Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Жартылай шіріген көңнің төсеніші (сабан) берік емес және түсі күңгірт-қоңыр‚ ал суының сүзіндісі қою‚ қара болып келеді. Мұндай көңнің массасы жас көңмен салыстырғанда 20-30% азаяды.

Толық шіріген көң жабысқақ қара түсті масса. Оның суының сүзіндісі түссіз болады. Массасы жас көңнің массасынан 50% аз болады.

Шірінді органикалық затқа бай топырақ түстес‚ біртектес масса. Массасы жас көң массасынан 75% аз болады.

Ауыл шаруашылығында топырақ-климат жағдайларына қарай, толық немесе жартылай шіріген көңді пайдалану керек. Мұнда оңтүстік-шығыс аудандардың суарылмайтын қуаңшылық аймақтарында топырақты одан әрі құрғап кетуден сақтау үшін көктемде толық шіріген‚ ал ылғал жеткілікті аудандарда жартылай шіріген көң пайдалану ұсынылады. Жауын-шашыны мол аудандарда, вегетациялық кезеңі ұзақ дақылдарға күзде сүдігер жыртар алдында жас көңді қолдануға болады.

Төсенішті көңді сақтаудың бірнеше әдістері ұсынылады: Көңді малдың астында сақтау үшін, мал алаңдарға қалыңдығы 3050 см сабан төсейді. Малдардың астындағы төсеніш олардың денесінен бөлінетін қатты және сұйық экскременттермен бірқалыпты араласады әрі тапталады. Беткі қабаты өте дымқылданған жағдайда тағы да аздап сабан шашып тастайды. Көңді мал астында сақтағанда арнаулы қойма салудың қажеті жоқ. Сабанды уақтылы және мол пайдаланса, бүкіл көң садырасы көңде жиналады және аммиакты азоттың ысырап болуы байқалмайды. Тығыздалған күйінде сақтау үшін арнаулы көң қоймаларына жинайды. Мұнда көңді ені 5-6 м, қалыңдығы 1м, ал ұзындығы жиналу мүмкіншілігіне қарай үйеді де, дереу таптайды. Мұның үстіне келесі қабатты салып, оны да тығыздайды. Тығыздалған үйменің биіктігі 2‚5-3 метрге жеткенде үстін сабанмен жауып қояды. Көң анаэробты жағдайда ыдырайды және ылғал бірқалыпты сақталады. Көңді бұл әдіспен сақтағанда оның температурасы қыста 20-250С‚ ал жазда 30-350С жоғары көтерілмейді. Көң массасының арасындағы барлық қуыстар көмірқышқыл газымен‚ судың буымен қаныққандықтан көмірқышқыл аммоний аммиакқа‚ көмірқышқыл газына және суға дейін ыдырамайды. Басқа әдістерге қарағанда көңді тығыздап сақтау, органикалық заттар мен азоттың ысырап болуын анағұрлым азайтады. Жас көңді тығыздап сақтағанда ол 3-4 айда

211

жартылай шіріген‚ 7-8 айда толық шіріген күйге ауысады. Қопсытып-тығыздап сақтау үшін, мал қорасынан шыққан жас көңді қоймаға (апан) қалыңдығы бір метр етіп үйеді. Тығыздалмаған үйме температурасы 60-700С (3-5 күн) жеткенде таптайды. Тығыздалған үймеге келесі жас көңді төгеді‚ оны да 3-5 күннен кейін таптайды. Мұндай тәсілді үйме биіктігі 2-3 метрге жеткенше жүргізеді. Бұл әдіспен көңді сақтағанда микробиологиялық процесс бастапқы кезде (3-5 күн) аэробты жағдайда өтеді. Органикалық заттар мен азоттың шамалы бөлігі ысырап болады. Екінші сатысында (тығыздағаннан кейін) көң массасының температурасы 30-350С дейін төмендейді және ыдырау процесі анаэробты жағдайда жүреді.

Көңді қопсытып-тығыздап сақтағанда, ол анағұрлым жылдам ыдырайды. Бұл әдіспен 1‚5-2 айда жартылай‚ ал 4-5 айда толық шіріген көң алуға болады. Көңдегі температураның жоғары көтерілуі түрлі ауру тудырғыш бактериялардың дамуына бөгет жасайды. Көңді қопсытылған күйінде сақтағанда үймені тығыздалмаған күйінде қалдырады. Бұл жағдайда көң аэробты жағдайда ыдырайды. Ақырында органикалық заттардың‚ азоттың және көң садырасының көп мөлшерде ысырап болуына әкеп соғады (46-кесте).

46-кесте. Көңді сақтау әдісіне қарай 4 ай ішінде органикалық заттың‚

азоттың

және көң садырасының ысырапқа ұшырауы‚ %.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сақтау әдісі

 

Төсенішке сабанды

Төсенішке шымтезекті

 

пайдаланғанда ысырап болды

пайдаланғанда ысырап болды

 

Органикалық

Азот

Көң

Органикалық

Азот

Көң

 

 

заттар

 

садырасы

заттар

 

садырасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Тығыздалған

 

12‚2

10‚7

1‚9

7‚0

1‚0

0‚6

 

 

 

 

 

 

 

 

Қопсытып-

 

24‚6

21‚6

5‚1

32‚9

17‚0

3‚4

тығыздалған

 

 

 

 

 

 

 

Қопсытылған

 

32‚6

31‚4

10‚5

40‚0

25‚3

4‚3

Төсенішті көң сақтау мәселесіне жете көңіл бөлмейді. Көңді сиыр қораның‚ шошқа қораларының‚ жылқы қорасының төңірегіне қалай болса‚ солай үйе салады‚ осының салдарынан оның қоректік заттары текке ысырап болады.

Төсенішті көңді сақтау үшін мал фермасына жақын жерден апан қазады немесе жер бетінен көң сақтайтын қойма жасайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандары үшін көңді

212

апанда сақтаудың маңызы үлкен. Өйткені жер бетіне үйілген көң бұл аймақтарда тез кеуіп кетеді.

Көң сақтауға арналған апанды ыза суы терең жатқан жерде жасайды. Оның су өтпейтін цементтелген немесе асфальтталған табаны мен қабырғасы болады. Көң қоймасы мал қораларынан кемінде 50 метр‚ елді мекеннен 500-1000м қашықтықта‚ жауыншашын мен қар суы жиналмайтын жерлерге салынады. Ыза суы жер бетіне жақын болса көң сақтайтын қойманың бүйірінен су өтпеу үшін айналасына биіктігі 0‚5 метр етіп цемент немесе асфальт құяды. Апан шұңқырдың сыртынан қалыңдығы 10 санитиметрдей топырақ бастырып қояды. Ол көңдегі азот қосылыстарының әсіресе аммиактың ұшып кетуіне кедергі жасайды. Көң шіри бастағанда көп іркілетін көң садырасын жинау үшін, қойманың ұзын бойына құдық жасалады. Көң қоймасының табаны садыра құдығы жаққа қарай еңкіштеу болу керек. Қойманың сыртынан іркілген су ылдиға ағып кету үшін‚ айнала арық қазып қояды. Көң қоймасының ішіне кіріп-шығу үшін оның көлденең (қысқа) екі жағының ернеулерін кесіп жол салады.

Көң қоймасының үлкендігі мал санына‚ жиналатын көң мөлшеріне байланысты анықталады. Жылына бір рет тасып әкетілетін болса және тығыздалған үйме биіктігі 1‚5-2 метрден аспаса әрбір ірі қара мал үшін 5 шаршы метр‚ екі жасқа дейінгі ірі қара төлі үшін 3‚ шошқа үшін 1‚5‚ қой мен ешкі үшін 0‚5‚ жылқы үшін 4 шаршы метр болуы керек.

Көктем мен жазда дала жұмыстарының көптігінен көлік құралдары жетіспеуі мүмкін. Сондықтан қоймадағы жартылай шіріген немесе мал қораларындағы жас көңді тікелей егістікке қыста тасу жұмыстарын ұйымдастырады. Ол үшін егістікте алаңды қардан тазартады‚ оған қалыңдығы 20-25 см сабан төсейді. Оның үстіне ені 3-4 м‚ биіктігі 2-2‚5 м етіп көңді үйеді. Үйінді үстіне қалыңдығы 15-25 см сабан жабады.

Көңді егістікте қатарлап орналастырған дұрыс. Мұнда қатарлардың бір-бірінен қашықтығын мына формуламен анықтайды:

Р =

10000 Г

;

 

1

Д Ш

 

 

 

213

мұнда‚ Р1 - қатар аралық қашықтығы‚ м;

Г- көң шашқыштың жүк көтерімділігі, т;

Д- бір гектар егістікке арналған көң мөлшері‚ т; Ш - көң шашқыштың ауқым ені‚ м.

Ал, көң үйінділерінің бір-бірінен қашықтығы үйіндінің массасына‚ көң шашқыштың жүк көтерімділігіне және көң шашқыштың ауқымына байланысты болады.

Р2 = В Ш ;

Г

мұнда‚ Р2 - үйіндінің бір-бірінен қашықтығы‚ м;

В - үйіндінің массасы‚ т;

Ш- көң шашқыштың ауқымы‚ м;

Г- көң шашқыштың жүк көтерімділігі‚ т. Шаруашылықта жинақталған көң құрамындағы қоректік

заттардың ысырап болуын азайту үшін төсенішті молырақ төсеу ұсынылады. Сол сияқты тығыздалған күйінде сақтау‚ көң садырасын жинайтын құдықтар жасау және көңге түрлі фосфор тыңайтқыштарын қосып қорда дайындау, құрамындағы заттардың ысырап болуына кедергі жасайды.

5.2.4. ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ТӨСЕНІШТІ КӨҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

Тыңайтқыш қолдану жоспарын дайындау үшін шаруашылықтағы көңнің қорын білу керек. Арнайы көң қоймаларындағы көң мөлшерін анықтау үшін жиналған үйіндінің енін‚ ұзындығын және биіктігін өлшейді. Осы мәліметтерді бірбіріне көбейтіп үйіндінің көлемін табады. Бұл санды 1 м3 тыңайтқыш массасына көбейтеді. Шамамен алғанда 1 м3 тығыздалмаған жас көң массасы 0‚3-0‚4 т‚ тығыздалғаны -0‚7‚ жартылай шірігені - 0‚8‚ толық шірігені 0‚9 т болады.

Жинақталған көңнің нақты мөлшерін анықтаумен қатар оның жоспарлы шамасын алдын-ала есептеудің маңызы зор. Оны мына формуламен (Вольф әдісі) есептейді:

214

Н= К + П 4;

2

мұнда‚ Н - жас көң массасы‚ т;

К - азық құрамындағы құрғақ зат массасы‚ т; П - төсеніш құрамындағы құрғақ зат массасы‚ т;

47-кесте мәліметтерін пайдалана отырып, қолда ұстау мерзімінде шаруашылықта жиналатын көң мөлшерін мына формуламен есептеуге болады:

 

В

 

=

В Дс Сс

;

 

с

 

 

 

1000

 

 

 

 

 

мұнда‚

 

 

 

 

 

Вс

- бір бас малдан бір тәулікте алынатын көң мөлшері‚

Дс

- қолда ұстау мерзімі‚ күн;

Сс

- мал басының саны;

1000 - килограмды тоннаға ауыстыру коэффициенті.

47-кесте. Бір бас малдан бір тәулікте алынатын жас көң мөлшері‚ кг.

Төсеніш

Iрі қара

Жылқы

Шошқа

Қой

мөлшері‚ кг

 

 

 

 

0

25

17

1‚7

2

1

28

21

4‚7

4

2

32

24

8‚0

5

3

37

25

9‚0

-

4

39

26

-

-

5

42

27

-

-

6

44

28

-

-

Жас төсенішті көң мөлшерін шартты мал басының саны бойынша да есептеп шығаруға болады. Шаруашылықтағы шартты мал басының санын анықтағанда ірі қара үшін 0‚77-0‚99‚ шошқа үшін 0‚25-0‚49‚ қой үшін 0‚12-0‚16‚ жылқы үшін 0‚75-0‚82 коэффициенттерін қолданады.

Жас көңнің жоспарлы мөлшері белгілі болған соң оны 0‚75 коэффициентіне көбейтіп жартылай шіріген‚ 0‚5 коэффициентіне

215

көбейту арқылы толық шіріген‚ ал 0‚25 коэффициентіне көбейтіп шірінді массасын анықтауға болады.

5.2.5. ТӨСЕНІШТІ КӨҢДІ САҚТАҒАНДА БОЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР

Көңді сақтау кезінде қатты экскременттер мен төсеніш микроорганизмдердің қатысында қарапайым минералдық қосылыстарға дейін ыдырайды және екінші қайтара синтезделу процесі жүреді. Мысалы‚ аммиакты азот микроорганизмдер денесіндегі ақуыздың құрамына енеді. Аммиакты азоттың біраз бөлігі амидті түрге өзгереді. Көбінесе аммиакты азот көң құрамындағы сұйық экскремент ыдырағанда ұшып кетеді. Мал зәрі көңнің басқа бөліктеріне қарағанда тезірек әрі бұрынырақ ыдырайды.

Сұйық экскременттер құрамында азот мочевина СO(NH2)2, гиппур қышқылы C6H5CONHCH2COOH және зәр қышқылы түрінде кездеседі. Мочевина уробактерлер денесінен бөлінетін уреаза ферментінің қатысында көмірқышқыл аммонийға өзгереді:

СO(NH2)2 + 2H2O = (NH4)2CO3

Көмірқышқыл аммоний тұрақсыз қосылыс болғандықтан аммиакқа‚ көмірқышқыл газына және суға дейін ыдырайды:

(NH4)2CO3 2 NH3 + CO2 + H2O

Гиппур қышқылы ең алдымен бензой және аминді сірке қышқылдарына ыдырайды:

C6H5CONHCH2COOH+ H2OC6H5COОН+СН22СООН

Пайда болған аминді сірке қышқылы одан әрі сірке немесе оксисірке қышқылына және аммиакқа өзгереді:

СН22СООН+ H2OСН2ОНСООН+NH3

Зәр қышқылының ыдырауынан мочевина‚ сонан соң көмірқышқыл аммоний пайда болады:

216

C6Н4N4O3+ O2+ H2= C4Н6N4O3+CO2;

C4Н6N4O3+ 2H2O=2CO(NH2)2+HCOCOOH;

CO(NH2)2+2 H2O=(NH4)2CO3;

(NH4)2CO3= 2NH3+ CO2+ H2O.

Сонымен сұйық экскременттер құрамындағы барлық азотты қосылыстар бос амииакқа дейін ыдырайды.

Сол сияқты төсенішті көң ыдырағанда сіңіру сыйымдылығы жоғары органикалық қышқылдар мен шірінді заттар түзіледі. Бұл қосылыстар аммиакты сіңіріп, оны ұшып кетуден сақтайды.

Бос аммиак түзілуді тежейтін басты факторға көң ыдырауынан пайда болған көмірқышқыл газы да жатады.

Көңнің құрамындағы төсеніш пен қатты экскременттердің азотсыз органикалық заттарын, ыдырау дәрежесіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа қант‚ крахмал‚ пектин‚ пентозандар‚ органикалық қышқылдар сияқты жеңіл ыдырайтын қосылыстар жатады.

Екінші топқа клетчатка‚ тағы басқа баяу ыдырайтын органикалық заттар кіреді. Көңнің ыдырауының жылдамдығы оның құрамындағы осы екі топқа жататын азотсыз органикалық заттардың арақатынасына байланысты болады. Егер көңде бірінші топтың органикалық заттары көп болса‚ ол жылдам ыдырайды.

Азотсыз органикалық заттар аэробты бактериялардың әсерінен көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырайды:

(C6Н10O5)n + n6O2 n ( 6CO2 + 5H2O)

Анаэробты микроорганизмдердің қатысында азотсыз органикалық заттар ыдырауынан метанмен көмірқышқыл газы түзіледі:

(C6Н10O5) n + n H2O n(3СH4 + 3СO2)

Көң ыдырағанда пайда болған метан‚ көмірқышқыл газы‚ су буы оның массасының, органикалық заттар мен аммиактың

217

мөлшерінің төмендеуіне және керісінше‚ жалпы және ақуызды азоттың‚ фосфордың‚ калийдің көбеюіне әсер етеді (48-кесте).

48-кесте. Көңнің ыдырау дәрежесінің оның құрамына әсері‚%.

Көң құрамына

Жас көңдегі

2 ай сақталған

4 ай сақталған

5-8 ай сақталған

енетін заттар

мөлшері

көңдегі

көңдегі

көңдегі

 

 

мөлшері

мөлшері

мөлшері

Су

72‚0

75‚5

74,0

68,0

Органикалық

24‚5

19‚5

18,0

17,5

заттар

 

 

 

 

Жалпы азот

0‚52

0‚60

0,60

0,73

Ақуызды азот

0‚33

0,45

0,54

0,68

Аммиакты азот

0‚15

0,12

0,10

0,05

Фосфор

0‚31

0.38

0,43

0,48

Калий

0‚60

0,64

0,72

0,84

Жас және жартылай шіріген көң құрамында нитратты азот болмайды. Оған себеп көң аэробты жағдайда шірігенде жоғары температураның (60-700С) әсерінен нитрат түзуші бактериялар тіршілігін тоқтатады. Шірінді құрамында нитратты азот өте аз мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ нитрат түзуші бактериялардың дамуына көңде аммиак пен суда еритін органикалық заттардың концентрациясының жоғарлауы да теріс әсер етеді.

5.2.6. ТӨСЕНІШТІ КӨҢДІ ҚОЛДАНУ

Төсенішті көңді тиімді қолданудың негізгі әдісі - оны топырақты жыртқанда ылғалды қабатына еңгізу. Бір гектарға арналған көң мөлшері оның ыдырау дәрежесіне‚ тыңайтқыш қолданатын дақыл ерекшелігіне‚ топырақ және климат жағдайларына байланысты 20 тоннадан 50 тонна аралығында болады. Сүрлемдік‚ көкөніс‚ картоп‚ отамалы дақылдар мен тамыржемістілерге, масақты астық дақылдарына қарағанда көңді мол қолданады.

Гумус пен қоректік заттардың жылжымалы түрлері аз топырақтарға көң қолдану қажет.

Нашар топырақтың құнарлылығын тезірек көтеру мақсатында әрі мүмкіндігінше мол өнім жинау үшін көңнің жоғары мөлшерін қолданған тиімді. Ауыспалы егісте көң берілетін танапты жеке дақылдардың биологиялық ерекшеліктері мен олардың

218

экономикалық маңызын ескере отырып белгілейді. Далалық ауыспалы егісте көңді күздік немесе отамалы дақылдарға берген пайдалы. Көң топырақ ерітіндісіндегі тұздардың жоғары концентрациясына төзбейтін және вегетациялық кезеңі ұзақ дақылдар үшін бағалы тыңайтқыш болып саналады. Мысалы‚ көкөніс ауыспалы егісте, көң қияр дақылы орналасқан танапқа берілуі тиіс. Вегетациялық кезеңі қысқы дақылдарға (капуста мен картоптың ерте пісетін сорттары т.б.) толық шіріген‚ ал кеш жиналатын (қант қызылшасы т.б.) және күздік дәнді дақылдарға жартылай шіріген көң қолдану керек.

Шаруашылықта көңді топыраққа еңгізу тереңдігіне көңіл бөлген жөн. Мұнда, көңді құрғақшылық аймақтарда және құм‚ құмайт топырақтарға 20-22 см‚ ал ылғал мөлшері жеткілікті және саз‚ сазды топырақтарға 12-14 см тереңдікке еңгізеді.

Көңнің‚ әсіресе оның жоғары мөлшерінің тура әсері күшті және кейінгі әсері ұзақ болады. Дегенмен көңнің кейінгі әсерін топырақ-климат жағдайлары айқындайды. Мысалы‚ көңнің кейінгі әсері солтүстік аудандарда 7-8 жылға‚ оңтүстікке 2-3 жылға созылады.

5.2.7. ТӨСЕНІШСІЗ КӨҢ

Малдың қатты және сұйық экскременттерінің сумен әртүрлі дәрежеде араласқан қоспасын төсенішсіз көң дейді. Төсенішсіз көңнің үш түрі болады: жартылай сұйық (ылғалдылығы 90 пайызға дейін)‚ сұйық (ылғалдылығы 90-93 пайыз) және шайынды су (ылғалдылығы 93 пайыздан жоғары).

Олардың құрамындағы жалпы азоттың 50-70 пайызы аммиакты‚ 3-8 пайызы нитратты‚ 25-45 пайызы органикалық азоттан тұрады. Аммиакты азот бос аммиак‚ мочевина және аммоний карбонаты күйінде болады. Біраз күннен соң мочевинаның 90 пайызы аммиак пен көмір қышқылына өзгереді (48‚49,50-кестелер).

49-кесте.Аралас төсенішсіз көңнің химиялық құрамы‚%.

Көрсеткіштер

Iрі қараның

Шошқаның

 

төсенішсіз көңі

төсенішсіз көңі

 

 

 

Су

88,5-92,0

90,0-92,0

Құрғақ зат

8,0-11,5

8,0-10,0

 

 

 

Органикалық зат

6,0-8,6

3,9-5,0

 

 

 

219

Жалпы азот

0,28-0,40

0,38-0,47

 

 

 

Аммиакты азот

0,17-0,25

0,26-0,33

Фосфор (P2O5)

0,14-0,20

0,19-0,24

Калий (K2O)

0,32-0,45

0,18-0,23

Кальций (CaO)

0,10-0,15

0,15-0,19

 

 

 

Магний (MgO)

0,07-0,10

0,08-0,10

Натрий (Na2O)

0,08-0,12

0,08-0,10

50-кесте.Төсенішсіз көңнің қатты және сұйық бөліктерінің химиялық құрамы‚%.

Көрсеткіштер

Iрі қара көңі

Шошқа көңі

 

Қатты бөлігі

Сұйық бөлігі

Қатты бөлігі

Сұйық бөлігі

Су

78,7

96,7

71,0

95,3

Құрғақ зат

21,3

3,3

29,0

4,7

Органикалық зат

14,2

2,4

19,0

3,2

рН

8,5

7,7

8,5

7,5

Жалпы азот

0,35

0,24

0,78

0,50

Фосфор

0,14

0,03

0,46

0,06

Калий

0,23

0,24

0,28

0,32

Кальций

0,57

0,14

0,77

0,18

Магний

0,11

0,04

0,29

0,02

Төсенішсіз көңді жіктегенде азоттың 80‚ фосфордың 70‚ калийдің 90 пайызы оның сұйық фракциясына ауысады.

Бұл көңде фосфор негізінен органикалық (фосфатидтер‚ нуклеопротеидтер)‚ калий суда еритін минералдық қосылыстар түрінде болады және оларды өсімдік жақсы сіңіреді. Өсімдіктер төсенішсіз көңнен қолданған жылы азоттың 40‚ фосфордың 40-50‚ калийдің 70-90 пайызын пайдаланады. Топыраққа еңгізілген төсенішсіз көң құрамындағы органикалық заттар жылдам ыдырайды. Төсенішсіз көңнің дайындалған көлемін мына формулалар көмегімен анықтайды:

Жартылай сұйық көң‚ м3 = (ки + зэр) Д С ;

1000

Сұйық көң‚ м3 = (ки + зэр + су) Д С ;

1000

мұнда‚ Д - малдың қолға қарау мерзімі‚ күн;

С - мал саны; 1000 - м3 ауыстыратын сан.

220