациясы мен реакциясы өзгереді. Сондықтан тәжірибе бағдарламасына сәйкес ұзақ уақыт қоректік заттардың тұрақты концентрациясы мен реакциясының немесе олардың арақатынасының өсімдікке әсерін зерттеу қажет болса, ағатын ерітінді әдісін қолдану керек. Кезінде бұл әдісті Д.Н.Прянишников зертханасында өсімдіктің аммоний және нитрат иондарын қабылдауда орта реакциясының әсерін анықтау үшін пайдаланған. Ағынды ерітінді әдісімен орындалатың тәжірибе сызбасы 28 - суретте көрсетілген.

28-сурет. Өсімдікті ағатын ерітіндіде өсіру әдісі (сызба).

Сыйымдылығы 16-20 литрлік шыны ыдыстан құм толтырылған түбі тесік екі ыдысқа түтік (сифон) арқылы қоректік ерітінді үздіксіз құйылып тұрады. Ерітінді жылдамдығын реттеу арқылы концентрациясы мен реакциясы тұрақты құмдағы қоспаны толық жаңартуға болады. Құм салынған ыдыстағы ерітіндіні қысқыш бекітілген түтікпен өсімдігі бар ыдысқа тамшылатып

299

қояды. Субстрат ретінде Гельригель немесе Кноптың концентрациясы әлсіз қоректік қоспаларын пайдалану ұсынылады.

6.2.5 ДАҚЫЛДЫ ОҚШАУЛАНДЫРЫП ҚОРЕКТЕНДІРУ ӘДІСІ

П.Р.Селезкин ұсынған және Д.Н.Прянишников зартханасында И.С.Шулов жетілдірген оқшауландырып қоректендіру әдісін екі немесе бірнеше қоректік тұздардың өзара әрекеттесуін және олардың әрекеттесуінің өсімдіктің өсіп дамуына тигізетін әсерін зерттеу үшін қолданады. Мысалы, қоректік қоспадан калий тұзын оқшаулап, оның өсімдікпен әрекеттесу ерекшілігі мен физиологиялық реакциясын анықтауға болады. Оқшауландырып қоректендіру өсімдікті бір уақытта екі қоректік субстратта өсіруге негізделген. Ол үшін диаметрі кіші ыдысты көлемі үлкен ыдыстың ішіне орналастырады да оларға тиісті қоректік қоспаларды құяды. Сонан соң өсімдік көшетінің тамырының бір бұрымын ішкі, екінші бұрымын сыртқы ыдыстағы қоректік қоспалармен қоректенетіндей етіп орналастырады (29-сурет).

29-сурет. Өсімдікті оқшауландырып қоректендіру әдісі (сызба).

300